Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 188 Қаулысы

      "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес санда әскери қызметке жарамды және оны офицерлер құрамының лауазымында өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгiленген тәртiппен 2006 жылы екi жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                        2006 жылғы 20 наурыздағы
                                             N 188 қаулысына
                                                 қосымша

       2006 жылы әскери қызметке шақырылуға тиiс әскери-есептiк
          мамандықтар бойынша запастағы офицерлердiң саны

Р/с
N

Әскери-есептiк мамандығы

Саны

Офицер

1

мотоатқыштар әскерлері

28

2

танк әскерлерi

2

3

артиллерист

242

4

радиотехникалық және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері

21

5

автомобиль әскерлерi

14

6

байланыс

38

7

медицина қызметi

13

8

инженерлiк әскерлер

25

9

тәрбие және құқықтық жұмыс бойынша

43

10

тiл маманы

10

11

қаржылық қамтамасыз ету және әскерлер қызметiнiң экономикасы

2

12

электрондық есептеу техникасы және бағдарламалау бойынша инженер

6

13

ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану бойынша инженер

4

14

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери полициясы үшiн заңгер

5

15

Қазақстан Республикасының әскери прокуратурасы үшiн заңгер

20

16

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Әскери-тергеу департаментi үшiн заңгер

20

17

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi

11

18

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi

30

19

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi

4


БАРЛЫҒЫ

538


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады