Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру жөнiндегi келiссөздердегi өзара iс-қимыл туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 219 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру жөнiндегi келiссөздердегi өзара iс-қимыл туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Ғалым Iзбасарұлы Оразбақовқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру жөнiндегi келiссөздердегi өзара iс-қимыл туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.29.  N 66 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Министрлер
Кабинетi арасындағы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру жөнiндегi
келiссөздердегi өзара iс-қимыл туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Yкiметі,
      екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрi кеңейтуге ұмтыла отырып,
      бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Украина Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiру жөніндегі келiссөздер процесiнде тұрғандығын ескере отырып, сондай-ақ осы мәселеде өзара жәрдем көрсету мақсатында,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Тараптардың бiреуi ДСҰ-ға екiншiсiнен бұрын кiрген жағдайда, кiрген Тарап екiншi Тараптың ДСҰ-ға тезiрек кiруiне жәрдемдесетiн болады.

  2-бап

      Кiрген Тарап екiншi Тарапқа екi жақты келіссөздер форматында тауарлар мен қызметтер рыногына қол жеткiзу бойынша сұрау салмайтын болады және екiншi Тараптың ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi көп жақты келiссөздер шеңберінде жәрдем көрсететiн болады.

  3-бап

      Тараптар осы Хаттаманың ережелерiн iске асыруға жәрдем көрсететiн болып уағдаласты.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуіне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны соңғысы алған күннен бастап күшiне енедi.

      2006 жылғы ____ _______________ _______________ қаласында
әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдеріндегі екі тұпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының          Украина Министрлер
           Үкіметі үшін                     Кабинеті үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады