Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 ақпандағы N 65 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгінiң "Селденқорғау құрылыс" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны "Астана қаласын Есiл өзенiнiң тасқын суы басуынан қорғау" объектiсiн салуды жүзеге асыру бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды берушi және қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 003 "Төтенше жағдайлардан қорғау объектiлерiн салу мен қайта жаңарту" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде 819900000 (сегiз жүз он тоғыз миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасында тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады