Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Биологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 195 Қаулысы.

      Республикада биологиялық бейiндi зерттеулердi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Биологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Микробиология және вирусология институты", "Жалпы генетика және цитология институты", Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығының Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Орталық қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      3. Орталыққа қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарды құруға рұқсат берiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.

      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 21 наурыздағы
N 195 қаулысына
қосымша

      Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Бiлiм және

      ғылым министрлiгiнiң "Биологиялық зерттеулер орталығы"

      шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк

      кәсiпорнының құруына рұқсат етiлген еншiлес мемлекеттiк

      кәсiпорындардың тiзбесi

      1. "Микробиология және вирусология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

      2. "Жалпы генетика және цитология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

      3. "Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

      4. "Алтай ботаникалық бағы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы.

      5. "Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Ақтау қаласы.

      6. "Зоология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

      7. "Адам және жануарлар физиологиясы институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

      8. "М.А.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

      9. "Ботаника және фитоинтродукция институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады