Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң шекаралары арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiн кедендiк бақылау кезiнде ақпараттық технологияларды қолданудағы бiрыңғай тәсiлдер туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң шекаралары арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiн кедендiк бақылау кезiнде ақпараттық технологияларды қолданудағы бiрыңғай тәсiлдер туралы келiсiмге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң шекаралары арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiн кедендiк бақылау кезiнде ақпараттық технологияларды қолданудағы бiрыңғай тәсiлдер туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
Бiртұтас экономикалық кеңiстiкте тең құқықтық бәсекелестiкке, макроэкономикалық тұрақтылыққа, келiсiлген салық, ақша-кредит, валюта-қаржы және кеден саясатын қамтамасыз етуге ықпал етудi қалай отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралары арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудi жеделдету мен жеңілдетуге, тауарлар тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, тауарларды заңсыз өткiзудiң алдын алуды, Тараптар мемлекеттерінің экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге ниет ете отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң Кеден рәсiмдерiн оңайлату мен үйлестiру туралы халықаралық конвенцияға (Киот конвенциясы) қосылуы үшін жағдай жасай отырып,
ақпарат өңдеудiң қазiргi заманғы тәсiлдерiн пайдалануға және ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану аясын кеңейтуге шаралар қабылдай отырып,
кеден органдарының қызметiнде ақпараттық технологияларды пайдалануды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiруге және Тараптар мемлекеттерiнің шекаралары арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау кезiнде ақпараттық технологияларды тиiмдi қолдануды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн пайдаланылатын терминдер мынадай мәндi бiлдiредi:
"құжат" - материалдық жеткiзгiште тiркелген, ақпаратты бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн не белгіленген тәртiппен оның материалдық жеткiзгiшiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн деректемелерi бар ақпарат;
"ақпаратты қорғау" - ақпараттың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету, оны санкцияланбаған өзгертуге немесе жоюға жол бермеу, қол жеткiзу шектеулi ақпараттың құпиялылығын сақтау, ақпаратқа қол жеткiзу құқығын iске асыру, сондай-ақ ақпаратты өңдеу, беру және сақтау құралдарына санкцияланбаған ықпал етуге жол бермеу мақсатында құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларды қабылдау;
"ақпарат" - оларды iздеу, сақтау, өңдеу, беру немесе тарату тәсiлiне қарамастан, мәлiметтер, хабарлама немесе деректер;
"ақпараттық жүйе" - ақпараттың, оның iшiнде дерекқорда қамтылған ақпараттың және ақпаратты iздеудi, сақтауды, өңдеудi, берудi немесе таратуды қамтамасыз ететiн құралдардың жиынтығы;
"ақпараттық-телекоммуникациялық желi" - қол жеткiзу есептеу техникасын пайдалана отырып, жүзеге асырылатын ақпаратты байланыс желілерi арқылы беруге арналған технологиялық жүйе;
"ақпараттық технологиялар" - ақпаратты iздеу, сақтау, өңдеу, беру немесе тарату әдiстерi мен тәсiлдерi;
"қол жеткiзу шектеулi ақпарат (құпия ақпарат)" - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелетiн ақпарат;
"ақпараттық өзара iс-қимыл" - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпарат алмасу мақсатындағы өзара iс-қимыл.
Осы Келiсiмде арнайы айқындалмаған терминдер Тараптар мемлекеттерiнің заңнамасында белгiленген мәнде пайдаланылады.
2-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаты кеден органдарының алдына қойылған мiндеттердiң орындалу тиiмділігiн арттыру, ақпараттың тиiстi дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету кезiнде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тетiктерінің ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету үшiн Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының қызметiнде ақпараттық технологияларды қолдану саласында бiрыңғай тәсiлдердi әзiрлеу, оның iшiнде:
кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау уақытын қысқарту;
Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы шекараларда кедендiк бақылау рәсiмдерiн оңайлату, сондай-ақ шекаралық өткiзу пункттерiнде бiрлескен кедендiк бақылауды ұйымдастыру үшiн жағдай жасау;
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде қабылдайтын шешiмдердiң тиiмділiгiн арттыру;
ақпараттық өзара iс-қимыл негізiнде Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;
одан әрi ақпараттық өзара iс-қимылды iске асыру мақсатында ақпараттық жүйелер құруды таңдау мен тәсiлдiң келiсiлуi;
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары арасында деректермен ақпараттық алмасудың жеделдiгiн арттыру болып табылады.
3-бап
Өз мемлекеттерiнiң шекаралары арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзілуiн кедендiк бақылау кезiнде ақпараттық технологияларды қолдану саласында бiрыңғай тәсiлдердi әзiрлеу үшiн Тараптар мынадай мiндеттердi бiрлесiп шешедi:
кеден органдарының ақпараттық технологияларды пайдалану тиiмділiгiн арттыру мақсатында, оның iшiнде халықаралық практиканы ескере отырып, Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасын және Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi (бұдан әрi - БЭК) құруға бағытталған халықаралық шарттарды жетiлдiру;
кеден органдарының ақпараттық-технологиялық инфрақұрылым элементтерiн, автоматтандырылған жүйелерi мен ақпараттық ресурстарын жасау және енгiзу, оларды құру және бiрлесiп пайдалану саласындағы стандарттарды әзiрлеу;
Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының тиiмдi ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн, куәландыратын орталықтар жүйесiнiң жұмыс iстеуiн ескере отырып, ақпараттық-телекоммуникациялық желiнi дамыту;
кеден органдарының ақпараттық өзара iс-қимылын жүзеге асыру үшiн қажеттi деректермен алмасудың қолда бар регламенттерiн, техникалық жағдайларын пайдалану және жаңаларын әзiрлеу;
кеден органдарының ақпараттық өзара iс-қимылын бiрiздендiрудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты жiктеу және кодтау жүйесiн қалыптастыру;
кеден органдарында ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары үшiн жаңа ақпараттық жүйелердi жасау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру және консультациялар өткiзу.
4-бап
Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және ақпараттық өзара iс-қимылды дамыту өз мемлекеттерiнiң кеден заңнамасын бiрiздендiру дәрежесiне байланысты кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады.
5-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары ақпарат алмасуды өз құзыретiнiң шегiнде Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес екi жақты және/немесе көп жақты негiзде жүзеге асырады.
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары ақпараттық өзара iс-қимыл технологиясын пысықтау үшiн ақпарат алмасу бойынша эксперименттер ұйымдастырады және жүзеге асырады.
6-бап
Ақпаратты қорғау Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес қамтамасыз етiледi.
Ақпараттық өзара iс-қимыл Тараптардың алынған ақпаратты қорғаудың мұндай ақпаратты ұсынған мемлекетте қолданылатыннан кем емес қатаң режимiн қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылады.
7-бап
Кедендiк реттеу мәселелерi бойынша ақпаратқа мемлекетаралық деңгейде қол жеткiзудi қамтамасыз ету және Тараптар кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешу кезiнде оны бiрлесiп пайдалану үшiн кеден органдарының мемлекетаралық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру жөнiнде iс-шаралар өткiзіледi.
Кеден органдарының мемлекетаралық ақпараттық ресурстары Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының ақпараттық ресурстары негiзiнде қалыптастырылады және кедендiк реттеу саласындағы ақпаратты (сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi жөнiндегi анықтамалықтар, валюта түрлерiнiң, әлем елдерiнiң, өлшем бiрлiктерiнiң жiктеуiштерi, өзге жiктеуiштер, сондай-ақ ақпарат алмасу үшiн қолданылатын электрондық хабарламаларды сипаттаудың стандарттары) қамтиды.
8-бап
Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық желiсi:
ақпараттық технологияларды қолдану негiзiнде қазiргi заманғы телекоммуникациялық қызметтердi ұсыну;
регламенттелген ақпараттық өзара iс-қимыл үшiн байланыс инфрақұрылымын құру;
кеден органдарының ақпараттық ресурстарына мемлекетаралық деңгейде қол жеткiзудi ұсыну;
ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып, сапалы және сенiмдi ақпаратты беру үшiн пайдаланылады.
9-бап
Тараптар электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ақпараттық өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн қосымша айқындайды.
10-бап
Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының автоматтандырылған жүйелерiнiң, ақпараттық технологияларының және ақпараттық ресурстарының ақпараттық қауiпсiздiгi ақпаратты қорғау бойынша келiсiлген талаптарды қолдану негiзiнде қамтамасыз етiледi.
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары сертификаттаған ақпарат қорғау құралдарын пайдаланады.
Кеден органдарының автоматтандырылған жүйелерi мен ақпараттық ресурстарын пайдалануды бақылау, қорғау мониторингтiң кешендi жүйесiн жасау және Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының ақпараттық технологияларымен, автоматтандырылған жүйелерiмен және ақпараттық ресурстарымен жұмыс жасау кезiндегi операцияларды есепке алу негiзiнде қамтамасыз етiледi.
11-бап
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру кезiнде өз мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес зияткерлiк меншiк құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етедi.
12-бап
Ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы бiрыңғай тәсілдердi әзiрлеу және Тараптар мемлекеттерi кеден органдарының қызметiнде ақпараттық технологияларды қолдануды қамтамасыз ету бойынша Тараптардың өзара iс-қимылын келiсу Тараптардың келiсiмi бойынша не БЭК-тiң құру және қызмет тәртiбi жеке келiсiммен айқындалатын бiрыңғай реттеушi органына Тараптар өкілеттiктерiнiң бiр бөлiгiн беру жолымен жүзеге асырылады.
13-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары алған ақпарат кедендiк мақсаттар үшiн пайдаланылады және көрсетілген ақпаратты ұсынған Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз берілмейдi.
14-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
Келiсiмге қол жеткiзілмеген жағдайда Тараптардың кез келгенi дауды БЭК шеңберiнде дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге бере алады.
15-бап
2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнің мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн кез келген мемлекет осы Келiсiмге қатысушы бола алады. Осы Келiсiмге қосылу шарттары Тараптар мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын келiсiмде айқындалады.
16-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
17-бап
Осы Келiсiм 2006 жылғы _______ __________ қаласында қол қойылған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық шарттардың күшiне ену тәртiбi туралы хаттамада көзделген тәртiппен қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi жүргiзгеннен кейiн күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Кез келген Тарап Депозитарийге осы Келiсiмнен өзiнiң шығу ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алады. Мұндай Тарап үшiн осы Келiсiмнiң қолданылуы Депозитарий жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап 12 (он екi) ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
Осы Келiсiмге сәйкес алынған ақпаратты қорғау бойынша мiндеттеме оның қолданысы тоқтатылғандығына немесе қандай-да бiр Тараптың одан шығуына қарамастан күшiнде қалады.
200 __ жылғы ______ _________ қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа дана Депозитарийде сақталады. 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстік құру туралы келiсiмнiң 4-бабына сәйкес Бiртұтас экономикалық кеңiстiктiң Комиссиясы құрылған және оған өкiлеттiктер берiлген сәтке дейiн БЭК құру жөнiндегi халықаралық-құқықтық құжаттардың депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
Депозитарий Тараптардың әрқайсысына келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Ресей Федерациясының Украинаның Министрлер
Yкiметi үшiн Кабинетi үшiн