Уран концентратын өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыратын "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ) филиалдарындағы өндірістерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының әскерге шақыру жасындағы, бірақ әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімдік әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының тізбесі мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамының филиалдарында жұмыс істейтін әскерге шақырылатындар - оларда:
аппаратшы (барлық атаудағы);
оператор (барлық атаудағы);
машинист (барлық атаудағы);
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесарь;
слесарь-жөндеуші;
каротажды станциялар моторшысы;
геофизикалық аппаратура реттеушісі;
электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері;
жабдық жөндеу жөніндегі электр слесары;
электргаз дәнекерлеушісі;
механик;
электр механигі;
технолог;
геотехнолог;
инженер-механик;
инженер-геолог;
инженер-гидрогеолог;
инженер-геофизик мамандығы бойынша жұмыс істейтін кезеңге".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі