Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1285 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 323 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы N 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.08 N 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1285 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 42, 403-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы "жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi" деген сөздер "жүргiзу ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", Заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мәтiндегi "жүргiзудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереженi", "Зиянды" деген сөздер тиiсiнше "жүргiзу ережесi", "Қоса берiлiп отырған Зиянды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы ережеде:
      тақырыбындағы "тәртiбi туралы ереже" деген сөздер "жүргiзу ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдары", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарына", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарында" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган", "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "қоршаған табиғи ортаны" деген сөздер "қоршаған ортаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастры көмiлген заттар мен ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың типi мен түрiн сипаттайтын мәлiметтердi және мыналарды қамтиды:
      1) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және ағын суды көметiн орындардың жалпы сипаттамасын: орналасқан жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға жұмсалатын шығындарды, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингiнiң қадағалау желiсiнiң болуын және орналасуын;
      2) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және ағын суды көметiн орындардың физикалық сипаттамасын:
      оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типiн, жатқан тереңдiгiн және коллекторлы қабаттың тиiмдi қуатын, оның алаңын, ұсақ тесiктiлiк коэффициентiн, төсенiш және жабылғыш сутiректiң сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағынының жылдамдығын, көмудi сақтауды және басқа сапалық және сандық көрсеткiштерiн;
      3) зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың, ағын судың сипаттамасын: өнiмнiң атауын, технологиялық өндiрiс немесе нәтижесiнде өнiм пайда болатын процесс, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамы, улы құрауыштарды сақтау, өрт-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтауда басқа заттармен үйлесiмдiлiгi, негiзгi ластаушы радионуклидтер, олардың белсендiлiгi және басқа сипаттамалар), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын.";
      7-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
      9-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады