Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 281 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      032 "Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн берiлетiн нысаналы даму трансферттерi                                           1050000"
бағдарламасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Алматы қаласының N 5 қалалық клиникалық ауруханасының
      N 1 корпусын сейсмикалық күшейту                   104628

      Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық
      ауруханасының N 1 және 2 павильондарын сейсмикалық
      күшейту                                            254816

      Алматы қаласында Жұбанов көшесiнiң бойындағы
      11-үйдегi қалалық перинаталдық орталық ғимаратын
      (N 5 және 6 павильондар) сейсмикалық күшейту       151038

      Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойындағы
      492-үйдегi N 1 перзентхананың N 4 және 5 корпустары
      ғимараттарын сейсмикалық күшейту                   117506

      Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентiндегi
      орталық аудандық аурухананы сейсмикалық күшейту    50000".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады