"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерде мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берілетiн 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2006 жылғы 27 ақпандағы
N 130 қаулысымен
бекiтiлген
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды
субсидиялауға берiлетiн 2006 жылға арналған қаражатты
пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мал шаруашылығының өнiмдiлігi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бройлерлер етiн отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 107 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiне мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде бройлерлiк құс фабрикаларына қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялар) жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялар еттi бағыттағы құсты азықтандыруда құрама азықтың құнын iшiнара арзандатуға, бройлерлер етiн өндiрудi және сатуды ынталандыруға, бройлерлiк құс шаруашылығының өнiмдiлiгiн, өнiмiнiң сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлігін арттыруға және iшкi нарықтағы құс етiнiң бағасын төмендетуге арналады. Бройлерлiк құс фабрикаларына құрама азықтарды арзандатуға арнап субсидиялар төлеу олар өз өндiруiндегі сатылған құс етінiң сойыс салмағындағы iс жүзiндегi көлемi арқылы жүргiзiледi.
3. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген субсидиялар тиiстi облыстың әкiмi бекiтетiн мамандандырылған бройлерлiк құс шаруашылығы кәсiпорындарының (бұдан әрi - бройлерлiк құс фабрикалары) тiзiмiне енгiзiлген отандық бройлерлiк құс фабрикаларына төленедi.
4. Еттi бағыттағы құсты азықтандыруға пайдаланылатын құрама азықтардың 1 кг-ның құнын арзандату, құс етiнiң 1 кг-ын өндiруге жұмсалатын құрама азықтар шығысының, өз өндiруiндегi сатылған сойыс салмағындағы 1 кг құс етiне субсидиялардың нормативтерi Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
2. Бройлерлік құс шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң
сапасын арттыруға берiлетiн субсидияларды пайдалану тәртiбi
5. Облыс әкiмiнiң шешiмімен құрамында ауыл шаруашылығы департаментiнiң, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi аумақтық басқармасының және облыстық статистика басқармасының мамандары бар комиссия (бұдан әрi - облыс комиссиясы) құрылады, оның құзыретiне бройлерлiк құс фабрикаларының құс етiн өндiруге, сатуға және субсидиялар алуға өтiнiмдерiн қарау, субсидия алушыларды, олар өз өндiруiндегі сатылған құс етi үшiн субсидиялар көлемiн белгiлеу, сондай-ақ субсидиялар алуға арналып ұсынылған барлық құжаттардың дұрыстығын тексеру кiредi.
6. Облыстың бройлерлiк құс фабрикалары сойыс салмағындағы құс етiн өндiруге, сатуға және субсидиялар алуға өтiнiмдердi, сондай-ақ өздерiнің өндiрiстiк қуаттары, материалдық-техникалық және азықтық базасы туралы деректердi облыс комиссиясына ұсынады.
7. Облыс комиссиясы бройлерлiк құс фабрикаларының iс жүзiндегi өндiрiстiк қуатына, материалдық-техникалық және азықтық базасына қарай бройлерлiк құс фабрикаларының субсидия алуға арналған өтiнiмдерiн қарайды және қарау қорытындылары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) (бұдан әрi - департамент (басқарма) бройлерлiк құс фабрикаларының тiзiмiн және сатылған өз өндiруiндегi құс етi үшiн субсидиялар көлемiн ұсынады.
8. Облыс әкiмi:
бройлерлiк құс фабрикаларының тiзiмiн;
бройлерлiк құс фабрикаларының сатылған өз өндiруiндегi құс етi үшiн субсидиялар көлемiн бекiтедi.
9. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген субсидияларды алу үшiн тiзiмге енгiзiлген бройлерлiк құс фабрикалары өздерi өндiрген құс етiнiң сатылуына қарай кәсiпорынның орналасқан жерi бойынша облыстық (аудандық, қалалық) статистика басқармасы куәландырған өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi туралы анықтаманы, сондай-ақ құс етiнiң сатылу фактiсiн растайтын құжаттарды облыс комиссиясына ұсынады. Облыс комиссиясы бройлерлiк құс фабрикалары ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексередi және оларды департаментке (басқармаға) ұсынады.
10. Департамент (басқарма) өз құзыретiнiң шегінде облыс комиссиясы ұсынған құжаттардың негiзiнде, жоғарыда көрсетiлген кiшi бағдарламаны iске асыру жөнiндегi бұйрықтарды шығарады, құрама азықтардың iс жүзiндегi шығысы, өз өндiруiндегі сатылған құс етiнiң көлемi туралы жиынтық актiнi бекiтедi. Құрама азықтардың iс жүзiндегi шығысы, өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi туралы бекiтiлген жиынтық актілер бойынша департамент (басқарма) тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн белгiлейдi және өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi мен облыс бойынша субсидияның пайдаланылуы туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомосты жасайды. Ай сайын 10-күнге, бiрақ 2006 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей департамент (басқарма) Ауыл шаруашылығы министрлiгiне сатылған өз өндiруiндегi құс етiнiң көлемi және облыс бойынша субсидияның пайдаланылуы туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостардың көшiрмелерiн, бюджеттiк бағдарламаның iске асырылуы туралы есептi ұсынады, сондай-ақ субсидиялар төлеуге ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшiн жауапты болады.
11. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттарды:
Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатылған өз өндiруiндегi құс етiнiң көлемi және облыс бойынша субсидиялардың пайдаланылуы туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомосты;
төлем шотын ұсынады.
Мал шаруашылығының өнiмдiлігі
мен өнiмiнің сапасын арттыруды
субсидиялауға берiлген 2006 жылға
арналған қаражатты пайдалану
ережесiне 1-қосымша
1. Еттi бағыттағы құсты азықтандыруда пайдаланылатын
құрама азықтың 1 кг-ның құнын арзандату нормативi
Өнімнің атауы |
Құрама азықтың 1 кг-ын арзандату |
Құрама азық |
18 |
2. Құс етiнiң 1 кг-ын өндiруге жұмсалатын құрама
азық шығысының нормативi
Өнімнің атауы |
Құс етінің 1 кг өндіруге жұмсалатын |
Құстың еті |
2,61 |
3. Өз өндiруiндегi сатылған құс етiнің сойыс салмағындағы 1 1 кг-на субсидиялар нормативi
Өнімнің атауы |
Өз өндіруіндегі сатылған құс етінің |
Құстың еті |
47 |
Мал шаруашылығының өнiмдiлігі
мен өнiмiнің сапасын арттыруды
субсидиялауға берiлген 2006 жылға
арналған қаражатты пайдалану
ережесiне 2-қосымша
Бекiтемiн
______________облысы
Ауыл шаруашылығы департаментiнiң басшысы
_____________________(Т.А.Ә., қолы, мөр)
2006 жылғы "______"_____________
_________ облысы бойынша 2006 жылғы _______ айы
өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi және
субсидиялардың пайдаланылуы туралы
бiрiктiрiлген жиынтық ведомость
Құс |
жылдық |
Өз өнді- |
Өз өнді- |
Субси- |
Жыл |
Субси- |
Төле- |
||
тон- |
тең- |
Жыл |
Есеп |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Мал шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы ______________(Т.А.Ә, қолы)
Бас бухгалтер ______________(Т.А.Ә, қолы)