Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 290 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 452 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 452 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың резервтiк әдiсiн қолдану кезiнде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 1-тармақтың 3) тармақшасындағы "анықтамалық" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Еуропа елдерiнiң аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Superschwacke" каталогы "Eurotaxschwacke GmbH, Германия);
      5) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Америка Құрама Штаттарының аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Kelley Blue Book" каталогы (Kelley Blue Book Co, АҚШ)".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады