Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 131 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
      Ғ санатының тобы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы";
      "Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы";
      "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы";
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады