Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне концессия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
концессия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 140-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 15, 63-құжат; 2006 ж. 14 ақпанда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 ж. 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
3-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Мемлекеттiк халықаралық маршруттар желiсiне белгiленген тәртiппен енгiзiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес қорғаныстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы магистральдық темiр жол желiлерi, республикалық автомобиль жолдары, олардың бойындағы инженерлiк құрылыстарды қоса," деген сөздер "Магистральдық темiр жол желiлерi, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары," деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 ж. 17 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелерi Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасына сәйкес концессияға берiлуi мүмкiн.";
3) 5-бапта:
1-тармақта "басқа да заң актiлерiнде" деген сөздер "концессия туралы заңнамада" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"келiсiмдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жеке және" деген сөздер алып тасталсын;
"заңдарда" деген сөз "концессия туралы заңнамада" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-баптың 1-тармағында:
"мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
"Жалпыға ортақ пайдаланылатын" деген сөздер "Концессияға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-бапта:
1-тармақта "жол органдарының" деген сөздерден кейiн "немесе концессионерлердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
"жол органдары" деген сөздерден кейiн "немесе концессионер" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 10-баптың 1-тармағында "тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша, жол органдары белгiленген" деген сөздер "жол органдарымен немесе концессионермен келiсiм бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiндегi жергілiктi атқарушы органдар белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ақылы автомобиль жолдарының және көпiр өткелдерiнiң пайдалану тәртiбi мен шарттарын, сондай-ақ жүрiп өту үшiн алым ставкаларын бекiту;";
8) 12-бапта:
14) тармақшада "туралы" деген сөзден кейiн "және концессия туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақшада "ақылы учаскелерiн құру" деген сөздер "учаскелерiн концессияға беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 13-баптың 2-тармағында:
2) тармақшада "туралы" деген сөзден кейiн "және концессия туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерiн концессияға беру жөнiнде ұсыныстар, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн әзiрлеу;";
10) 17-бапта:
1-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) автомобиль жолдары учаскелерiнiң концессия шартына байланысты концессионерлердiң шеккен шығындарын өтеу концессия туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.".
3. "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 ж. 8 желтоқсандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж. 14 ақпанда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 ж. 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Магистральдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейiннен пайдалану концессия шарттарының негізiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.".
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi