"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006 - 2014 жылдарға арналған стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне олардың орындалуы жөнiнде ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгi жыл сайын 10 шiлдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 5 сәуiрдегi
N 240 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және
есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006 - 2008 жылдарға
арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында нашақорлыққа
және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң
2006 - 2008 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа
және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің
2006 - 2014 жылдарға арналған
стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29
қарашадағы N 1678 Жарлығы
Әзiрлеуге жауапты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
мемлекеттiк орган министрлiгi
Бағдарламаның Есiрткiнi терiс пайдаланудың және олардың
мақсаты заңсыз айналымының өсуiн тоқтату,
есiрткілердің таралуын қоғамға барынша
аз қауiп келтiретiн деңгейге дейiн
дәйектiлiкпен қысқарту үшiн жағдай жасау
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында есiрткiге қарсы
мiндеттерi қызметтiң субъектілерi арасындағы өзара
iс-қимылды одан әрi дамыту
Әлеуметтiк салада есiрткiге қарсы қызметтi
реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны
әзiрлеу
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар
мен прекурсорлардың заңсыз айналымына
қарсы iс-қимыл жасау тетiгiн жетiлдiру
Есiрткiге қарсы насихатты жетiлдiру,
салауатты өмiр салтының дағдыларын сiңiру
Психикалық белсендi заттарға тәуелдi
адамдар профилактикасының,
диагностикасының, оларды емдеудiң,
оңалтудың, қайта әлеуметтендiрудiң қазiргi
заманғы технологияларын әзiрлеу
Наркологиялық емдеу-алдын алу
мекемелерiнiң құрылымын, технологиясын,
штаттық кестесiн және
материалдық-техникалық базасын қазiргi
заманғы наркологиялық көмек көрсетудi
ұйымдастырудың заңнамада бекiтiлген
стандарттарына сәйкес келтiру
Автоматтандырылған психологиялық
тестiлеудiң мамандандырылған
бағдарламаларын, есiрткiге қарсы мектеп
және отбасылық бейнеқорды құру және енгiзу
Жабайы өсетiн құрамында есiрткi бар
өсiмдiктерге қарсы күрестiң ғылыми
технологияларын әзiрлеу
ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердiң осындай
жүйелерiне кейiннен ықпалдасу мақсатында
жедел, статистикалық, есепке алу және
өзге де мәлiметтер алмасудың
ведомствоаралық автоматтандырылған
жүйелерiн құру
Мемлекеттiк шекараның бүкiл периметрi
бойынша шекаралық бақылауды күшейту.
Iске асыру мерзiмi 2006 - 2008 жылдар
Қаржыландыру көздерi 2006 жылдан 2008 жылға дейiнгi мерзiмге 2
және көлемдерi млрд. 620 млн. 350 мың теңге сомасындағы
мемлекеттiк бюджет қаражаты, оның iшiнде
республикалық бюджеттен 1 млрд. 873 млн.
272 мың теңге және жергiлiктi бюджеттерден
747 млн. 078 мың теңге.
Күтілетiн нәтиже Есiрткiнi терiс пайдаланатын адамдарды
анықтауды арттыру және олардың санын
қысқарту
Мемлекеттiк шекарада есiрткiнi заңсыз
өткiзуге қарсы бақылауды күшейту
Есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен
прекурсорлар айналымын мемлекеттiк
бақылау жүйесiн жетiлдiру
Есiрткiнiң заңсыз айналымымен байланысты
iстер бойынша сот iсiн жүргiзудiң сапасын
жақсарту
Есiрткiге сұранысты қысқарту, есiрткiге
тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту,
есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу
нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы
күрес жөнiндегi арнайы бөлiмшелер
қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiн
көтеру саласындағы перспективалық
бағдарламаларды әзiрлеу мен енгiзуде
техникалық көмек көрсету үшiн халықаралық
ұйымдар мен донор елдердiң назарын аудару
жолымен есiрткiнiң заңсыз айналымын
бақылау саласындағы тығыз халықаралық
ынтымақтастық
Нашақорлықпен ауыратын адамдар
профилактикасына, оларды емдеуге және
оңалтуға, сондай-ақ есiрткi қылмысына
қарсы күрес жөнiндегi құқық қорғау
органдарының қызметiне жұмсалатын
шығындарды оңтайландыру
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу
және оңалту әдiстемелерiн жетiлдiру
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу
технологиясын және дене шынықтыру-алдын
алу жұмысының ұйымдастырушылық-басқару
модельдерiн әзiрлеу және сынап байқау
жөнiндегi өңiраралық дене шынықтыру-спорт
орталықтарын, сондай-ақ оңалту
орталықтарының есiрткiнi терiс
пайдаланатын балалар мен жасөспiрiмдерге
арналған бөлiмшелерiн құру және олардың
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
Түрлi өнеркәсiп өнiмдерi мен медициналық
препараттар алу мақсатында құрамында
есiрткi бар өсiмдiктердi қайта өңдеу
технологиясын әзiрлеу
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.11. N 288 қаулысымен.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiмi мен әл-ауқаты" атты 4-ұзақ мерзiмдi басымдықтың құрауышы болып табылады. Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығымен бекiтiлген iске асырылуы үш кезеңге бөлiнген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006 - 2014 жылдарға арналған стратегиясының негiзгi ережелерiн басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлендi, онда нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-қимылдың бiрiншi кезеңдегi негiзгi бағыттары баяндалған.
Бағдарлама нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы бұрын қолданыста болған бағдарламаларға қатысы бойынша сабақтастық қағидаты сақтала отырып әзiрлендi.
3. Проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Географиялық орналасуы, көлiк инфрақұрылымының қарқынды дамуы, көптеген шектес мемлекеттермен шекараның "ашықтығы" және бiздiң мемлекетiмiздiң iшiндегi әлеуметтiк-экономикалық тұрақты жағдай Қазақстанның Оңтүстiк-Батыс, Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнен Ресейге, одан әрi қарай Еуропаға есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың транзитi үшiн "көлiк дәлiзi" болуына ықпал еттi.
Қолданылып отырған шараларға қарамастан, республикадағы есiрткi ахуалы күрделi күйiнде қалуда және тұрақты келеңсiз серпiнмен сипатталады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған стратегиясының үш кезеңi iске асырылды.
Бiрiншi кезең 2000 - 2001 жылдарды қамтыды, оның қорытындысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000 - 2001 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру арқылы елде нашақорлыққа қарсы күрес жүйесiнiң негiзгi буындарын құру болды.
Мәселен, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттен 260 млн. теңгеге жуық сомаға техника, жабдық, материалдар түрiнде нақты қолдау алды.
Бұрын болған консультативтiк-кеңесшi орган - Есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның орнына кейiннен уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес комитеті болып қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес агенттігi құрылды.
Әр облыста, Астана және Алматы қалаларында әкiмдердiң орынбасарлары басқаратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес комитетiне есеп беретiн нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк комиссиялар жұмыс iстей бастады, бұл жергiлiктi жерлерде есiрткiге қарсы жұмысты жолға қоюға мүмкiндiк бердi.
Екiншi кезең Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi N 736 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру арқылы бұрын құрылған буындарды нығайтуға бағытталды.
Мемлекеттiк және үкiметтік емес ұйымдардың қызметiн талдау Қазақстан Республикасының Үкiметi қойған мақсаттар мен мiндеттердiң орындалғанын, нәтижесiнде белгiлi бiр оң нәтижелерге қол жеткiзiлгенiн көрсеттi.
Осылайша, республика өңiрлерiнде наркологиялық қызметтердi жетілдiру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылды, нашақорлықтың таралуының жаңа үрдiстерi ескерiле отырып, наркологиялық диспансерлердiң құрылымында кәмелетке толмағандарды емдеуге арналған стационарлық бөлiмшелер құрылды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес проблемаларына арналған мерзiмдi журнал шығарылуда және өтеусiз негiзде таратылуда, Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласына халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң қаражаты айтарлықтай белсендi түрде тартылды, арнайы бөлiмшелердi, кинологиялық қызметтердi ұйымдастыру және материалдық-техникалық нығайту жалғасты.
Үшiншi кезең Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимылдың толық ауқымды жүйесiн қалыптастыруға бағытталды, оны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 411 қаулысымен Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.
2004 жылғы бiрiншi тоқсанда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылды оған барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес құрылымдардың есiрткiге қарсы қызметiн үйлестiру жөнiндегi функциялар жүктелдi. Өңiрлiк деңгейде нашақорлыққа қарсы қызметтi әкiмдiктер жанындағы өңiрлiк комиссиялардың басшылығымен барлық мемлекеттiк органдар мен қоғамдық институттар жүзеге асырылады. Олардың көпшiлiгiнiң құрамына Төраға орынбасары деңгейiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Iшкi iстер департаменттерi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес басқармаларының бастықтары енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң әсiресе соңғы жылдары шиеленiсе түскен проблемалары Азия мен Еуропада жүрiп жатқан әскери-саяси сипаттағы жаhандық процестерге де, сондай-ақ түрлi елдердегi қылмыстық күштердiң жеке әлеуметтiк проблемаларды есiрткiнiң заңсыз саудасының, дiни фанатизм мен экстремизмнiң, халықаралық терроризмнiң арандатушылықтары желiсiн кеңейту арқылы шешуге өсiп отырған ұмтылысына да байланысты.
Есiрткiнiң заңсыз айналымының көлемi мен Қазақстанда оларды терiс пайдалану ауқымы халықтың денсаулығына қатер төндiрiп қана қоймай, сонымен бiрге экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайға, мемлекет жүргiзiп отырған экономикалық реформалар процесiне терiс әсер ете отырып, өсе түсуде.
2005 жылғы 1 қаңтарда "нашақорлық" диагнозымен 47 мың 903 адам есепте тұрды. Нашақорлықтың жастар арасында таралуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Әйелдер арасында есiрткiге тәуелдiлердiң саны өсуде.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетiнiң деректерi бойынша (2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) есiрткiлердi терiс пайдаланатын 53577 адам есепте тұрады, оның iшiнде 4940 әйел, 4843 кәмелетке толмағандар (қоса алғанда 14 жасқа дейiнгiлер - 1233).
Тұтастай алғанда, 1991 жылдан бастап есiрткiге тәуелдiлердiң саны 4,5 есе дерлiк көбейдi.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы жүргiзген зерттеу деректерi бойынша 2002 - 2003 жылдары елде есiрткi тұтынушылардың нақты саны 200 000-нан астам адамды немесе жалпы халық санының 1,3%-ын, немесе еңбекке қабiлеттi халықтың 2,06%-ын құрады.
Ересек халықтың арасында есiрткiге тәуелдiлiктi анықтаудың ең жоғары көрсеткiштерi Алматы қаласында, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында, ал балалар мен жасөспiрiмдер арасында - Алматы және Қарағанды облыстарында, Астана қаласында тiркелдi.
Есiрткiге тәуелдiлерге арналған "Кездесу" қоғамы" (Амелия қаласы, Италия) әлеуметтiк-оңалту орталығы әзiрлеген нашақорлық профилактикасы және оның алдын алу, салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi шетелдiк оң тәжiрибе Ақмола облысының Раздольное ауылында орналасқан Есiрткiге тәуелділердi әлеуметтiк оңалту орталығын құру және оның жұмысын ұйымдастыру кезiнде пайдаланылды.
Қалыптасқан жағдайдың күрделiлiгi мен оның маңыздылығын Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында жүргiзiлген, 18 жастан асқан 12 мың адам қатысқан әлеуметтiк сауалнамалардың нәтижелерi де көрсетті. Қазақстандықтардың көпшiлiгi нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң таралуын заманымыздың ең елеулi қаупi деп санайды. Атап айтқанда, сұралғандардың 30,3%-ы нашақорлық пен есiрткi бизнесi проблемасы бүгiнгi күнi басқалармен қатар "Қазақстан үшiн ең өткiр проблемалардың бiрi" болып табылады деп санайды.
Статистикалық деректердi талдау есiрткiнiң заңсыз таралуымен және оларды медициналық емес мақсатта пайдаланумен байланысты қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың тұрақты өсу үрдiсiнiң сақталып отырғанын куәландырады. Оның нашарлау себептерiнiң бiрi ел iшiндегі есiрткiге тәуелдi адамдар санының өсуiне тiкелей әсер ететiн Қазақстан Республикасының аумағы арқылы "ауыр" есiрткiлердiң транзитi болып табылады.
2001 - 2005 жылдар аралығында Қазақстанның құқық қорғау органдары 62519 есiрткi қылмыстарын тiркедi, есiрткi құралдарын өткiзудiң 22021 фактiсi анықталды, заңсыз айналымнан 104,5 тоннадан астам әр түрлi есiрткi құралдары, оның iшiнде 2 тоннадан астам героин алынды.
Тек 2005 жылдың iшiнде 9741 есiрткi қылмысы, оның iшiнде есiрткi өткiзудiң 4330 фактiсi анықталды, заңсыз айналымнан 23 тонна 696 кг астам есiрткi құралдары, оның iшiнде 625 кг-нан астам героин алынды.
Жүрiп жатқан есiрткi рыногын қарқынды құрылымдық қайта құрудың салдары дәстүрлi каннабис тобындағы есiрткiлердi героин, апиын сияқты белсендiлiгi жоғары, қымбат тұратын және денсаулыққа анағұрлым қауiптi есiрткiлердiң ығыстыруы болды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасындағы есiрткi ахуалы:
есiрткiнiң заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар санының көбеюiмен;
есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң, оның трансұлттық сипатына және Қазақстан Республикасы аумағының транзиттiк рөлiне байланысты ерекшелiгiн тиiсiнше есепке алмаумен байланысты мемлекеттiк және кедендiк шекараларды қорғау жөнiнде тиiстi қызметтер қабылдайтын шаралардың тиiмсiздiгiмен;
құзыретiне есiрткi бизнесiнiң ақшасын "жылыстату" фактiлерiн анықтау және жолын кесу кiретiн мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау тетiгiнiң жоқтығымен;
есiрткi қылмысының ұйымдасқан нысандарына қарсы күрес тиiмдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгiмен;
есiрткiнi тұтынушылар жасының төмендеуiмен;
есiрткiге тәуелдiлiктен зардап шегетiн адамдарға алдын алу, емдеу және оңалту көмегiнiң жеткiлiксiз дамуымен;
есiрткiнiң екiншi айналымын болдырмау мақсатында оларды есепке алу, сақтау және жою тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталмауымен;
есiрткi бизнесiне қарсы күрес мәселелерiн регламенттейтiн ғылыми, әдiстемелiк және практикалық базаның жеткiлiксiздiгiмен;
әлеуметтiк-психологиялық оңалтудың тұтас жүйесiнiң болмауымен сипатталады.
Республикада есiрткiленудiң бетiн қайтару нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресте барлық қоғамдық және мемлекеттiк институттардың күш-жiгерiн нақты жұмылдырғанда ғана мүмкiн болады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты есiрткiнi терiс пайдаланудың және олардың заңсыз айналымының өсуiн тоқтату, есiрткiлердiң таралуын қоғамға барынша аз қауiп келтiретiн деңгейге дейiн дәйектiлiкпен қысқарту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Бағдарламаның аса маңызды мiндеттерiнiң қатарынан мыналарды бөлiп көрсету қажет:
Қазақстан Республикасында есiрткiге қарсы қызметтiң субъектiлерi арасындағы өзара iс-қимылды одан әрi дамыту;
есiрткiге қарсы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасау тетiгiн жетiлдiру;
есiрткiге қарсы насихатты жетiлдiру, салауатты өмiр салтының дағдыларын сiңiру;
психикалық белсендi заттарға тәуелдi адамдар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудiң, оңалтудың, қайта әлеуметтендiрудiң қазiргi заманғы технологияларын әзiрлеу;
наркологиялық емдеу-алдын алу мекемелерiнiң құрылымын, технологиясын, штаттық кестесiн және материалдық-техникалық базасын қазiргi заманғы наркологиялық көмек көрсетудi ұйымдастырудың заңнамамен бекiтiлген стандарттарына сәйкес келтiру;
автоматтандырылған психологиялық тестiлеудiң, есiрткiге қарсы мектеп және отбасылық бейнеқор мен кiтапхананың мамандандырылған бағдарламаларын құру және енгiзу;
жабайы өсетiн құрамында есiрткi бар өсiмдiктерге қарсы күрестiң ғылыми технологияларын әзiрлеу;
кейiннен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ұқсас жүйелерiмен ықпалдасу мақсатында жедел, статистикалық, есепке алу және өзге де мәлiметтермен алмасудың ведомствоаралық автоматтандырылған жүйелерiн құру;
мемлекеттiк шекараның бүкiл периметрi бойынша шекаралық бақылауды күшейту.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiктерi
Осы Бағдарламаны iске асыру мыналарға бағытталады:
Қазақстан Республикасында есiрткi ахуалының дамуының жай-күйiн және үрдiсiн талдауға, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға;
мемлекеттiк органдармен бiрлесiп есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясат пен стратегияны әзiрлеуге және iске асыруға;
заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорытындылау жолымен есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы заңнаманы жетiлдiруге;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған жедел-алдын алу iс-шаралары мен операцияларын жүргiзуге;
республикалық және өңiрлiк деңгейде әрi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есiрткiге қарсы iс-шараларды жүргiзу жолымен қоғамдық иммунитеттi қалыптастыруға, балалар мен жастар үшiн қолжетiмдi спорттық-демалу мекемелерi кешенiн дамытуға;
нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық және әлеуметтiк-психологиялық көмек көрсету кешенiн жақсартуға, оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiктi қамтамасыз етуге, оңалту және алдын алу бағдарламаларын әзiрлеуге және енгiзуге, Есiрткiге тәуелдiлер үшiн бiрыңғай телефонмен консультация беру қызметiн дамытуға;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласында, оның iшiнде құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi гербицидтермен және мәдени өсiмдiктермен ығыстыру саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдар профилактикасы, оларды емдеу мен әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жолымен мемлекеттiк органдарды ұйымдастырушылық-кадрлық тұрғыдан нығайтуға; "нашақорлық" диагнозы қойылған адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалтуға бағытталған бағдарламаларды және тиiстi қызметтердiң түр-түрiн құруға және дамытуға;
есiрткiнiң заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы күрестi тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi техника мен жабдықтарды сатып алу жолымен нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресте әрекет ететiн мемлекеттiк органдарды кадрлық және материалдық-техникалық тұрғыдан нығайтуға;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлігiн одан әрi арттыруға, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасауға. Есiрткi бизнесiне қарсы күресу ақпаратымен, тәжiрибесiмен және әдiстерiмен алмасу үшiн ғылыми-практикалық конференциялар, кездесулер өткiзуге.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны орындау оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес, республикалық және жергiліктi бюджеттерде тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде және бюджеттiк бағдарламалар мен заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет қаражатынан 2006 жылы - 678 млн. 506 мың теңге, 2007 жылы - 442 млн. 603 мың теңге, 2008 жылы - 752 млн. 163 мың теңге, жергiлiктi бюджет қаражатынан 2006 жылы - 341 млн. 333 мың теңге, 2007 жылы - 202 млн. 401 мың теңге, 2008 жылы - 203 млн. 344 мың теңге көлемiнде қаржыландыруды талап етедi.
2007 және 2008 жылдарға арналған шығыстар сомасы болжалды болып табылады және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердің жобасын қалыптастыру кезiнде республикалық бюджеттiк комиссия және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттiк комиссиялары нақтылайтын болады.
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.11. N 288 қаулысымен.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асыру мыналарға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
заңсыз айналымнан алынған есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың көлемiн ұлғайтуға;
есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды терiс пайдалану нәтижесiнде жасалатын қылмыстардың санын азайтуға;
нашақорлықтың алдын алу жүйесi мен есiрткi бизнесiне қарсы іс-қимыл жасау тетiгiн одан әрi жетiлдiру арқылы есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды терiс пайдаланылатын адамдардың анықталуын және оларды есепке қоюды ұлғайтуға;
нашақорлықпен ауыратын адамдардың профилактикасына, оларды емдеуге және оңалтуға, сондай-ақ есiрткi қылмысына қарсы күрес жөнiндегi құқық қорғау органдарының қызметiне жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға;
нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу, оңалту және қайта әлеуметтендiру әдiстемелерiн жетiлдiруге;
балалар мен жастар үшін қолжетiмдi спорттық-демалыс мекемелерi кешенін құруға;
есiрткiнiң заңсыз енуiне қарсы Қазақстан Республикасының кедендiк және мемлекеттік шекараларын бақылауды күшейтуге;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетілдiруге;
есiрткiнiң заңсыз айналымымен байланысты iстер бойынша сот iсiн жүргізуді жетiлдiруге;
есiрткiге сұранысты азайту, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту, есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында олардың қаржылық және техникалық көмек көрсетуi үшiн халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң назарын аудару жолымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға;
түрлi өнеркәсiп өнiмдерi мен медициналық препараттар алу мақсатында құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өңдеу технологиясын әзiрлеуге.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.11. N 288 қаулысымен.
р/с |
Іс-шара |
Аяқтау |
Орындауға |
Орындалу |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау |
||||
1. |
Қазақстан Республикасын- |
Үкіметке |
ІІМ |
Тоқсан |
2. |
Нашақорлыққа және есірткі |
Үкімет |
ІІМ |
2008 жылғы |
3. |
Есірткінің заңсыз айналы- |
Прокурорлық |
БП |
2006 - |
4. |
Есірткінің заңсыз |
Прокурорлық |
БП |
2006-2008 |
5. |
Мемлекеттік органдардың |
Тиісті |
ІІМ |
Жыл сайын |
6. |
Нашақорлықтың және есірт- |
Комиссияның |
ІІМ |
Тоқсан |
7. |
Тиісті мемлекеттік орган- |
Тиісті |
ІІМ |
Маусым, |
2. Нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру жөніндегі |
||||
8. |
Республикалық және өңір- |
Тиісті акция |
ІІМ, |
2006-2008 |
9. |
Халықаралық нашақорлыққа |
Тиісті |
ТСМ, |
2006-2008 |
10. |
Мектеп оқушылары мен студенттер арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға арналған "Спорт есірткіге қарсы", "Туризм есірткіге қарсы" спорттық-бұқаралық және туристік іс-шараларын өткізу |
Тиісті |
ІІМ, |
2006-2008 |
11. |
Халыққа нашақорлыққа және |
Баспасөз |
ІІМ, |
2006-2008 |
12. |
Қылмыстық-атқару жүйесі |
Ақпараттық |
Әділетми- |
2006-2008 |
13. |
Студенттер мен мектеп |
Акциялар, |
ІІМ, БҒМ, |
2006-2008 |
14. |
Қоғамдық орындарда есірт- |
Көрнекі үгіт |
Облыстар- |
2006-2008 |
15. |
Дене шынықтырумен, |
Секциялар |
ТСМ, БҒМ, |
2006-2008 |
16. |
Девиантты мінез-құлықты |
ІІМ-ге |
БҒМ |
2006-2008 |
17. |
"Есірткісіз болашақ" |
Конкурстар, |
ІІМ, БҒМ, |
2006-2008 |
18. |
Спорт алаңдарын ашу және |
Спорт |
Облыстар- |
|
19. |
Нашақорлыққа және есірткі |
Журнал |
ІІМ |
Тоқсан |
20. |
"Есірткі. Нашақорлық. |
web-сайтын |
ІІМ |
2007-2008 |
3. Нашақорлықтың алдын алу, нашақорлықпен ауыратындарды емдеу |
||||
21. |
Есірткіге тәуелді адам- |
Тиісті |
ДСМ, |
2006-2008 |
22. |
Барлық білім беру |
Кабинеттер |
ДСМ, БҒМ, |
2006-2008 |
23. |
Есірткіні теріс пайдала- |
ІІМ-ге |
ДСМ (жи- |
Жыл сайын |
24. |
Оқушылар мен студенттерді |
Тиісті |
ІІМ |
2006 жылғы |
25. |
Есірткінің заңсыз айна- |
Тиісті |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
26. |
Үкіметтік емес ұйымдарды, |
ІІМ-ге |
БҒМ, |
Жарты |
27. |
Есірткіге тәуелді адамдар |
Тиісті |
ІІМ, |
2006-2008 |
28. |
Медициналық емдеу курсы- |
Есірткіге |
ІІМ |
2006-2008 |
29. |
Оқу орындарын»нашақорлық- |
Тиісті |
БҒМ, ІІМ, |
2006-2008 |
30. |
Бастауыш және орта кәсіп- |
Конференция- |
БҒМ |
2006-2008 |
31. |
Нашақорлықтың алдын алу |
ІІМ, ДСМ, |
ІІМ, ДСМ, |
2006-2008 |
4. Есірткі айналымын бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі |
||||
32. |
Сораны ығыстыруды қамта- |
ІІМ-ге |
АШМ |
Жыл сайын |
33. |
Отандық өндірісті дамыту |
Есірткіні |
ІІМ, ИСМ |
2006-2008 |
34. |
ЕПП айналымын регламент- |
Тиісті |
ІІМ |
2006-2008 |
35. |
Есірткі айналымы саласын- |
Анықтамалық |
ДСМ |
2006 жыл |
36. |
"Қазақстан Республикасы- |
Мониторинг |
ДСМ, БҒМ |
2007-2008 |
37. |
Жыл сайын»"Қазақстан |
Зерттеу |
ДСМ |
2007-2008 |
38. |
Білім беру жүйесінде |
Мониторинг |
БҒМ |
2008 жыл |
5. Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне |
||||
39. |
Есірткі айналымын мемле- |
Семинарлар, |
ІІМ, ДСМ, |
2006-2008 |
40. |
Есірткінің заңсыз айналы- |
Семинарлар, |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
41. |
Нашақорлықтың алдын алу |
Семинарлар, |
ІІМ, БҒМ, |
2006-2008 |
42. |
Қылмыстық-атқару жүйесі- |
Семинарлар, |
ІІМ, |
2006-2008 |
43. |
Әділетминінің ССО |
Семинарлар, |
ІІМ, |
2006-2008 |
44. |
Есірткі бизнесіне қарсы |
Семинарлар, |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
45. |
Педагогтар, әлеуметтік |
Білім беру |
БҒМ, ДСМ, |
2006-2008 |
46.* |
ІІМ-нің Есірткі бизнесіне |
Техникалық |
ІІМ |
2006-2008 |
47. |
ІІМ-нің Есірткі бизнесіне |
Сертификат- |
ІІМ, |
2006-2008 |
48.* |
Жедел, статистикалық, |
Бірлескен |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
49. |
Есірткінің заңсыз айналы- |
Материалдық- |
ІІМ, |
2006-2008 |
50.* |
Есірткінің заңсыз айналы- |
Материалдық- |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
51. |
"Допинг",»"Көкнәр", |
Жедел-алдын |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
52. |
Медициналық мекемелерде |
Ведомстволық |
ҰҚК |
2006-2008 |
53. |
Есірткінің, сондай-ақ |
Бірлескен |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
6. Халықаралық ынтымақтастық |
||||
54. |
Орталық Азия өңірі елде- |
Тиісті |
ІІМ, ҰҚК |
2007-2008 |
55. |
Шарттық-құкықтық базаны |
Халықаралық |
ІІМ, БП |
2006-2008 |
56. |
Есірткі бизнесінен алын- |
Халықаралық |
ЭСЖҚА |
2006-2008 |
57. |
Халықаралық ұйымдар мен |
Халықаралық |
ІІМ, ҰҚК |
2006-2008 |
Барлығы |
2006-2008 |
кестенің жалғасы
N р/с |
Болжанып отырған шығыстар (млн. теңге) |
|||||
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
|||||
2006 |
2007 |
2008 |
2006 |
2007 |
2008 |
|
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
1. |
||||||
2. |
||||||
3. |
||||||
4. |
||||||
5. |
||||||
6. |
||||||
7. |
||||||
8. |
3,598 |
3,778 |
3,967 |
0,2 |
0,2 |
0,3 |
9. |
1,667 |
1,754 |
1,754 |
0,066 |
0,075 |
0,075 |
10. |
3,937 |
1,749 |
4,341 |
0,257 |
0,266 |
0,266 |
11. |
31,833 |
33,346 |
35,095 |
0,05 |
0,05 |
0,05 |
12. |
2,43 |
2,552 |
2,680 |
|||
13. |
1,455 |
0,455 |
1,604 |
0,570 |
0,714 |
0,741 |
14. |
3,42 |
|||||
15. |
18,357 |
2,4 |
6,4 |
|||
16. |
0,100 |
0,100 |
0,100 |
|||
17. |
1,957 |
1,501 |
2,158 |
1,0 |
1,3 |
1,3 |
19. |
7,0 |
7,35 |
7,717 |
|||
21. |
15,0 |
45,7 |
15,0 |
|||
26. |
3,0 |
3,0 |
3,0 |
|||
27. |
3,394 |
0,913** |
3,742 |
0,444 |
||
28. |
35,165 |
36,689** |
38,769 |
|||
29. |
2,312 |
3,006 |
3,006 |
|||
30. |
1,393 |
0,832 |
||||
31. |
1,410 |
1,554 |
||||
32. |
15,0 |
|||||
33. |
5,04 |
5,292 |
5,557 |
|||
35. |
2,0 |
|||||
38. |
0,712 |
|||||
39. |
1,404 |
1,075 |
1,548 |
|||
40. |
0,100 |
0,051 |
0,110 |
|||
41. |
0,476 |
0,450 |
0,525 |
0,5 |
0,55 |
0,6 |
42. |
0,215 |
0,010 |
0,237 |
|||
43. |
0,125 |
0,066 |
0,138 |
|||
44. |
0,025 |
0,013 |
0,027 |
|||
45. |
2,0 |
2,1 |
2,205 |
|||
49. |
12,733 |
12,920 3,556*** |
14,039 |
3,0 |
3,0 |
3,0 |
50. |
349,180 |
115,980 |
283,343 |
0,608 |
0,310 |
7,0 |
51. |
0,082 |
0,082 |
0,082 |
|||
52. |
14,5 |
|||||
53. |
0,5 |
0,6 |
0,7 |
|||
Бар- |
678,506 |
442,603 |
752,163 |
341,333 |
202,401 |
203,344 |
Ескертпе:
* іс-шаралар»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының жобалық құжаттарын жасасуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 61 қаулысына сәйкес қаржыландырылады.
** іс-шаралар 001 "Республикалық деңгейде қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бағдарламасының
002 "Аумақтық органдардың аппараты" кіші бағдарламасы есебінен қаржыландырылады.
*** іс-шаралар 001 "Қарулы Күштердің жеке құрамын, қару-жарақтарын, әскери және өзге де техникаларын, жабдықтарын, жануарлары мен инфрақұрылымын ұстау" бюджеттік бағдарламасы есебінен
қаржыландырылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭСЖҚА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
ЖС - Жоғарғы Сот
БП - Бас Прокуратура
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қаржыминінің КБА - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
Әділетминінің ҚАЖК - Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
МАМ - Мәдениет және ақпарат министрлігі
ТСМ - Туризм және спорт министрлігі
Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қорғанысмині - Қорғаныс министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині - Әділет министрлігі
ҰҚҚ ШҚ - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Әділетминінің ССО - Әділет министрлігінің Сот-сараптамасы орталығы