Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1163 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 128-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесінде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мынадай мамандықтар бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация және темір жол көлігі:
      авиациялық аспаптар слесарь-механигі;
      авиациялық қозғалтқыштардың техникалық қамтамасыз етілуін басқару жөніндегі инженер;
      авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь;
      авиациялық техниканы электромонтаждаушы;
      аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;
      аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
      аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
      әуе кемесінің командирі;
      екінші ұшқыш;
      жер үсті жабдығы жөніндегі механик;
      жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер;
      жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер-супервайзер;
      жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі механик;
      жолаушылар салондарының жабдығын техникалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі инженер;
      жоспарлау жөніндегі кіші инженер;
      инженер;
      кеме жүргізушілері;
      кемелердің кеме жасаушысы-кеме жөндеушісі;
      кеме құбыржолшысы;
      кеме механиктері;
      кеме слесарь-механигі;
      кеме электромеханиктері;
      кеме электр-радио монтаждаушысы;
      кіші инженер;
      локомотив машинисінің көмекшісі;
      механик;
      сенімділік жөніндегі инженер;
      техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
      техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші бақылаушы инженер;
      техникалық сервис бөлімінің жетекші инженері;
      ұшу аппараттары мен қозғалтқыштар инженері;
      ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер;
      ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
      үйлестіруші инженер;
      цех инженері;
      электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик;
      электропоезд және локомотив машинисі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады