Соттардың мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.


      Құрметті пайдаланушы!

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – ӘРПК) қолданысқа енгізілді.

      ӘРПК-нің 175-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін іс жүргізуге қабылданған соттардағы істерді қарастыруы ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

      Осылайша, егер азамат немесе заңды тұлға 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы сотқа жүгінсе, онда бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар мұндай өтініштерді Азаматтық процестік Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен қарайтын болады.

      ӘРПК енгізілуіне байланысты, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын өзектендіруі әкімшілік істер бойынша сот практикасының қорытындылауына қарай жүргізілетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз