Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 189 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы 1228  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      032 "Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн берiлетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"032  Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы
      қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiн
      сейсмикалық жағынан күшейту үшiн берiлетiн
      нысаналы даму  трансферттерi                         1050000
      оның iшiнде инвестициялық жобаларға:
      Алматы қаласының N 1 қалалық клиникалық
      ауруханасының N 4 павильонын сейсмикалық
      жағынан күшейту                                       232959
      Алматы қаласының қалалық перинатальдық орталығының
      N 7 корпусын сейсмикалық жағынан күшейту              139053".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 2006 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiн сейсмикалық жағынан күшейту үшiн көзделген 677988 мың теңге сомасындағы нысаналы даму трансферттерiн бөлу бөлiгiне тиiстi өзгерiс енгiзсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады