Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 маусым N 896. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.17. N 289 қаулысымен

      Репатрианттардың (оралмандардың) бейімделуі үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыруға рұқсат берілген шақырылатын жастағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі:
     мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
     "11. Репатрианттар (оралмандар) арасынан Қазақстан Республикасының шақырылу жасындағы азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін үш жыл бойы.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады