Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "ТАСИС iс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасы" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 наурыздағы N 201 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "ТАСИС iс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасы" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегі қаржылық келiсiмнiң жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсiндiру туралы мәлiмдемесiмен бiрге мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Болат Әбiлқасымұлы Палымбетовке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "ТАСИС iс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасы" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмге оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсіндiру туралы мәлiмдемесiмен бiрге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiне бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық
Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "ТАСИС iс-қимылдарының
2004 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасы" бойынша бiрнеше
елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмге
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң түсiндiру туралы
мәлiмдемесi

      Еуропалық тараптың түсiндiрмелерiн негізге ала отырып, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "ТАСИС iс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасы бойынша" бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар бойынша қаржылық келiсiмнiң (бұдан әрi - Қаржылық келiсiм) кейбiр нормаларын мынадай тәртiппен түсiнетiн болады.
      1. "ТАСИС iс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасының" атауындағы "2004" деп тараптармен келiсiлген жобаларды болашақта iске асыру үшiн еуропалық тарап Еуропалық Қоғамдастықтардың бюджетiнде қаражат көздеген жыл түсiнiледi.
      2. Қаржылық келiсiмнiң 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қаржылық келiсiмнiң II қосымшасында көзделген мiндеттердi iске асыру үшiн Комиссия айқындаған үшiншi тұлғаларға бередi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) көрсетiлген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.
      3. Қаржылық келiсiмнiң 3-бабының 3.1-тармағының ережесi Үкiмет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегендi бiлдiредi.
      4. Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетiлген "3.1-бап" Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сiлтеме дегендi бiлдiредi.
      Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасының ережесi жоба шеңберiндегi iс-шараларды жүзеге асырған кезде Еуропалық Қоғамдастықтар рәсiмдерiне сәйкес Комиссия Үкiмет мүддесiнде әрекет етедi дегендi бiлдiредi. Бұл ретте, Үкiмет Комиссияның жоба шеңберiндегi iс-әрекетi үшiн үшiншi тұлға алдында жауапты болмайды.
      5. Қаржылық келiсiмдегi "қаржылық субсидиялар" терминi Комиссия Үкiметке өтеусiз негiзде беретiн көмек ретiнде түсiнiледi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасына берiлетiн Комиссия гранттары (қаржылық субсидиялар) Үкiметтiң Комиссиядан одан әрi қарыз алуын және мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi.
      6. Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 8-бабының 8.2-тармағының ережесi (Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.2) тармақшасын ескере отырып) еуропалық тараптан грант алатындар болмайды дегендi бiлдiредi.
      7. Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 9-бабының 9.1 және 9.2-тармақтарының ережесi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық көмектердi (гранттарды) салық, кеден және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiне төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден босату Еуропалық Қоғамдастықтың техникалық көмегiне (гранттарына) де қолданылады дегендi бiлдiредi.
      8. Бағдарламаны iске асыру үшiн Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 5, 6, 7, 12 және 13-баптарының ережелерiнде көзделген келiсiм-шарттар мен гранттарды берудi Комиссия Еуропалық Қоғамдастықтардың рәсiмдерiне сәйкес дербес жүзеге асырады.
      9. Үкiмет Қаржылық келiсiмде көзделген қаржы қаражатын алмайтындықтан және оларды басқаруға қатыспайтындықтан, Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 14 және 15-баптарының ережелерi Үкiмет Қазақстан Республикасының мүдделерiне сәйкес Комиссиямен осы Қаржылық келiсiмдi iске асыру барысында бұзушылықтар, алаяқтық iс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық туындаған жағдайда оларды болдырмау мәселелерi бойынша ынтымақтастық жасайды дегендi бiлдiредi.
      10. Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 16, 17, 18 және 19-баптарының ережелерi Қаржылық келiсiмге өзгерiстер енгiзiлгенге, оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға немесе тоқтатылғанға дейiн Тараптар бiрiмен бiрi тиiстi консультациялар жүргiзедi дегендi бiлдiредi. Қаржылық келiсiмге түзетулер енгiзудi Тараптар өзара келiсiм бойынша жүзеге асырады. Тараптың Қаржылық келiсiмдi тоқтату туралы шешiмi екiншi Тарапқа хабарланғаннан кейiн екi ай өткен соң күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Үкiметi үшiн

жоба 

БIРНЕШЕ ЕЛДЕРДI ҚАМТИТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША
ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМ

АРНАЙЫ ШАРТТАР

      Бұдан әрi " Комиссия " деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы ұсынған, бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастық бiр тараптан және
      бұдан әрi " Бенефициар " деп аталатын  Қазақстан Республикасының Үкiметi  екiншi тараптан
      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

      1-БАП - ОПЕРАЦИЯНЫҢ МӘНI МЕН МАҚСАТЫ

      1.1. Қоғамдастық II қосымшадағы Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде жазылған бұдан әрi Бағдарлама деп аталатын  ТАСИС iс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасын  қаржыландыруға өз үлесiн қосады.
      1.2. Бұл бағдарлама қаржылық келiсiмге және оның қосымшаларына: Жалпы шарттар (I қосымша) мен Техникалық және әкiмшiлiк ережелер (II қосымша) сәйкес орындалады.

      2-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҮЛЕСI

      2.1. Бағдарламаның жалпы құны 45 миллион евроға бағалануда.
      2.2. Қоғамдастық ең көп дегенде 45 миллион евро бөлудi мiндеттенедi.
      Бюджеттiк баптар бойынша Қоғамдастықтың қаржылық үлесiн бөлу ІІ қосымшаның Техникалық және әкiмшiлiк ережелерiне қосылған бюджетте көрсетiлген.

      3-БАП - БЕНЕФИЦИАРДЫҢ ҮЛЕСI

      3.1. Бенефициар бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
      ___________________________________________
      1  Индикативтi түрде Қазақстанға бұл сомадан 4,627 млн. евро бөлiнедi.

      3.2 Бенефициардың үлесi қаржылық болып табылмайтын жерде Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде, қаржылық келiсiмге II қосымшада егжей-тегжейлi уағдаластықтар жасалады.

      4-БАП - ОРЫНДАЛУ КЕЗЕҢІ

      Қаржылық келiсiмнiң орындалу кезеңi Қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталады және 31.12.2011 ж. аяқталады. Аталған орындалу кезеңi екi кезеңнен: Қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталатын және 31.12.2009 ж. аяқталатын операциялық iске асыру кезеңiнен тұрады. Және осы күннен бастап орындалу кезеңiнiң соңында аяқталатын аяқталу кезеңi басталады.
      Жобалардың қоса берiлiп отырған тiзiмiнде көрсетiлген әрбiр жоба бойынша Қаржылық келiсiмге тиiсiнше әрбiр жоба қамтитын әрiптес елдерден ең аз дегенде екеуi қол қойған жағдайда келiсiм-шартқа қол қоюға болады. Елдер Қаржылық келiсiмге екiншi қол қойғанда ғана олар жобадан түсетiн пайданы ала алады.

       5-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН
        КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ КYНI

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған келiсiм-шарттар ең кеш дегенде 19.07.2007 жылы қол қойылады. Бұл соңғы мерзiм ұзартылмайды.

       6-БАП - МЕКЕН ЖАЙЛАР

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде, бағдарламаға арналған нақты сiлтемесi болуы және мына мекен жайлар бойынша жiберiлуi тиiс:

      а) Комиссия үшiн
Mr.Richard WEBER
Director
EuropeAid Co-operation Office
Comission of the European Communities
Rue de la Loi 200
B-1049 Brussels, Belgium
Fax:+32 2 295 74 82

      b) Бенефициар үшiн
Болат Палымбетов мырза
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрі
Қазақстан Республикасы
010000, Астана
Жеңiс даңғылы - 11, 1003-каб.
Факс: +7(3172) 71 77 86

      7-БАП - ҚОСЫМШАЛАР

      7.1. Мына құжаттар аталған келiсiмге қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады:
      I қосымша: Жалпы шарттар
      II қосымша: Техникалық және әкiмшiлiк ережелер.
      7.2. Қаржылық келiсiмнiң Қосымшалары мен Арнайы шарттарының ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттардың ережелерi басымдыққа ие болады. I қосымша мен II қосымшаның ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда I қосымшаның ережелерi басымдыққа ие болады.

      8-БАП - БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА ДА АРНАЙЫ
              ШАРТТАР

      8.1. Жалпы шарттар мынадай ережелермен толықтырылды:
      8.1.1. Жалпы шарттардың 3.1-бабына қатысты, іске асыру бенефициардың мүддесiне жүзеге асырылады деп ұйғарылып отыр.
      8.1.2. Жалпы шарттардың 8.2-бабына қатысты, осы бағдарлама бойынша гранттардың бенефициарлары жоқ деп ұйғарылып отыр.
      8.2. Қаржылық келiсiмге тиiсiнше әрбiр жоба қамтитын әрiптес елдерден ең аз дегенде екеуi қол қойған жағдайда келiсiм-шарт жасалуы мүмкiн. Елдер Қаржылық келiсiмге екiншi қол қойғаннан кейiн ғана олар жобадан түсетiн пайданы ала алады.

      9-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМНІҢ КYШIНЕ ЕНУI

      Осы Қаржылық келiсiм оған қол қойған екi тараптың соңғысының қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Қаржылық келiсiм екi түпнұсқада жасалды.

КОМИССИЯ YШIН                  БЕНЕФИЦИАР YШIН

Ринард Вебер мырза                Болат Палымбетов мырза
Директор                          Қазақстан Республикасының
EuropeAid жәрдемдесу офисi        Экономика және бюджеттiк жоспарлау
Еуропалық Комиссия                вице-министрi

Брюссель                          Астана
Күнi: 03/10/2005                  Күні

I ҚОСЫМША - ЖАЛПЫ ШАРТТАР

I ТАРАУ - ЖОБАНЫ/БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      1-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесi қаржылық келiсiмде айқындалған сан шегiнде болуы тиiс.
      1.2 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесiн беру Бенефициар қаржылық келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындаған жағдайда жүргiзiлуге тиiс.

      2-БАП - АРТЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ

      2.1 Қаржылық келiсiм бюджетiнiң жекелеген баптары бойынша артық шығын аталған Жалпы шарттардың 17-бабына сәйкес жалпы бюджет iшiнде қаражатты қайта бөлу арқылы жабылуы тиiс.
      2.2 Қаржылық келiсiм бойынша айқындалған қаражаттың жалпы санының артық шығын тәуекелi кезiнде Комиссия жобаны/бағдарламаны қысқартуы не Бенефициардың меншiк ресурстарын немесе Қоғамдастықтардың ресурстарынан өзгеше басқа да ресурстарды тартуы мүмкiн.
      2.3 Жобаны/бағдарламаны қысқарту мүмкiн болмаған кезде немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкiн болмаса, Комиссия айрықша жағдайда қосымша қаржы субсидияларын ұсынуы мүмкiн. Мұндай келiсiм болған кезде шығыстардың артық қалуы Комиссия айқындаған мөлшерде қосымша қаржы үлес есебінен Қоғамдастықтардың тиiстi ережелерi мен рәсiмдерiне залал келтірмей қайта қаржыландырылуы мүмкiн.

ІІ ТАРАУ - IСКЕ АСЫРУ

      3-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1 Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшiн және оның атынан әрекет ететiн Еуропалық Комиссия iске асырады.
      3.2 Делегация басшысы Бенефициардың мемлекетiнде Еуропалық Комиссияны бiлдiредi.

      4-БАП - ОРЫНДАЛУ МЕРЗIМI

      4.1 Қаржылық келiсiмде қаржылық келiсiмнiң күшiне енген күнiнен басталатын және Арнайы шарттардың 4-бабында көрсетiлген күнге сәйкес аяқталатын орындалу мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
      4.2 Аталған орындалу мерзiмi екi кезеңнен тұрады:
      - барлық негiзгі iс-шаралар жүргiзiлетiн шеңберде практикалық iске асыру кезеңi. Аталған кезең қаржылық келiсiм күшiне енген күнiнен басталады және орындалу мерзiмiнiң соңына дейiн 24 айдан кешiктірмей аяқталады;
      - түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзiлетiн, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан қаржылық келiсiм бойынша барлық келiсiм-шарттар жабылатын қорытынды кезең. Аталған кезең практикалық iске асыру кезеңi ақталған күнiнен басталады және осы күннен кейiн 24 айдан кешiктiрмей аяқталады.
      4.3 Негiзгi iс-шаралар бойынша шығыстарды олар практикалық iске асыру кезеңi iшiнде туындаған жағдайда ғана Комиссия қайта қаржыландыруы мүмкiн. Түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзу жөнiндегi шығыстар қорытынды кезеңнiң аяғына дейiн заңды болып табылады.
      4.4 Қоғамдастық қосқан үлестен кейiн қалған кез келген теңгерiм орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн алты айдан соң автоматты түрде күшiн жояды.
      4.5 Ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда практикалық iске асыру кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзартуға сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау практикалық iске асыру кезеңiнiң соңына дейiн кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.
      4.6 Ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда және практикалық iске асыру кезеңi аяқталғаннан кейiн, қорытынды кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзартуға сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау қорытынды кезеңнiң соңына кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.

III ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР МЕН ГРАНТТАР БЕРУ

      5-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Қаржылық келiсiмдi iске асыратын барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдердiң басынан бастап әрекет ететiн сыртқы iс-шараларды iске асыру үшiн Комиссия айқындаған және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және орындалуы тиiс.

      6-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРАТЫН 
              КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ МЕРЗІМІ

      6.1 Қаржылық келiсiмдi iске асыратын келiсiм-шарттарға Комиссия бюджеттiк мiндеттеменi қабылдағаннан кейiн үш жыл iшiнде, атап айтқанда Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетiлген күнге дейiн екi тарап қол қоюға тиiс.
      Аталған түпкiлiктi мерзiм ұзартылмайды.
      6.2 Жоғарыда көрсетiлген ереже кейiннен қол қойылуы мүмкiн аудит және бағалау iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
      6.3 Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетiлген мерзiмде қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келiсiм-шарт күшiн жояды.
      6.4 Келiсiм-шарт, оған қол қойғаннан кейiн үш жыл iшiнде төлем жүргiзiлмесе қаражатты алып қоюмен оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.

      7-БАП - ЗАҢДЫЛЫҒЫ

      7.1 Жұмыстарға, қызметтерге немесе жеткiзулерге арналған келiсiм-шарттарды беру жөнiндегi тендерге шақыруларға қатысу Қоғамдастықтарға мүше мемлекеттердiң барлық жеке және заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi елдердiң барлық жеке және заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген кез келген басқа үшiншi ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиiс.
      7.2 Өтiнiм беру конкурсына қатысу Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң барлық заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi елдердiң барлық заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген басқа үшiншi ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең ашық болуы тиiс.
      7.3. Комиссия мақұлдаған ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда, ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше шарттары негiзiнде 1 және 2-параграфтарда көрсетiлгеннен басқа үшiншi елдердiң өкiлдерiне келiсiм-шарттарды беру тендерлерiне қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
      7.4 Қоғамдастықтар қаржыландыратын және жұмыстарға, жеткiзулер мен қызметтерге арналған келiсiм-шарттарды орындау үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ қаржыландырылатын iс-шараларды орындау үшiн гранттарды алушылар ұйымдастырған сатып алу рәсiмдер алдағы үш параграфтарда жазылған шарттарда қатысуға құқығы бар елдерде өндiрiлуi тиiс.
      7.5 Аталған ұлттық тиесiлiк ережесi сондай-ақ Қоғамдастықтар қаржыландыратын тендерлiк рәсiмдерге немесе қызметтерге арналған келiсiм-шарттарға қатысушы қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған сарапшыларға қолданылуы тиiс.

IV ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕ

      8-БАП - ТҰРУҒА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚ

      8.1 Келiсiм-шарт сипатының негiздемесi кезiнде жұмыстарға, жеткiзулерге және қызметтерге арналған келiсiм-шарттарды беруге арналған тендерлiк рәсімдерге шақыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициар елде тұру құқығына ие болуы тиiс. Аталған құқық келiсiм-шартты бергеннен кейiн бiр ай бойы жарамды болуы тиiс.
      8.2 Келiсiм-шартты орындау үшiн қызметтерi қажеттi мердiгерлер (грант алушыларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң жобаны/бағдарламаны iске асыру кезiнде осындай құқықтары болуы тиiс.

      9-БАП - САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДIК ЕРЕЖЕЛЕР

      9.1 Арнайы шарттарда арнайы жазылған жағдайларды қоспағанда Қоғамдастықтардың қаржылай көмегi салық, кедендiк немесе басқа да баждардан (қосылған құн салығынан, немесе басқа да осыған ұқсас салықтарды қоса алғанда) босатылуы тиiс.
      9.2 Бенефициар ел Қоғамдастық қаржыландыратын сатып алатын келiсiм-шарттарға немесе гранттарға қатысты елде әрекет ететiн мемлекеттiк немесе халықаралық донорлық ұйымдарға қолданатын неғұрлым жеңiлдiктi салық және кедендiк рәсiмдердi қолдануы тиiс.
      9.3 Егер Негiздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиiс.

      10-БАП - ШЕТЕЛДIК ВАЛЮТАНЫ АЙЫРБАСТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

      10.1 Бенефициар ел жобаны iске асыру үшiн қажеттi шетелдiк валютаны әкелудi немесе сатып алуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Ол, сондай-ақ аталған Жалпы шарттардың 7-бабына сәйкес қатысуға рұқсат алған мердiгерлерге қатысты кемсiтусiз шетелдiк валютаны ресми айырбастау ережесiн қолдануға мiндеттенедi.
      10.2 Егер Негiздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиiс.

      11-БАП - ЗЕРТТЕУЛЕР БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕРДI
               ПАЙДАЛАНУ

      Егер қаржылық келiсiм зерттеулер жүргiзудi қамтыса, қаржылық келiсiмдi iске асыру үшiн қол қойылған аталған зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жасалған келiсiм-шарттар зерттеуге арналған меншiк құқығын және алынған деректердi пайдаланудағы, оларды жариялау немесе үшiншi тарапқа берудегi Бенефициар мен Комиссияның құқығын басқару тиiс.

      12-БАП - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР БОЙЫНША ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ
               БӨЛУ

      12.1 Дұрыс жүргiзiлмеген төлемдерден қалпына келтiрiлген немесе алдын ала қаржыландыруға арналған кепiлдiктерден немесе осы қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылатын келiсiм-шарттар негiзiнде ұсынылған орындау кепiлдiктерiнен алынған қаражат жобаға/бағдарламаға берiлуi тиiс.
      12.2 Келiсiм-шартты бекiтетiн сатып алу келiсiм-шартының контексiнде тендер қатысушыларына тарап салған алынып тасталуы мүмкiн қаржы айыппұлдары, тендерлiк кепiлдiктер сауалы, сондай-ақ Комиссияға келтiрiлген залалды өтеу Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне жүргiзiлуi тиiс.      

V ТАРАУ - НЕГІЗГI ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      13-БАП - КӨРІНІСІ

      13.1 Қоғамдастық қаржыландыратын әрбiр жоба/бағдарлама тиiстi коммуникациялық және ақпараттық iс-шараларды басшылыққа алуы тиiс. Осы iс-шаралар Комиссияның келiсiмi болған кезде айқындалуы қажет.
      13.2 Аталған коммуникациялық және ақпараттық iс-шаралар бұл iс-шараларды iске асыру кезiнде әрекет ететiн сыртқы iс-шаралардың көрiнiсiн қамтамасыз ету үшiн Комиссия баяндаған және жариялаған ережеге сәйкес өткiзiлуi тиiс.

      14-БАП - БҰЗУШЫЛЫҚТЫ, АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС
                 ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

      14.1 Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшiн тиiстi шаралар қабылдау және Комиссияның сұрауы бойынша мақсатсыз жұмсалған қаражатты қайтару үшiн талап арыз беруi тиiс. Бенефициар қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиiс.
      14.2 "Бұзушылық" дегенiмiз Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне немесе Қоғамдастықтар басқаратын қаражатқа Еуропалық Қоғамдастықтардың атынан жинақталған меншiк қаражаты немесе ақталмаған шығыстар есебiнен алынған табысты азайту немесе жоғалту түрiнде зиян келтiрiп отырған немесе келтiретiн экономикалық субъектiнiң әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен көрiнетiн қаржылық келiсiмдер, келiсiм-шарттар немесе Қоғамдастықтардың заңдары ережелерiнен кез келген ауытқуды бiлдiредi.
      "Алаяқтық" дегенiмiз:
      - Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiнiң немесе Қоғамдастықтар немесе оның атынан басқаратын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуi мүмкiн жалған, дұрыс емес немесе толық емес құжаттаманы немесе мәлiметтердi пайдалануға немесе ұсынуға;
      - ерекшелiк мiндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтiретiн ақпаратты жасыруға;
      - осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейi әрекеттi немесе әрекетсiздiктi бiлдiредi.
      Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтiндей күдiк тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиiс.
      14.3 Бенефициар келiсiм-шарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды iске асырудағы рәсiмнiң кез келген сатысында белсендi немесе пассивтi сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiсiн жою үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға мiндеттенедi. "Пассивтi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз ресми тұлғаның тiкелей немесе делдал арқылы жеке өзi үшiн немесе үшiншi тарап үшiн кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтуге әсерi бар немесе әсер ететiн ресми мiндеттерiн бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берiлетiнiне уәде алған әдейi әрекетiн бiлдiредi. "Белсендi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз кiмде-кiмнiң ресми тұлғаға жеке ол үшiн немесе үшiншi тарап үшiн, ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасау үшiн немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтетiн немесе кемсiтуi мүмкiн ресми мiндеттерiн бұзудағы өз қызмет бабын пайдалану үшiн тiкелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрiн беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейi әрекетiн бiлдiредi.

       15-БАП - КОМИССИЯ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
                КYРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ ОФИС (СЖҚКЕО)
                ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ЕСЕП ПАЛАТАСЫ
                ТАРАПЫНАН ЖҮРГІЗIЛЕТIН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ

      15.1 Бенефициар Комиссия, СЖҚКЕО және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы қаржылық келiсiм бойынша (келiсiм-шарттар мен гранттарды беру жөнiндегi рәсiмдi қоса алғанда) бөлiнген Қоғамдастықтардың қаражатын пайдалану жөнiнде жергiлiктi жерлерде құжаттамалық тексерiстер, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоттарға қосымша құжаттар мен бухгалтерлiк құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негізiнде келiсiмнiң бар мерзiмi және соңғы төлемнiң күнiнен кейiн жеті жыл iшiнде толық аудит жүргiзу мүмкiндiгiмен келiседi.
      15.2 Бенефициар, сондай-ақ СЖҚКЕО-ның жергiлiктi жерлерде Қоғамдастықтардың заңнамасында жазылған рәсiмдерге сәйкес алаяқтық пен бұзушылықтарға қатысты Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүддесiн қорғау үшiн, тексерiстер мен бақылау жүргiзуi мүмкiн екендiгiмен келiседi.
      15.3 Осы мақсатта Бенефициар Комиссияның, СЖҚКЕО-ның және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының ресми өкiлдерiне және олардың уәкiлеттi агенттерiне компьютерлiк жүйелердi, сондай-ақ осы iс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендiрiлген деректердi қоса алғанда, қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылған iс-шаралар өткiзiлген орындар мен үй-жайларға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшiн барлық ықтимал шараларды қабылдауға мiндеттенедi. Еуропалық Комиссияның, СЖҚКЕО мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының уәкiлеттi агенттері үшiн қол жеткiзу үшiншi тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк құқықтық мiндеттемелерге зиян тигiзбей берiлу тиiс. Құжаттар қол жетiмдi және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететiн тәртiпте тігiлуi қажет және Бенефициар Комиссияға, СЖҚКЕО мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасына олардың нақты орналасқан жерi туралы хабарлауы тиiс.
      15.4 Жоғарыда сипатталған тексерiстер мен аудит Қоғамдастықтардың қаржыландыруын алатын мердiгерлер мен қосалқы мердiгерлерге қатысты да қолданылуы тиiс.
      15.5 Бенефициар жергілiктi жерлерде тексерiстер жүргiзу үшiн тағайындалған Комиссия, СЖҚКЕО мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы агенттерiнiң келетiнi туралы хабардар етiлуi тиiс.

      16-БАП - КОМИССИЯ МЕН БЕНЕФИЦИАР АРАСЫНДАҒЫ
               КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

      16.1 Бенефициар мен Комиссия қаржылық келiсiмнiң баптарын iске асыру немесе түсiндiру туралы даулы мәселелер туындағанға дейiн бiрi-бiрiне консультация беру қажет.
      16.2 Бұл консультациялар қаржылық келiсiмнiң өзгеруiне, тоқтата тұруға немесе тоқтатылуына алып келуi мүмкiн.

      17-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМГЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГIЗУ

      17.1 "Арнайы шарттарға" және қаржылық келiсiмнiң II қосымшасына енгiзiлетін кез келген түзетулер жазбаша түрде енгiзiлуi және қосымшада жазылуы тиiс.
      17.2 Егер түзетуге сұрауды Бенефициар жасаса, онда ол Комиссияға Алушының уақтылы негiздемелерi болған және Комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, осы түзетудiң болжам бойынша күшiне енуiне дейiн кем дегенде үш ай бұрын сұрау салу тиiс.
      17.3 Iске асырудың практикалық кезеңi немесе қорытынды кезеңiн ұзартудың ерекше жағдайлары осы "Жалпы шарттардың" 4 (5) және (6)-баптарында баяндалған.

      18-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТОҚТАТА ТҰРУ

      18.1 Қаржылық келiсiм мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн:
      (а) егер Бенефициар осы келiсiм бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, Комиссия Қаржылық келiсiмнiң iске асырылуын тоқтата тұруы мүмкiн.
      (б) егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты мiндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берiлген жағдайларда, Комиссия Қаржылық келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұруы мүмкiн.
      (в) Қаржылық келiсiм төменде көзделген форс-мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкiн. "Форс-мажор" дегенiмiз тараптардың бiреуiне өз мiндеттемелерiн орындауға кедергi жасайтын, және ол тараптардың (немесе мердiгерлердiң, агенттер мен жұмыскерлердiң) қателiгiне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны бiлдiредi, және де ол барлық салған күштерге қарамастан, еңсерiлмейтiн болып табылады. Жабдықтар мен материалдардағы ақаулары немесе оларды орнатуды кешiктiру, еңбек ұжымындағы даулар, ереуiлдер немесе қаржылық қиындықтар форс-мажор ретінде пайдаланылмайды. Егер тарапқа мiндеттемелерiн орындауға форс-мажорлық жағдай кедергi болса, оларды бұзғаны жөнiнде талаптар қойылмайды. Форс-мажорға ұшыраған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигiзетiн әсерiн сипаттай отырып, екiншi тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды азайту үшiн барлық шараларды қабылдауы қажет.
      18.2 Тоқтата тұру шешiмi туралы алдын ала хабарлама берiлмейдi.
      18.3 Тоқтата тұру туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.

      19-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТОҚТАТУ

      19.1 Егер қаржылық келiсiмдi тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең жоғары кезең, төрт ай iшiнде шешiлмесе, қаржылық келiсiмдi тоқтату туралы екiншi тарапқа екi ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны тоқтатуы мүмкiн.
      19.2 Егер қаржылық келiсiмге қол қойылғаннан кейiн үш жыл iшiнде қандай да бiр төлемдер жүргiзiлмесе немесе "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетілген күнге оны iске асыру жөнiнде келiсiм-шарттарға қол қойылмаса, қаржылық келiсiмнiң қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
      19.3 Тоқтату туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.

      20-БАП - ПІКІРСАЙЫСТАРДЫ ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI IС-ШАРАЛАР

      20.1 Осы Жалпы шарттардың 16-бабында баяндалған тараптар арасындағы консультациялардың алты ай iшiнде шешiлуi мүмкiн емес қаржылық келiсiмге қатысты кез-келген пiкiрсайыс бiр тараптың сұрауы бойынша арбитражда қаралуы мүмкін.
      20.2 Бұл жағдайда, әрбiр тарап арбитражды жүргiзуге арналған сұраудан кейiн 30 күннiң iшiнде арбитрдi тағайындауы тиiстi. Қажет болған жағдайда, тараптардың бiреуi екiншi арбитрдi тағайындау өтiнiшiмен Тұрақты арбитраж сотының (Гаагада) Бас хатшысына өтiнiш жасауы мүмкiн. Өз кезегiнде, екi арбитр 30 күннiң iшiнде үшiншi арбитрдi тағайындайды. Қажет болған жағдайда, кез-келген тараптың бiреуi Тұрақты арбитраж сотының Бас хатшысына үшiншi арбитр тағайындауға өтiнiш жасауы мүмкiн.
      20.3 Егер арбитрлар басқа шешiм қабылдамаса, онда Тұрақты арбитраж сотының "Халықаралық ұйымдарды тарта отырып арбитражды жүргiзудiң факультативтiк ережелерi" бойынша рәсiмдер пайдаланылады. Арбитрлардың шешiмi үш айдың iшiнде көпшiлiк дауыспен қабылдануы тиiс.
      20.4 Тараптардың әрқайсысы арбитрлардың шешiмдерiн орындау үшiн қажетті шаралар қабылдауға мiндеттi.      

ІІ-ҚОСЫМША - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЕРЕЖЕЛЕР

2004 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТАСИС ІС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӨҢІРЛIК
БАҒДАРЛАМАСЫ

      1. Бағдарламаның қысқаша сипаты 

      Осы iс-қимылдар бағдарламасы Тасистiң өңiрлiк ынтымақтастық стратегиясы жөнiндегi құжатқа және 2003 жылғы 11 сәуiрде Комиссия қабылдаған 2004-2006 жылдардың индикативтiк бағдарламасына толық сәйкестiкте әзiрлендi. 2004 жылға арналған Тасистiң iс-қимылдарының өңiрлiк бағдарламасы ТМД елдерiндегi мемлекетаралық iс-шараларға қолдау көрсететiн болады.
      Iс-қимылдар бағдарламасы мынадай үш тақырыптық салаға баса назар аударатын болады.

      Табиғи ресурстарды орнықты басқару  Тасис мынадай негiзгi үш сала: биологиялық алуан түрлiлiк, су ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа негiзгі субъектiлермен ынтымақтастық бойынша жәрдем көрсетедi. Бұл Евразия даласының жерлерiн тұрақты және кешендi пайдалану жөнiндегi қызмет саласын; Кавказ жөнiндегi тау конвенциясына қолдау көрсетудi; Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасы және оның жағалау белдеуi жөнiндегi стратегиялық iс-қимылды; Қара теңiздiң экологиялық мәселелерi бойынша ынтымақтастықты; Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерiнде деректер жинауда Еуропа Экологиялық Агенттiгiне қолдау көрсетудi; және Еуропа үшiн Экология процесiне қолдау көрсетудi қамтиды.

      Сауданы және инвестицияларды дамыту  Тасис көлiк және энергетика секторларына қолдау көрсететiн болады. ТРАСЕКА бағдарламасы арқылы төрт бастамаға жәрдем көрсетiледi: авиациялық диспетчерлiк қызметтiң жұмыс iстеп жүрген персоналын оқыту; ТРАСЕКА және ТЕN дәлiздерi арасындағы теңiз қатынасы; ТРАСЕКА бағдарламасы бойынша Орталық Азиядағы жолдарды қайта жаңарту; сондай-ақ ТРАСЕКАНЫҢ Әзiрбайжан арқылы өтетiн дәлiзiндегi жылдам автомобиль жолы учаскесiн қайта жаңарту. ИНОГЕЙТ бойынша энергетика секторында екi жоба орындалатын болады: ИНОГЕЙТ елдерiнде мұнай және газ жобаларына инвестицияларды көтермелеу үшiн техникалық жәрдем қоры құрылады; сондай-ақ Тасис Тасистiң өңiрлiк хатшылықтарын нығайтады.

      Төрелiк сот және құқық тәртiбi  Тасис негiзгi екi бастамаға жәрдем көрсететiн болады, бiрi ТМД елдерiнде шекара бақылауын нығайтуға бағытталған, ал екiншiсi баспана беру және миграция мәселелерiне қатысты. Бұған қосымша Тасис ТМД-ның батысында БУМАД арқылы және оңтүстiк Кавказда СКАД арқылы есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi өз қызметiн жалғастыратын болады; сондай-ақ адам саудасына күреске қолдау көрсетiлетiн болады.

      2. Өңiр бойынша соңғы ақпарат  

      Тасистiң өңiрлiк ынтымақтастық стратегиясы жөнiндегi құжатты және 2004-2006 жылдардың индикативтiк бағдарламасын 2003 жылғы 21 ақпанда Тасис комитетi мақұлдап, Комиссия 2003 жылғы 11 сәуiрде қабылдаған болатын. Бұл құжат Тасистiң өңiрлiк бағдарламасына қатысы бар негiзгi оқиғалардың толық сипаты қамтиды. Өңiрдегi өзгерiстердiң негiзгi белгісi Грузиядағы режимнiң ауысуына алып келген "раушан революциясы" болды.

       3. Еуропалық комиссияның алдыңғы жәрдем көрсету
бағдарламаларының негiзiнде жасалған қорытындылар

      Табиғи ресурстарды орнықты басқару

      Экологиялық жобалар ластануға және биологиялық алуан түрлiлiкке байланысты жағдайдың мониторингiне ғана емес, сондай-ақ ластануға қарсы күрес және биологиялық алуан түрлiлiктi қорғау жөнiндегi шараларды iске асыруға да баса назар аударылуға тиiс. Бұл мақсатқа қол жеткiзу үшiн қоғамның жекелеген жiктерiн жобаға қатысуға белсендi түрде тартудың маңызы зор, олар мәселен, өнеркәсiптiк кәсiпорындар, фермерлер, балықшылар, муниципалдық билiк, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн толық дәрежеде сезiнбеуi мүмкiн.
      Бұған қоршаған ортаны қорғау және шығыстарды азайту (сулы ортаға ластаушы заттарды, тыңайтқыш қалдықтарын ағызуды азайту және т.б.) өзара байланысты екенiн немесе биологиялық алуан түрлiлiктi қорғау туризм үшiн және коммерциялық маңызы бар балық түрлерiн қорғауға қосымша мүмкiндiктер туғызатынын көрнекi түрде көрсете отырып қол жеткiзуге болады. 
      Бенефициар елдер техникалық көмек көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелердi қолдауға деген айқын ниетiн көрсетулерi, сондай-ақ, өңiрлiк бағдарламалардың тапсырмаларын орындауға және нәтижелерге қол жеткiзуге қатысуға әзiрлiктерiн көрсетуге тиiс.
      Жақсы бiлiм базасын жасау және қолдау үшiн жергiлiктi сараптамалық бiлiмнiң барынша мүмкiн болатын дәрежесiн пайдалану, сондай-ақ жоба нәтижелерiнiң орнықтылығына қол жеткiзуге жәрдемдесу.

      ТРАСЕКА

      ТРАСЕКА-ны бағалау туралы 2003 жылғы шiлдедегi есеп бағдарламаның күштi жақтарын анықтап бердi және оның ТМД елдерiнде жақсы танылғандығын көрсеттi. Осы есептiң күштi жақтарына сүйене отырып, Комиссия ТРАСЕКА бағдарламасы басталғанынан он жыл өткен соң ТМД елдерiнiң ағымдағы экономикалық және саяси жағдайларында көлiк басымдықтарын талдау үшiн одан әрi зерттеу жүргiзудi бастады. Бұл зерттеу жөніндегi соңғы есеп Комиссияға 2004 жылдың ортасында ұсынылатын болады.
      Бағалау туралы осы есеп, жоғарыда аталған зерттеу нәтижелерi және 2004 жылдың ортасында аяқталатын ТЕН-Т-ға қатысты жаңа саясат ЕО-ның ТМД-дағы жаңа көлiктiк саясатын әзiрлеу кезiнде ескерiлетiн болады.

      ИНОГЕЙТ

      ИНОГЕЙТ бағдарламасын бағалау 2003 ж. қыркүйекте аяқталды. Бұл осы Iс-қимыл бағдарламасында ұсынылған басымдық үшiн негiз болды. Бұл жерде негiзгi екi мәселе бар: бiрiншi, бенефициар елдер ИНОГЕЙТ бағдарламасына жеткiлiксiз қатысты; екiншi, ЕК дербес кiшiгiрiм бөлшектеп инвестициялауды жүргiзбеуi керек, басқа донорлармен бiрлесiп инвестициялауға басым көңiл бөлуге тиiс. Тасис ауқымды қатысу туралы мәселе көтеруге тырысып, және министрлер деңгейiнде кездесу ұйымдастырды, ол 29-30 наурызда өттi, мұнда ИНОГЕЙТ-тiң келешекке ұсынылған басымдықтары талқыланды. Донорлармен үйлестiруге келсек қызметтің, осында ұсынылған екiншi саласы инвестицияларды басқа донорлармен, атап айтқанда, ЕДҚБ-мен бiрге дамыту үшiн арнайы әзiрлендi.

      Төрелік сот және құқық тәртiбi

      Еуропаның көршi елдермен қарым-қатынас саясатының астарында ТМД-ның батыс бөлiгiнде шекаралық бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру ЕО-ға қолдау көрсететiн басымдықтың бiрi болып табылады. Кандидат елдер мен батыс Балкан елдерiнiң тәжiрибесiн ескере отырып, шекаралық бақылауға жауап беретiн барлық тиiстi агенттiктер, яғни шекара қызметi, кеден қызметi және басқа да тиiстi мекемелер арасында тығыз үйлестiрудiң және ақпарат алмасудың қажеттiгiн атап өту маңызды.
      Баспана беру мен миграция жобаларына қатысты, бiр жағынан қауiпсiздiк аспектiлерi мен бақылау, екiншi жағынан мигранттар ағымын басқару және мигранттар мен босқындардың құқығын қорғау арасындағы теңгерiмдiлiктi табудың айқын қажеттiлiгi бар.

      4. Бағдарламаның құрамдауыштары

      2004-2006 жылдарғы индикативтiк бағдарламаны 2003 жылғы ақпанда Тасис комитетi мақұлдады. Мұның мақсаты бағдарламаның мақсатын, 2004-2006 жылдар кезеңiне арналған ынтымақтастықтың басым салаларында күтiлетiн нәтижелердi, индикаторлар мен қажеттi шарттарды көрсете отырып, ЕК жұмысының бағдарламасын неғұрлым тәптiштеп көрсету болып табылады.
      Бұдан басқа, бұл EuropeAid үшiн жобаны сәйкестендiруге негiз болады.
      2004 жылға арналған өңiрлiк iс-қимыл бағдарламасы мынадай үш тақырыптық салаға баса назар аударатын болады: табиғи ресурстарды орнықты басқару; сауда мен инвестицияларды дамыту; төрелiк сот және құқық тәртiбi.

       4.1. Табиғи ресурстарды орнықты басқару

      Табиғи ресурстарды орнықты басқару саласының жалпы мақсаты экономикалық дамуды жеделдете отырып және тұрақтылық пен қауiпсiздiктi нығайта отырып, табиғи ресурстарды орнықты пайдалануды қамтамасыз етуге және ресурстарды, атап айтқанда, суды, орман және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға, қоршаған ортаны және денсаулық сақтау үшiн жағдайларды жақсартуға келiп тiреледi. Бұл мәселелер орнықты даму жөнiндегi Дүниежүзiлiк саммитте (WSSD) белгiленген басымдықтарға сай келедi, онда "экономикалық және әлеуметтiк даму үшiн негiз болатын табиғи ресурстарды қорғау және басқару" басымдық ретiнде белгiлендi. Бұл ЕО-ның орнықты даму стратегиясына да сай келедi.
      Индикативтiк бағдарламада үш негiзгi басым сала белгіленген: су ресурстарын басқару; биологиялық алуан түрлiлiк және орман ресурстарын басқару; климаттың өзгеруi. 2003 жылға арналған Өңiрлiк iс-қимылдар бағдарламасында су секторына инвестициялар дайындау жөнiндегі жоба мақұлданды. Бұл сатыда 2004 жылғы бағдарлама бойынша қаржыландыру үшiн нақты инвестициялық жобаларды айқындауға әлi ерте. Сондықтан, осы Іс-қимылдар бағдарламасында су ресурстарын басқару мәселесiнде ЕК-нің өңiрлiк теңiздердi қорғауға қосар үлесiн одан әрi дамытуға негiзгi акцент жасалады. Бұл басқа iрi донорлармен, атап айтқанда, Дүниежүзiлiк банкпен, БҰҰДБ-мен және ЮНЕП-пен тығыз ынтымақтаса отырып орындалады. Бұл осы сәттерде Қара және Каспий теңiздерiн қорғауға бағытталған күш-жiгердi шоғырландыру бойынша алынған тәжiрибеге негiзделедi. Су секторын инвестициялауды 2005 жылға дейiн мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi назарға ала отырып, биологиялық алуан түрлiлiк мәселелерiне қатысты неғұрлым баса көңiл аудару ұсынылды, еуразия далалары бойынша iрi жоба жоспарланды. Осы екi iрi басымдыққа қосымша, ТАСИС Өңiрлiк экологиялық орталықтарды және Экологиялық iс-қимыл жоспарын қолдауды жалғастыра отырып, экологиялық сектордағы басқа да негiзгi мекемелермен тығыз жұмыс iстейтiн болады. Тұтастай алғанда климаттың өзгеруі мәселесiндегi прогрестiң баяулығын ескере отырып, ТАСИС Киото хаттамасының биыл ратификациялануына үмiт арта отырып, осы салаға өзінің қатысуын 2005 жылғы бағдарлама басталғанға дейiн қалдыра тұруды шештi. Қысқаша айтқанда, Iс-қимылдар бағдарламасы табиғи ресурстарды орнықты басқару саласында ұсынылған алты бастаманы қамтиды, оларды басты үш тақырып: биологиялық алуан түрлiлiк, су ресурстарын, атап айтқанда, өңiрлiк теңiздердi басқару; экология саласындағы негiзгi мекемелермен ынтымақтасу бойынша топтастыруға болады.

       Биологиялық алуан түрлiлiк

       (1) Еуразия далаларының жерлерiн орнықты және кешендi пайдалану:  биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау жөнiндегi елдер мақұлдаған стратегиялық iс-қимылдың жоспарларына және министрлердiң Киев кездесуiнде (2003 жылғы мамыр) белгіленген биологиялық алуан түрлiлiк жөнiндегі мақсаттарға сәйкес жоба үш трансшекаралық дала өңiрiнде (Ресей - Шығыс Украина, Ресей - Қазақстан, Батыс Украина - Молдова) биологиялық алуан түрлiлiктiң жоғалуын және жердiң тозуын азайтуға бағытталатын болады. Жоба далалар мен ормандарды қалпына келтiру, атажұртынан ерiксiз қоныс аударған ауыл тұрғындары үшiн тiршiлiктiң балама көздерiн табу, сондай-ақ көмiрсутектердi оқшаулау жөнiндегi жүйелердi құру мақсатында әрбiр өңiрге тән бiрқатар қызмет салаларын iске асырады. Ол бойынша, сондай-ақ, техникалық көмек көрсетiледi, ЕДҚБ-ның Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерiндегi шағын және орта бизнес кәсiпорындары мен шағын жергiлiктi қоғамдастықтар үшiн биоалуан түрлiлiктi сақтау бойынша кредит беру көздерiне арналған гранттар бөлiнетiн болады.
      Жоба далалық дәлiздердiң өңiрлiк желiсiн құрады және оның орнықтылығын қамтамасыз етедi. Қазiрдiң өзiнде елдерге айтарлықтай қолдау көрсетiлуде және тиiстi елдер арасында пилоттық дала салалары келісілді.

       Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiлуде. Оған сондай-ақ беруге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышы да қамтылуы мүмкiн.

       (2) Кавказ бойынша тау конвенциясын әзiрлеудi қолдау:  Жобаның мақсаты Кавказдағы Өңiрлiк экологиялық орталықты қолдау және таулы Кавказ өңiрiндегi табиғатты қорғауды қамтамасыз етуге арналған құқықтық құралды жасауға басқа донорлармен, атап айтқанда, Германия үкiметiмен және ЮНЕП-пен тығыз үйлестiрiлген көмек көрсету болып табылады. Осы жобадан пайда алатын елдердi атап айтатын болсақ, олар - Армения, Әзiрбайжан, Грузия және Ресей.

       Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба халықаралық ұйымдармен бiрлесiп қатысу туралы келiсiмдер арқылы iске асырылады деп күтiлуде.

       Су ресурстарын басқару: Өңiрлiк теңіздер

       (3) Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасы мен оның жағалау жолағы жөнiндегi стратегиялық iс-қимыл және Каспий теңiзi жөнiндей негiздемелік конвенцияны қолдау:  Осы қызмет саласының мәнi Каспий теңiзiнiң экологиялық тозуын болдырмау үшiн Су ресурстары мен жағалау сызығын кешендi басқаруды қолдануға келiп тiреледi. Жоба таяуда Каспий теңiзi жөнiндегi негіздемелiк конвенцияға қол қою нәтижесiнде таяуда белгiленген құқықтық қағидаттарға сүйенiп және Дүниежүзiлiк Банкпен, БҰҰДБ және ЮНЕП-пен тығыз үйлестiрiлетiн болады.

       Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiлуде. Оған сондай-ақ беруге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышы да қамтылуы мүмкiн.

       (4) Қара теңiздiң экологиялық мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық:  Бұл жоба WSSD саммитiнде белгiленген басымдықтарға қатысты және Мыңжылдыққа арналған даму мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталады. Оның шеңберiнде Қара теңiзге құятын трансшекаралық өзендер сияқты ортақ су ресурстарының ластануын азайту мен сапасын жақсарту және Қара теңiздiң теңiз фаунасын қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады. Ол БҰҰДБ орындайтын Жаһандық қоршаған ортаны қорғау қорының (GEF) жұмысын толықтыратын болады. Ол, сондай-ақ, Қара теңiз жөнiндегi экологиялық бағдарламаның қолдауына қол жеткiзiп, Қара теңiз бойынша жұмыс тобымен өз ынтымақтастығын нығайтатын болады.

       Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiлуде. Ол сондай-ақ беруге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышы да қамтылуы мүмкiн.

      Экология саласындағы негiзгi мекемелермен ынтымақтастық

       (5) Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерiнен дерек жинауға Еуропа экологиялық агенттiгiне қолдау көрсету:  Жұртшылық үшiн ақпаратқа қол жетiмдiлiк жөнiндегi Орхус конвенциясына сәйкес Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерiндегi экологиялық есептiлiк пен мониторингтiң сапасы мен келiсiмдiлiгiн арттыру. Осылайша, жоба ақпараттық жүйелер мен басқару жүйелерi бойынша жалпыға ортақ еуропалық практиканы Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерiндегi мониторинг пен есептiлiк практикасына енгiзуге ықпал ететiн болады.

       Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба халықаралық ұйымдармен бiрлесiп қатысу туралы келiсiмдер арқылы iске асырылады деп күтiлуде.

       (6) Еуропа үшiн экология процесiне қолдау көрсету:  Бұл жобаның мақсаты реформалау саясатын жақсарту және атап айтқанда Киев конференциясының шешiмдерiн iске асыру арқылы Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерi үшiн экологиялық саясатты iске асыру болып табылады. Бұл жоба Экология бойынша iс-қимыл бағдарламасы жөнiндегi жұмыс тобымен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

       Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, iске асыру құралдары ретiнде халықаралық ұйымдардың жұмысына тiкелей қатысу болжалып отыр.

       4.2. Сауданы және инвестицияларды дамыту

       Сауданы және инвестицияларды дамытуға  қатысудың мақсаты сауда мен инвестицияны дамыту мен кеңейту, сенiмділiк пен қауiпсiздiктi арттыру, сондай-ақ қолданыстағы энергетикалық және көлiктiк желiлердiң денсаулық пен қоршаған ортаға әсерiн азайтуға, сондай-ақ, осы секторлар бойынша статистикалық ақпаратты жақсартуға қолданыстағы энергетика және көлiк саласында ТМД елдерi арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн осы Iс-қимылдар бағдарламасы негiзiнен ТРАСЕКА мен ИНОГЕЙТ бастамаларына назар аударады. Индикативтiк бағдарламада басым болып табылатын ақпараттық қоғам мәселелерi келесi Іс-қимыл бағдарламасында одан әрi дамытылады. Бөлу болжанып отырған қаражатты (10 миллион Евро), үш жылға бөлгеннен гөрi, кейiнгi екi жыл iшiнде барынша шоғырландыра жұмсаса тиiмдiрек пайдаланылуы мүмкiн.
      Көлiк секторында көлiк түрлерi тұрғысынан да, сондай-ақ жобалардың өңiрлiк бөлiнуi тұрғысынан да теңгерiмдi тәсiлдi пайдалану ұсынылады. Көлiк жобаларының басымдықтары көлiк министрлерiнiң кездесуi негiзiнде айқындалатынын атап өтудiң маңызы зор, ал Индикативтi бағдарлама шеңберiндегi басымдықтар әрiптес елдердiң өкiметтерiмен консультациялар негiзiнде айқындалған. Осылайша, ТАСИС автомобиль және темiр жолдарға қатысты жобаларға баса көңiл бөледi. Осы Индикативтiк бағдарламада, сондай-ақ, авиациялық қауiпсiздiк және теңiз көлігі бағыттары саласында жұмыстар жүргiзiлетiн болады. Қосымша, ТАСИС өздерiнiң кейiнгі инвестициялары бағыттарды дамыту үшiн маңызды рөл атқаратын халықаралық қаржылық мекемелермен консультациялар негiзiнде айқындалған ТРАСЕКА-ның негiзгі жол учаскелерiне қолдау көрсетедi. Бiр учаске Орталық Азияда орналасқан және Ақтау портын бiрiктiредi, ал Әзiрбайжандағы басқа учаске Грузиямен шекараға таяу орналасқан.

      Көлiк (ТРАСЕКА)

      (7) Оңтүстiк Шеңбер елдерiнiң авиациялық диспетчерлiк қызметiнiң жұмыс iстеп жүрген персоналын оқыту:  Жобаның мақсаты ТМД елдерiндегi авиациялық қауiпсiздiктi арттыру болып табылады. Бұл бастама әрiптес елдер тарапынан едәуiр қолдау тапты. Авиадиспетчерлердi оқытуға басты назар аударылатын болады.

      Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiлуде. Ол сондай-ақ беруге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышы да қамтуы мүмкiн.

      (8) ТРАСЕКА және ТЕN дәлiздерi арасындағы теңiз қатынастарын жақсарту:  Тасис техника-экономикалық негiздеме жүргiзуде қолдау көрсетедi: Қара теңiз порттары мен ТЕN дәлiздерi арасындағы теңiз қатынастарының жұмыс iстеуiн қалайша жақсартуға болады. Тасис, сондай-ақ порттар мен теңiз жолдарын жаңғыртуға қатысты инвестицияларды дайындауға жәрдемдеседi.

      Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiлуде. Ол сондай-ақ беруге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышын да қамтуы мүмкiн.

      (9) ТРАСЕКА бағдарламасы бойынша Орталық Азиядағы жолдарды қайта жаңарту:  Бұл жоба Тасистiң өңiрлiк ынтымақтастық стратегиясы жөнiндегi құжатқа және 2004-2006 жылдардың Индикативтiк бағдарламасына сай келедi. Жобаның негiзгi мақсаты белгiлi бiр жол учаскесiн салу/жаңарту үшiн техника-экономикалық негiздеменi және тендерлiк құжаттарды дайындау болып табылады.

      Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба қызмет көрсетулерге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiледi. Ол сондай-ақ беруге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышын да қамтуы мүмкiн.

      (10) Әзiрбайжан арқылы өтетiн ТРАСЕКА дәлiзiндегi жылдам автомобиль жолы учаскесiн қайта жаңарту:  ЕДҚД және Дүниежүзiлiк Банк Грузия мен Әзiрбайжан арқылы өтетiн ТРАСЕКА бағытына қомақты инвестиция салды. Тасис ЕДҚБ және Дүниежүзiлiк Банк қаржыландыратын жолдардың жаңғыртылуын бақылайтын Жобаны iске асыру жөнiндегi бөлiмшенi қаржыландыратын болады.

      Сатып алуға  қатысты айтар болсақ, жоба қызмет көрсетулерге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiледi. Сондай-ақ жіберуге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышын да қамтуы мүмкiн.

      Энергетика (ИНОГЕЙТ)

      (11) ИНОГЕЙТ елдерiнде мұнай және газ жобаларына инвестицияларды көтермелеу үшiн бiрлескен ИНОГЕЙТ техникалық жәрдем қоры:  2003 жылы жүргiзiлген ИНОГЕЙТ бағдарламасына талдау жасаудың негiзiнде инвестициялар тарту үшiн неғұрлым стратегиялық тәсiлдi қолдануға ұсынымдар берiлдi. Бұл жоба халықаралық қаржы мекемелерiнiң Шығыс Еуропадағы, Кавказдағы және Орталық Азиядағы көлiк инфрақұрылымы жөнiндегi өңiрлiк жобаларға инвестицияларын ынталандыруға бағытталған. Бастапқы кезде, ЕДҚБ жобаларды айқындау мен әзiрлеуде ИНОГЕЙТ-тiң негiзгi әрiптесi болады.

      Сатып алуға  тоқталатын болсақ, жоба қызмет көрсетулерге арналған келiсiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiледi. Оған сондай-ақ жеткiзуге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышы да қосылуы мүмкін.

      (12) Тасистiң өңiрлiк хатшылықтары:  Тасистiң өңiрлiк хатшылықтарына қолдау көрсету 2003 жылғы қазанда өткiзiлген Басымдықтарды бағалауға және зерттеуге сай келедi және төрт саладағы жақсартуға бағытталған. Бұл жобада Киев жедел хатшылығы нығайтылады және мұнай мен газ тасымалдау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларға инвестицияларды ынталандыру үшiн Кавказда және Орталық Азияда екi жаңа өңiрлiк кiшi хатшылықтар құрылады.

      Сатып алуға  тоқталатын болсақ, жобаның қызмет көрсетулерге арналған келісiм-шарт арқылы iске асырылады деп күтiледi. Оған сондай-ақ жеткiзуге арналған келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтың құрамдауышы қосылуы мүмкiн.

      4.3. Төрелiк сот және құқық тәртiбi

      Төрелiк сот және құқық тәртiбi  бағдарламасының мақсаты ТМД-дағы шекара бақылауының интеграцияланған, ТМД және ЕО аумақтарында заңсыз көшi-қонды, контрабанданы және адам саудасын азайтуға бағытталған жүйесiн құру болып табылады. Ол сондай-ақ Украина, Молдова, Беларусь пен жаңа қатысушы елдер арасындағы кеңейтiлген ЕО шекаралары бойындағы шекаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған. Осы бағдарламаны ЕО-дан басқа ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы дүниежүзiлiк күрес жөнiндей күш-жiгердi қолдау үшiн халықаралық конвенциялар мен БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қарарлары қолдап отыр. Үшiншi елдермен көшi-қон, баспана беру саласындағы ынтымақтастық екiншi басымдық болып табылады.
      Индикативтi бағдарлама негiзгi үш саланы қамтиды: шекара бақылауын нығайту; баспана беру және көшi-қон; ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес. Ресурстар осы үш сектор арасында тең бөлiнедi. Шекара бақылауы, баспана беру және көшi-қон тұрғысынан, ең алдымен, ТМД-ның батысындағы елдерге басты көңiл бөлiнетiн болады, бұл көршiлес елдермен қатынастарда Еуропалық саясатта осы өңiрге бөлiнетiн негiзi маңыздылықты көрсетедi. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте үш бастама қолға алынады. Екi жоба есiрткiнiң заңсыз айналымын қамтитын болады; бұл Орталық Азия бойынша Іс-қимылдар бағдарламасы арқылы қамтылатын болады; осылайша, осы бағдарлама географиялық жағынан ТМД-ның батысындағы және Оңтүстiк Кавказдағы елдердi қамтитын болады. Бұған қосымша, Тасис қазiрдiң өзiнде ТМД-ның батысындағы елдерде адам саудасына қарсы күрес үшiн жүргiзiлiп жатқан табысты жұмысқа сүйенетiн болады, сондай-ақ Тасис осы саладағы өз қызметiн Оңтүстiк Кавказда да дамытатын болады.

      (13) Шекара бақылауын нығайту:  Бұл жоба шекара бақылауының жалпы ұлттық жүйелерiн, сондай-ақ шекаралық ынтымақтастықты жақсарту үшiн бенефициар-үкiметтерге жәрдемдесетiн болады. Бұл олардың арасындағы және олардың көршiлерi арасындағы ақпарат алмасуды жақсартады. Бұл жоба екi құрамдауыштан тұрады: бiрiншiсi, молдова өкiметiмен шекара бақылауы мәселелерi бойынша жұмыс жүргiзу; екiншiсi, өңiрлiк ынтымақтастықты күшейту және көршiлермен байланыс желiсiн құру.

      Сатып алуға  тоқталатын болсақ, жоба халықаралық ұйымдармен бiрлесiп қатысу туралы келiсiмдер арқылы, өтiнiмдер беруге шақыру арқылы немесе ЕО-ға мүше елдермен ынтымақтастық арқылы iске асырылады деп күтiлуде.

      (14) ТМД-дағы баспана берудi және көшi-қонды бақылау:  Тасис ТМД елдерiнiң үкiметтерiне баспана беру мен көшi-қон процестерiнiң барлық сатыларында тиiмдi бақылау жөнiндегi жұмыста ұлттық және өңiрлiк деңгейлерде қолдау көрсетедi. Бұдан басқа, ол жөнелтуден қайтаруға дейiнгi сатыларды қамтитын болады. Ол үш құрамдауыштан тұрады: жалпы, 1996 жылғы ТМД елдерi конференциясының баспана беру және көшi-қон бойынша шешiмдерiн орындау; екiншiсi, ТМД-ның батысындағы елдерге басты көңiл бөлiнетiн болады; үшiншiсi, Орталық Азияға бағытталатын болады.

      Сатып алуға  тоқталатын болсақ, жоба бiрлесiп қатысу туралы халықаралық ұйымдармен келiсiмдер арқылы, өтiнiмдер беруге шақыру арқылы немесе ЕО-ға мүше елдермен ынтымақтастық арқылы iске асырылады деп күтiледi.

      (15) Есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама:   Беларусь, Украина және Молдова, 3-саты:  Бұл есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күресте ТМД-ның батысындағы елдердi қолдаудың үшiншi сатысы. Осы сатыда қатерлi топтар арасындағы профилактикалық жұмысқа және темiр жол арқылы есiрткiнiң контрабандасына қарсы күреске басты көңiл бөлiнетiн болады. Жердегi және теңiздегi нақты шекара бақылауы пункттерiне қосымша қолдау көрсетiледi.

      Сатып алуға  тоқталатын болсақ, iске асыру құралдары ретiнде халықаралық ұйымдардың жұмысына тiкелей қатысу көзделiп отыр.

      (16) Есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама: Оңтүстiк Кавказ, 5-саты:  Бұл Тасистiң есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күресте Оңтүстiк Кавказ елдерiнiң үкiметтерiн қолдаудың бесiншi сатысы, ол өңiрдегі ұйымдасқан және трансшекаралық қылмысқа қарсы мейлiнше кеңiнен күрес жүргiзу тұрғысынан iске асырылады. БУМАД-қа тоқталатын болсақ, осы сатыда қатерлi топтар арасындағы профилактикалық жұмысқа және темiр жол арқылы есiрткiнi контрабандалауға қарсы күреске басты көңiл бөлiнетiн болады. Жердегi және теңiздегi нақты шекара бақылауы пункттерiне қосымша қолдау көрсетiлетiн болады.

      Сатып алуға  тоқталатын болсақ, жобаның бірлесіп қатысу туралы келісімдер арқылы iске асырылады деп күтiлуде.

      (17) Оңтүстiк Кавказдағы адам саудасына бағытталған ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес:  Бұл адам саудасына қарсы күресте Оңтүстiк Кавказға көмек көрсету жөнiнде Тасис қаржыландыратын бiрiншi жоба. Ол Тасистiң осы саладағы жұмыс нәтижесiнде, атап айтқанда, ТМД-ның батысындағы елдердегi, алынған тәжiрибеге негiзделетiн болады. Ол басты үш құрамдауыштан тұрады: хабардар етудi қоса алғанда, профилактикалық жұмыс; сот және құқық қорғау органдарының әлеуетiн дамыту жөнiндегi шаралар; зардап шеккен адамдарды оңалту және қалыпты өмiрге қайта бейiмдеу жөнiндегі жұмыс. Жоба өңiр iшiнде және ЕО-да заңсыз графиктен зардап шеккен адамдар санын азайтуға бағытталатын болады, сондай-ақ зардап шеккен адамдарға халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы көмек көрсетедi, қорғайды және оңалтуды жүргізедi.

      Сатып алуға  тоқталатын болсақ, жоба халықаралық ұйымдармен бiрлесiп қатысу туралы келiсiмдер арқылы, өтiнiмдер беруге шақыру арқылы немесе ЕО-ға мүше елдермен ынтымақтастық арқылы iске асырылады деп күтiледi.

       5. ЕК-ке осы Іс-қимыл бағдарламасына кiрмейтiн қосымша
          көмек 

      Тасис 2004 Өңiрлiк iс-қимыл бағдарламасында ұсынылған қызмет салалары Тасистiң тиiстi Ұлттық iс-қимылдар бағдарламалары арқылы қаржыландырылатын салалар сияқты ЕК қаржыландыратын басқа да қосымша қызметтiң салаларымен тығыз үйлестiрiлетiн болады.
Олар географиялық жағынан таяу орналасуына байланысты туындайтын ортақ шекаралас аудандарды экономикалық тұрғыдан дамыту, қоршаған орта және жұқпалы аурулар, заңсыз көшi-қон, контрабанда және адамдар арасындағы байланыстар сияқты проблемаларды шешуге бағытталған Тасистiң Трансшекаралық ынтымақтастық бағдарламасын толықтыратын болады.
      Олар, сондай-ақ Орталық Азия бойынша Іс-қимыл бағдарламасын толықтыратын болады, бұл да Орталық Азия елдерiнде тұрақтылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және оларға тұрақты экономикалық даму мен кедейлiктi төмендетуде көмек көрсетуге бағытталады.
Негiздемелiк iс-қимыл бағдарламасы, INTAS және ISTC/STCU бойынша қызмет салалары арқылы орнықты дамудың нақ сол салаларында (басқаларымен қоса экологиялық мәселелердi және т.б. қоса алғанда) ЕК мен ТМД арасындағы ғылыми және технологиялық ынтымақтастыққа да тиiстi көңiл бөлiнетiн болады.

      6. Басқа донорлармен үйлестiру    

      Жалпы бағдарлама шеңберiнде Тасистiң барлық Өңiрлiк ынтымақтастық жобалары басқа донорлармен, атап айтқанда, кейiннен ауқымды инвестициялар күтiлетiн халықаралық қаржы институттарымен тығыз үйлестiріле отырып әзiрленетiн болады. Төменде бiрқатар мысалдар келтiрiлген:

       Сауданы және инвестицияларды дамыту

      2004-2006 жылдарға арналған Индикативтiк бағдарламаға сәйкес ТРАСЕКА мен ИНОГЕЙТ iрi инвестициялық жобалар бойынша халықаралық қаржы институттарымен, ең бастысы, ЕДҚБ-мен және Дүниежүзiлiк Банкпен тығыз жұмыс iстейтiн болады.

       Табиғи ресурстарды орнықты басқару

      ЕО-ға мүше елдер, халықаралық ұйымдар, атап айтқанда, ЮНЕП және Жаһандық қоршаған ортаны қорғау қоры (GEF), халықаралық қаржы институттары, атап айтқанда, Дүниежүзiлiк Банкi арасында табиғи ресурстарды тұрақты басқару мәселелерi бойынша тығыз әрi тұрақты үйлестiру жүзеге асырылады.

      Төрелік сот және құқық тәртiбi

      Әдiл сот және құқықтық тәртiп саласында, Комиссия әсiресе, қауiпсiздiк және контрабандаға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша АҚШ-тың мемлекеттiк органдарымен (ЮСАИД, INL және PRM) өзара тығыз iс-қимылды қамтамасыз етуге тырысады. Бұдан басқа, БҰҰ жоғарғы комиссарының Босқындар ісі жөнiндегi басқармасы, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, Халықаралық көшi-қон жөнiндегi ұйым және Халықаралық еңбек ұйымы әдiл сот және құқықтық тәртiп саласындағы маңызды әріптестер болып табылады.
      Күш-жiгердi тығыз үйлестiру бағдарламаның және жобалау циклының барлық сатыларында бағдарламаларды жасаудан бағалауға дейiн, бүкiл iске асыру кезеңiнде жобаны әзiрлеуден жабуға дейiн қамтамасыз етіледi. Осы үйлестiру процесi ресми де (үйлестiру жөнiндегi кездесулер және қысқаша хабардар ету), ресми емес те тұрақты байланыстарды қолдау негiзiнде ұдайы жүзеге асырылатын болады.      

      7. Бағдарламаны орындау  

        7.1. Қаржылық келiсiмге қол қоюдың уақыттық шектерi

      Қаржылық келiсiмге, тым кешiктiргенде, тиiстi жаһандық қаржылық міндеттеме қабылданған жылдан кейiнгi жылдың 31 желтоқсанында қол қойылуға тиiс. Егер бұған қол жеткiзiлмесе, осы үшiн бөлiнген қорлар жойылатын болады.

      7.2. Орындау кезеңдерi

      (а) Қаржылық келiсiмдi iске асыру кезеңi Қаржылық келiсiмнiң
          күшiне енуiмен басталады және 2011 жылғы 31 желтоқсанда
          аяқталады.

      (b) Бұл орындау кезеңi жекелеген екi сатыға бөлiнедi:

      (i) Негiзгі қызмет салаларын операциялық iске асыру. Бұл кезең
          Қаржылық келiсiмнiң күшiне енуiнен басталып, 2009 жылғы 31
          желтоқсанда аяқталады.

      (іі) Аяқтау сатысы, бұл уақытта қаржылық келiсiмдi iске
           асыруға арналған келiсiм-шарттарды техникалық және
           қаржылық тұрғыдан аяқтаумен қатар ақтық аудиттер мен
           бағалау жүргiзiлетiн болады. Бұл кезең операциялық iске
           асыру сатысы аяқталған күннен басталып, орындау
           кезеңiнiң соңында аяқталады.

      (с) Негiзгi қызметпен байланысты шығыстар операциялық iске
          асыру сатысында жұмсалған болса, оларды Қоғамдастық
          қаржыландыруға тиiс. Ақтық аудиттермен, бағалаумен және
          қызметтi аяқтаумен байланысты шығыстар аяқтау сатысының
          соңына дейiн қаржыландырылуға тиiс.

      (d) Қоғамдастық салымы қаражатының кез келген қалдығы орындау
          кезеңi аяқталған соң алты айдан кейiн автоматты түрде
          жойылатын болады.

      7.3. Келiсiм-шарттар жасасу және субсидиялар беру
           рәсiмдерi

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған барлық келiсiм-шарттар стандартты рәсiмдердi және Сыртқы операцияларды iске асыру жөнiндегі комиссияның рәсiмдер басталған кезеңде жарамды болатын құжаттарын пайдалана отырып жасалуға тиiс.

      7.4. Келiсiмдi iске асыруға арналған келiсiм-шарттар

      (а) Қаржылық келiсiмдi iске асыруға бағытталған
          келiсiм-шарттарға екi тарап Комиссия қаржылық мiндеттеме
          қабылдаған кезден бастап үш жыл iшiнде қол қоюға тиiс.
          Бұл соңғы мерзiм болып табылады және ұзартылмайды. Осы
          аталған мерзiмге дейiн келiсiм-шарттар жасалмаған кез
          келген қорлар жойылатын болады.

      (b) Қол қойылғаннан кейiн үш жыл iшiнде сол бойынша қандай да
          бiр төлем жасалмаған кез келген келiсiм-шарт автоматты
          түрде тоқтатылады, ал оның қорлары жойылатын болады.

      7.5. Мониторинг, бағалаулар мен аудиттер

      Iске асыру кезiнде тиiстi жоспарлау мен ұдайы мониторинг жүргiзу ұдайы есептер нысанында жүргiзiлетiн болады. Сондай-ақ iске асыру кезiнде және бағдарламаның соңында бағалау, сондай-ақ бағдарламаның аудитi жүргiзiлетiн болады.
      Кейiннен қол қойылуы ықтимал аудит және бағалау келiсiм-шарттарына 7.4.(а)тармағының қатысы жоқ.

      8.Құны және қаржыландыру

      Бағдарлама Қоғамдастық гранты бойынша әртүрлi қызмет салалары бойынша мынадай тәртiппен бөлiнген 45 миллион евро мөлшерiнде қаржыландырылатын болады:

Тақырыптық салалар

Евро(миллион)

Табиғи ресурстарды тұрақты басқару

15,00

1. Еуразия даласындағы жерлердi тұрақты әрi
кешендi басқару
2. Кавказ бойынша тау конвенциясын қолдау
3. Каспий теңiзiнiң және оның жағалау сызығының
қоршаған ортасы
4. Қара теңiздiң экологиялық мәселелерi бойынша
ынтымақтастық
5. Деректер жинау жөнiндегi Еуропалық Экологиялық
Агенттiк
6. Еуропа үшiн экология процесiне қолдау көрсету

  

Сауданы және инвестицияларды дамыту

15,00

7. Авиациялық диспетчерлiк қызметтің жұмыс
iстеушi персоналын оқыту
8. Теңiз қатынасын жақсарту
9. ТРАСЕКА бағдарламасы бойынша Орталық Азиядағы
жолдарды қайта жаңарту
10. Әзiрбайжандағы жүрдек автомобиль жолдарын
қайта жаңарту
11. Инвестицияларды ынталандыру үшiн ИНОГЕЙТ қоры
12. Тасистің Өңiрлiк хатшылықтары

  

Әдiл сот және құқықтық тәртiп

15,00

13. Шекара бақылауы
14. Баспана беру және көшi-қон
15. Есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес
жөнiндегi бағдарлама: Беларусь, Украина және
Молдова
16. Оңтүстiк Кавказдағы есiрткiнiң заңсыз
айналымына қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама
17. Адам саудасына бағытталған Оңтүстiк
Кавказдағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес

  

Жалпы сомасы

45,00

         2004 жылға арналған Өңiрлiк iс-қимыл жоспары

    Бағдарлама          Сомасы     Елдер Қазақстан,    Е млн.
Табиғи ресурстарды                    
тұрақты басқару

1. Еуразия далаларының         8   Қазақстан, Молдова,           2.0
жерлерiн үздiксiз                  Ресей және Украина
интеграциялы пайдалану

2. Кавказ тауы жөнiндегi     0.5   Армения, Әзiрбайжан,          0.0
конвенция                          Грузия, Ресей
                                   Федерациясы
                                          
3. Каспий теңiзi мен оның    2.5   Әзiрбайжан, Қазақстан,
жағалау сызығының                  Ресей, Түркменстан
экологиясы жөнiндегi
шаралар                                                        0.625

4. Қара теңiздiң
экологиясы саласындағы       2.5   Молдова, Украина, Ресей,      0.0
ынтымақтастық                      Грузия

5. Еуропалық агенттiктiң       1   Шығыс Еуропа мен Орта     0.83333
қоршаған ортаны қорғау             Азияның барлық елдерi
жөнiнде дерек жинауы

6. "Еуропадағы Экология"     0.5   ЭЫДҰ / Қоршаған ортаны    0.41667
процесiне қолдау көрсету           қорғау министрлiктерi,
                                   Шығыс Еуропа мен Орта
                                   Азия елдерi

Сауданы және инвестиция-
ларды (жүйелi) дамыту

7. Әуе көлiгi қызметкер-     2.5   Армения, Әзiрбайжан,     0.277778
лерiн оқыту                        Грузия, Қазақстан,
                                   Қырғызстан, Молдова,
                                   Тәжiкстан, Түркменстан
                                   және Өзбекстан

8. Теңiз бойынша коммуни-    2.5   Болгария, Грузия, Румыния,    0.0
кацияны жақсарту                   Түркия, Украина

9. ТРАСЕКА шеңберiнде          2   Қазақстан, Өзбекстан          1.0
Орталық Азиядағы жолдарды
қалпына келтiру

10. Әзiрбайжандағы жолдарды    2   Әзiрбайжан                      0
қалпына келтiру

11. ИНОГЕЙТТІҢ инвестициялар   3   Армения, Әзiрбайжан,          0.3
деңгейiн ұлғайту жөнiндегi         Беларусь, Грузия,
техникалық көмегi шеңберiн-        Қазақстан, Қырғызстан,
дегi қаражат                       Молдова, Украина, Өзбекстан
                                   және Түркменстан

12. ИНОГЕЙТТІҢ өңiрлiк         3   Армения, Әзiрбайжан,          0.3
хатшылықтары                       Беларусь, Грузия,
                                   Қазақстан, Қырғызстан,
                                   Молдова, Украина, Өзбекстан
                                   және Түркменстан

Әдiл сот және құқықтық
тәртiп

13. Шекараны басқару           5   Молдова, Украина, Беларусь    0.0

14. Баспана және көші-қон      5   ТМД барлық елдерi,        0.83333
                                   негізiнен Беларусь,
                                   Молдова, Қазақстан,
                                   Қырғызстан, Тәжiкстан
                                   және Өзбекстан

15. Беларусьте, Украинада    1.5   Беларусь, Украина және        0.0
және Молдовада есiрткiнiң          Молдова
заңсыз айналымына қарсы
күрес жөнiндегі бағдарлама

16. Оңтүстiк Кавказда          2   Оңтүстiк Кавказ: Армения,     0.0
есiрткiнiң заңсыз                  Әзiрбайжан және Грузия
айналымына қарсы күрес
жөнiндегі бағдарлама

17. Оңтүстiк Кавказдағы       1.5   Оңтүстiк Кавказ: Армения,    0.0
адам саудасына бағытталған         Әзiрбайжан және Грузия
ұйымдасқан қылмысқа қарсы
күрес

Жинағы:                       45                            4.627778

      9. Мемлекеттiк мiндеттемелер - Шарттар

      Көмек жәрдемдесудiң бүкiл мерзiмiнде ынтымақтастықты жалғастыруға негiзделетiн мiндеттi элементтер болғанда жүзеге асырылады, атап айтқанда, бұл демократия қағидаттарына және адам құқықтарын сақтауға, сондай-ақ Әрiптестiк және ынтымақтастық туралы келiсiмде белгiленген бенефициар-елдердiң мiндеттемелерiне қатысты.

      Глоссарий

БОМКА (ВОМСА- Border Management Central Asia Programme)

Орта Азияда шекараны басқару бағдарламасы

  

КАДАП (CADAP- Central-Asia Drug Action Programme)

Орта Азияда есірткемен күресі бағдарламасы 

  

ИНОГЕЙТ (INOGATE- Inter-State Oil&Gas Transport to Europe)

Еуропаға мұнай мен газды халықаралық тасымалдауы 

  

ТРАСЕКА (TRACECA -Transport Corridor Europe-Caucasus-Asia)

Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі

  

TEN (Tempus Energy Networking)

"Темпус" энергетикалық жүйесі

  

БУМАД (BUMAD - Belarus, Ukraine and Moldova against Drugs)

Беларусь, Украина және Молдова есірткеге қарсы

  

СКАД (SCAD - Southern Caucasus anti Drag Programme)

Оңтүстік Кавказ есірткеге қарсы

  

MOM (IOM - International Organisation Migration)

Көшіп-қону халықаралық ұйымы

  

ISTC (International Scientific-Technical Center)

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық

  

INTAS (International Association for the Promotion of Cooperation with Scientists from the New Independent States of the Former Soviet Union)

Бұрынғы Кеңес одағының жаңа тәуелсіз елдерінің ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту халықаралық ассоциациясы

  

БҰҰДБ (UNDP - United Nations Development Programme)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы

  

ЕҚДБ

Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі

  

ЮНЕП (UNEP - United Nations Environment Programme)

Қоршаған орта бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасы

  

PRM

Population, Refugees, and Migration Bureau (US)

Халық, қашқындар мен миграция бюросы (ҚШ)

  

TEN-T (The Trans-European Transport Networks)

Транс-еуропалық көлік жүйесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады