Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

      "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының  27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 17 сәуiрдегi 
N 289 қаулысымен    
бекiтiлген    

Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.04  N 1172, 2010.11.05 N 1163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      Мынадай ұйымдарға жұмысқа кiрген азаматтарды бүкiл жұмыс кезеңiнде әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады:
      1) мынадай мамандықтар бойынша көмiр өнеркәсiбi:
      жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы;
      жер асты тау-кен қазбаларының бекiтушiсi;
      тау-кен электромеханикалық жабдық шеберi;
      машинист (барлық атаулардағы);
      көтергiш көлiк жабдығын монтаждаушы;
      2) мынадай мамандықтар бойынша тау-кен, металлургия өнеркәсiбi:
      аппаратшы (барлық атаулардағы);
      бұрғылаушы (барлық атаулардағы);
      айналмасоғушы (барлық атаулардағы);
      газшы (барлық атаулардағы);
      домна пешiнiң көрiкшiсi;
      жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы;
      инженер (барлық атаулардағы);
      металлургия өндiрiсiндегi бақылаушы;
      жер асты тау-кен қазбаларының бекiтушiсi;
      зертханашы (барлық атаулардағы);
      ыстық немесе электрлi әдiспен қалайылаушы;
      машинист (барлық атаулардағы);
      оператор (барлық атаулардағы);
      болат қорытушының көмекшiсi;
      престеушi;
      бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөнiндегi слесарь;
      болат балқытушы;
      көтергiш көлiк жабдығын монтаждаушы;
      жабдықтарды жөндеу жөнiндегi электрослесарь;
      3) мынадай мамандықтар бойынша мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өнеркәсiбi:
      жабдық шеберi (барлық атаулардағы);
      машинист (барлық атаулардағы);
      техникалық жабдықты монтаждаушы;
      оператор (барлық атаулардағы);
      технологиялық қондырғыларды жөндеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi слесарь;
      техник-механик (барлық атаулардағы);
      техник-технолог (барлық атаулардағы);
      техник-электромеханик (барлық атаулардағы);
      4) мынадай мамандықтар бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация және темір жол көлігі:
      авиациялық аспаптар слесарь-механигі;
      авиациялық қозғалтқыштардың техникалық қамтамасыз етілуін басқару жөніндегі инженер;
      авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь;
      авиациялық техниканы электромонтаждаушы;
      аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;
      аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
      аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
      әуе кемесінің командирі;
      екінші ұшқыш;
      жер үсті жабдығы жөніндегі механик;
      жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер;
      жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер-супервайзер;
      жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі механик;
      жолаушылар салондарының жабдығын техникалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі инженер;
      жоспарлау жөніндегі кіші инженер;
      инженер;
      кеме жүргізушілері;
      кемелердің кеме жасаушысы-кеме жөндеушісі;
      кеме құбыржолшысы;
      кеме механиктері;
      кеме слесарь-механигі;
      кеме электромеханиктері;
      кеме электр-радио монтаждаушысы;
      кіші инженер;
      локомотив машинисінің көмекшісі;
      механик;
      сенімділік жөніндегі инженер;
      техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
      техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші бақылаушы инженер;
      техникалық сервис бөлімінің жетекші инженері;
      ұшу аппараттары мен қозғалтқыштар инженері;
      ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер;
      ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
      үйлестіруші инженер;
      цех инженері;
      электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик;
      электропоезд және локомотив машинисі;
      5) мынадай мамандықтар бойынша атом энергиясын пайдалану саласында:
      мөлшерлеушi;
      инженер (барлық атаулардағы);
      зертханашы (барлық атаулардағы);
      шебер (шебердiң көмекшiсi);
      машинист (барлық атаулардағы);
      механик;
      оператор (барлық атаулардағы);
      техник-монтаждаушы;
      техник-жылу технигi;
      техник-электрик;
      техник-энергетик;
      электрмен, газбен пiсiрушi (барлық атаулардағы);
      электромеханик (барлық атаулардағы);
      электромонтер (барлық атаулардағы);
      электрослесарь (барлық атаулардағы);
      6) ғарыш саласында, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінде мынадай біліктіліктер бойынша:
      инженер (барлық атаулардағы);
      лаборант (барлық атаулардағы);
      шебер (барлық атаулардағы);
      машинист (барлық атаулардағы);
      механик (барлық атаулардағы);
      монтажник (барлық атаулардағы);
      оператор (барлық атаулардағы);
      слесарь (барлық атаулардағы);
      техник (барлық атаулардағы).

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 17 сәуірдегі 
N 289 қаулысына     
қосымша      

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесі 

      1. "Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 мамырдағы N 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 23, 239-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 шiлдедегi N 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 295-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1085  қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 36, 344-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қаңтардағы N 9  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 3-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы N 642  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 227-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 896  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 309-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 829  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 339-құжат).  

Об утверждении перечня организаций, при поступлении на работу по специальности в которые гражданам Республики Казахстан предоставляется отсрочка от призыва на воинскую службу на весь период работы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2006 года № 289. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 417

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.04.2013 № 417.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень организаций, при поступлении на работу по специальности в которые гражданам Республики Казахстан предоставляется отсрочка от призыва на воинскую службу на весь период работы.

      2. Признать утратившим силу некоторые решения Кабинета Министров Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан согласно приложению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден              
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 17 апреля 2006 года N 289  

  Перечень
организаций, при поступлении на работу по специальности
в которые гражданам Республики Казахстан предоставляется
отсрочка от призыва на воинскую службу на
весь период работы

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 04.12.2007 N 1172; от 05.11.2010 № 1163 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      Отсрочка от призыва на воинскую службу на весь период работы предоставляется гражданам, поступившим на работу в организации:
      1) угольной промышленности по специальностям:
      горнорабочий на подземных работах;
      крепильщик подземных горных выработок;
      мастер горного электромеханического оборудования;
      машинист (всех наименований);
      монтажник подъемно-транспортного оборудования;
      2) горнорудной, металлургической промышленности по специальностям:
      аппаратчик (всех наименований);
      бурильщик (всех наименований);
      вальцовщик (всех наименований);
      газовщик (всех наименований);
      горновой доменной печи;
      горнорабочий на подземных работах;
      инженер (всех наименований);
      контролер в металлургическом производстве;
      крепильщик подземных горных выработок;
      лаборант (всех наименований);
      лудильщик горячим или электрическим методом;
      машинист (всех наименований);
      оператор (всех наименований);
      подручный сталевара;
      прессовщик;
      слесарь по контрольно-измерительным приборам и автоматике;
      сталеплавильщик;
      монтажник подъемно-транспортного оборудования;
      электрослесарь по ремонту оборудования;
      3) нефтеперерабатывающей, нефтехимической, химической промышленности по специальностям:
      мастер оборудования (всех наименований);
      машинист (всех наименований);
      монтажник технического оборудования;
      оператор (всех наименований);
      слесарь по ремонту и обслуживанию технологических установок;
      техник-механик (всех наименований);
      техник-технолог (всех наименований);
      техник-электромеханик (всех наименований);
      4) морского флота, гражданской авиации и железнодорожного транспорта по специальностям:
      слесарь-механик авиационных приборов;
      инженер по управлению техническим обеспечением авиационных двигателей;
      слесарь по ремонту авиационной техники;
      электромонтажник авиационной техники;
      инженер аэронавигационного и радиоэлектронного оборудования;
      инженер-контролер по техническому обслуживанию аэронавигационного и радиоэлектронного оборудования;
      инженер по управлению техническому обслуживанию аэронавигационного и радиоэлектронного оборудования;
      командир воздушного судна;
      второй пилот;
      механик по наземному оборудованию;
      инженер по оборудованию пассажирского салона;
      инженер-супервайзер по оборудованию пассажирского салона;
      механик по оборудованию пассажирского салона;
      инженер по управлению техническим обеспечением оборудования пассажирских салонов;
      младший инженер по планированию;
      инженер;
      судоводители;
      судостроитель-судоремонтник судов;
      трубопроводчик судовой;
      судовые механики;
      слесарь-механик судовой;
      судовые электромеханики;
      электрорадиомонтажник судовой;
      младший инженер;
      помощник машиниста локомотива;
      механик;
      инженер по надежности;
      инженер-контролер по техническому обслуживанию;
      ведущий инженер-контролер по техническому обслуживанию;
      ведущий инженер отдела технического сервиса;
      инженер летательных аппаратов и двигателей;
      инженер по техническому обслуживанию летательных аппаратов и двигателей;
      инженер по управлению техническому обслуживанию летательных аппаратов;
      инженер-координатор;
      инженер цеха;
      электромеханик по испытанию и ремонту электрооборудования;
      машинист электропоезда и локомотива;
      5) в области использования атомной энергии по специальностям:
      дозиметрист;
      инженер (всех наименований);
      лаборант (всех наименований);
      мастер (помощник мастера);
      машинист (всех наименований);
      механик;
      оператор (всех наименований);
      техник-монтажник;
      техник-теплотехник;
      техник-электрик;
      техник-энергетик;
      электрогазосварщик (всех наименований);
      электромеханик (всех наименований);
      электромонтер (всех наименований);
      электрослесарь (всех наименований);
      6) космической отрасли, в том числе на комплексе "Байконур", по квалификациям:
      инженер (всех наименований);
      лаборант (всех наименований);
      мастер (всех наименований);
      машинист (всех наименований);
      механик (всех наименований);
      монтажник (всех наименований);
      оператор (всех наименований);
      слесарь (всех наименований);
      техник (всех наименований).

Приложение             
к постановлению Правительства    
Республики Казахстан        
от 17 апреля 2006 года N 289    

  Перечень утративших силу некоторых решений
Кабинета Министров Республики Казахстан и Правительства
Республики Казахстан

      1.  Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011 "О Перечне отдельных категорий граждан Республики Казахстан призывного возраста, которым предоставляется отсрочка от призыва на срочную военную службу" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 41, ст. 480).
      2. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 мая 1994 года N 553 "О внесении дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 23, ст. 239).
      3. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 июля 1995 года N 1017 "О внесении дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 26, ст. 295).
      4.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1996 года N 1085 "О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 36, ст. 344).
      5.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2001 года N 9 "О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 1-2, ст. 3).
      6.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2001 года N 642 "О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 18, ст. 227).
      7.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2001 года N 896 "О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 24-25, ст. 309).
      8.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2003 года N 829 "О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 34, ст. 339).