"Үлбі металлургия зауыты" ашық акционерлік қоғамының бірегей өндірістерін қажетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. "Үлбі металлургия зауыты" ашық тұрпатты акционерлік қоғамында жұмыс істейтін шақырылушылар мына мамандықтар бойынша:
аппаратшы (барлық атаудағы);
зертханашы (барлық атаудағы);
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі (реттеуші);
жөндеуші-слесарь;
токарь (жұмыстың барлық түрінің);
электр монтері;
зерттеуші-инженер;
технолог-инженер;
физик-инженер;
химик-инженер;
бағдарламашы-инженер;
электрик-инженер;
технологиялық процесті басқару автоматтандырылған жүйесінің инженері;
топ жетекшісі;
шебер (аға шебер)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі