Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еңбекшi-мигранттар - Тәжiкстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекшi-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Тәжiкстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметiнiң арасындағы Еңбекшi-мигранттар - Тәжiкстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекшi-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Тәжiкстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы келiсiмге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы Еңбекшi-мигранттар -
Тәжiкстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен
құқықтарын қорғау туралы, еңбекші-мигранттар - Қазақстан
Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Тәжiкстан
Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын
қорғау туралы
Келiсiм
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
Бiрiккен ұлттар ұйымының адам құқықтары саласындағы негiз қалаушы құжаттарының және Халықаралық Еңбек Ұйымы шеңберiнде әзiрленген қағидаттардың жолын ұстана отырып;
Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушы-мемлекеттер арасындағы 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еңбек көшi-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекшi-мигранттарды әлеуметтiк қорғау туралы келiсiмде жазылған қағидаттарды негiзге ала отырып;
1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының арасындағы өзара қатынастардың негiздерi туралы шартқа сiлтеме жасай отырып;
екi мемлекеттiң аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының және Тәжiкстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы екi жақты ынтымақтастықтың құқықтық негiзiн дамыту мақсатында;
заңды еңбек көшi-қоны процестерiн дамытуға жәрдемдесуге ұмтыла отырып;
төмендегi туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
"еңбекшi-мигрант" - кету Тарабының аумағында тұрақты тұратын, жұмысқа орналастыру Тарабы мемлекетiнiң аумағында ақылы еңбек қызметiмен заңды негiзде айналысатын адам;
"кету Тарабы" - еңбекшi-мигранттар аумағында тұрақты тұратын және ақылы еңбек қызметiмен айналысу үшiн жұмысқа орналастыру Тарабына қоныс аударатын мемлекет;
"жұмысқа орналастыру Тарабы" - аумағында кету Тарабынан келген еңбекшi-мигранттар ақылы еңбек қызметiн жүзеге асыратын мемлекет;
"жұмыс берушi (жалдаушы)" - еңбекшi-мигрант еңбек қатынастарында болатын жұмысқа орналастыру Тарабының заңды немесе жеке тұлғасы.
2-бап
Осы Келiсiмнiң қолданылуы еңбекшi-мигранттарға таралады.
Осы Келiсiм мыналарға:
босқындарға және мәжбүрлi қоныс аударушыларға;
жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдарға, артистерге және спортшыларға қолданылмайды.
3-бап
Адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларға сәйкес Тараптар еңбекшi-мигранттарды құрметтеуге және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге, жыныс, жас, нәсiл, тiл, этникалық және әлеуметтiк ата-тегiнiң, азаматтық, отбасылық және мүлiктiк жағдайының белгiсi бойынша, сондай-ақ кез келген басқа да белгi бойынша кемсiтудiң кез келген нысандарына жол бермеуге мiндеттенедi.
4-бап
Осы Келiсiмдi орындау кезiнде:
Қазақстан Республикасынан - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi.
Тәжiкстан Республикасынан - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Тараптарды бiлдiретiн уәкiлеттi органдар болып табылады.
Уәкiлеттi органдар осы Келiсiмге байланысты мәселелердi шешу үшiн Тараптардың басқа құзыреттi органдарын тартуға құқылы.
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда уәкiлеттi органның Тәжiкстан Республикасы елшiлiгiнiң жанындағы өкiлдiгiн құра алады.
5-бап
Еңбекшi-мигранттардың жұмысқа орналастыру Тарабының аумағына кiруi, олардың еңбек қызметi, тұруы және кетуi жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбекшi-мигрант жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасын бұзған жағдайда Тараптар еңбек қатынастарын мерзiмiнен бұрын тоқтатуды және оның кету Тарабына қайтуын талап етуге құқылы.
6-бап
Еңбекшi-мигранттың еңбек қызметi жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiмен бiр немесе одан да көп тiлде жасалған жеке еңбек шартының (келiсiм-шарты) негiзiнде жүзеге асырылады.
Жеке еңбек шарты (келiсiм-шарты) жұмыс берушi мен еңбекшi-мигранттың мiндеттерi туралы деректердi, жұмыс берушi мен еңбекшi-мигрант, соңғысы жұмысқа орналасып жатқан кәсiбi/мамандығы туралы негiзгi деректердi, жұмыстардың сипаты, бiлiктiлiгiн арттыру, еңбек жағдайлары мен жалақы, негiзгi жұмыс уақытының және демалыс уақытының ұзақтығы, тұру жағдайлары туралы, көлiк шығыстарын өтеудiң тәртiбi туралы, медициналық қызмет көрсету және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан сақтандыру, еңбек дауларын шешу, жеке еңбек шартын (келiсiм-шартын) қолдану мерзiмi және оны тоқтату жағдайлары туралы ақпаратты қамтуға тиiс.
Еңбекшi-мигранттың талабы бойынша еңбек қатынастары тоқтатылған кезде жұмыс берушi оған жұмыс ұзақтығы және ай сайынғы жалақысы туралы мөрмен расталған анықтама бередi.
7-бап
Еңбекшi-мигранттарға еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн қолайлы және өзара лайықты жағдай жасау мақсатында Тараптар:
өз мемлекетiнiң еңбек көшi-қоны саласындағы ұлттық заңнамасы және Тараптардың еңбек нарығының жұмыс күшiне қажеттiлiктерi туралы бiр бiрiн хабардар етедi;
шетелдiк жұмыс күшiн тартумен және шетелге шығарумен байланысты қызметке лицензиясы бар заңды және тұлғалардың тiзiмдерiмен алмасады;
Тараптардың құзыреттi органдарының тиiстi лицензиялары жоқ делдалдардың еңбекшi-мигранттарды жұмысқа орналастыруын болдырмау мақсатында қажеттi шараларды қабылдайды;
Тараптар өңiрлерiне тиiстi өкілдiктердi бере отырып, еңбек көшi-қоны саласында өңiрлiк ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседi;
- осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн қысқа мерзiмде Маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарындағы еңбек қызметi үшiн еңбекшi-мигранттарды тартудың оңайлатылған тәртiбi туралы келiсiмдi әзiрлейдi және оған қол қояды.
8-бап
Еңбекшi-мигранттар жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк сақтандыруды пайдаланады.
Егер еңбек шартында (келiсiм-шартында) көзделген болса, еңбекшi-мигранттарға медициналық қызмет көрсету жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
9-бап
Тараптар дипломдарды, бiлiм туралы куәлiктердi, атақ, разряд, бiлiктiлiк беру туралы тиiстi құжаттар мен еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да құжаттарды және олардың кету Тарабының аумағында белгiленген тәртiппен куәландырылған жұмысқа орналастыру Тарабының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасын заңдастырусыз мойындайды.
10-бап
Осы Келiсiм негiзiнде еңбек қызметiн жүзеге асыратын еңбекшi-мигранттар жұмысқа орналастыру Тарабының iшкi валюталық нарығында шетелдiк валюта сатып алуға, сондай-ақ тапқан қаражатын шетелдiк валютамен тұрақты тұратын мемлекетiне жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес аударуға және әкетуге құқылы.
Жұмыскерлердiң табысына салық салу жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
11-бап
Еңбекшi-мигранттың жұмысқа орналастыру Тарабының аумағына қажет жабдықтар мен техникалық қондырғыларды әкелуi және оларды кету Тарабының аумағына әкетуi, сондай-ақ еңбекшi-мигранттың жұмысқа орналастыру Тарабының аумағында сатып алған тауарларды әкетуi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
12-бап
Еңбекшi-мигрант жұмысқа орналастыру Тарабының азаматтарымен бiрдей:
еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға;
шұғыл медициналық жәрдемге;
еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген залалды өтеуге құқылы.
Еңбекшi-мигрант мертiгу немесе денсаулығына келтiрiлген қандай да бiр залал нәтижесiнде еңбек қабiлетiн жоғалтқан немесе қайтыс болған жағдайда жұмыс берушi зардап шеккен немесе қайтыс болған адамды кету Тарабының аумағына тасымалдауды, осыған байланысты барлық шығындарды өтеудi қамтамасыз етедi, егер еңбек шартында (келiсiм-шартында) өзгеше көзделмесе, осы Тараптың дипломатиялық немесе консулдық өкiлдiктерiн қайтыс болу, жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру фактiсi жөнiндегi материалдарды ұсына отырып хабардар етедi.
13-бап
Егер бұл еңбек шартында (келiсiм-шартында) көзделген болса, еңбекшi-мигранттың тұрақты тұратын жерiнен жұмыс берушiге және керi жол жүруi жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ жолда жүрген уақытта ауыруына немесе қажеттi стационарлық емделуiне байланысты шығыстар жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен төленуi мүмкiн.
Егер жеке еңбек шартында (келiсiм-шартында) өзгеше көзделмесе, жеке еңбек шарты (келiсiм-шарты) еңбекшi-мигранттың бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жоғарыда айтылған барлық шығыстарды соңғысы өтейдi.
14-бап
Мемлекеттердiң бiрiнiң аумағында тұратын еңбекшi-мигранттар осы Келiсiмнен туындайтын кез келген мәселелер бойынша басқа мемлекеттiң құзыреттi органдарына тiкелей немесе тұратын жерiндегi тиiстi билiк органдары арқылы өтiнiш бере алады.
Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органдарының сұрауы бойынша басқа Тараптың құзыреттi органдары өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша мұрағаттық материалдарды қоса алғанда, қажеттi құжаттарды ұсынады.
15-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 16-бабының ережелерiнде көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiмдi қолдануға және түсiндiруге байланысты туындауы мүмкiн барлық даулар мен келiспеушiлiктер Уәкiлеттi органдар арасындағы консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
16-бап
Осы Келiсiм дипломатиялық арналар бойынша оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа тиiстi мерзiм аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын оның қолданылу мерзiмiн өзiнiң тоқтату ниетi туралы хабарлама жiбермесе, келесi бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
Мұндай жағдайда осы Келiсiм бiр Тарап екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты ай өткен соң өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда оның ережелерi жұмыскерлер жұмыс берушiмен (жалдаушымен) жасасқан еңбек шартына (келiсiм-шартына) қатысты олар жасалған мерзiм аяқталғанға дейiн күшiнде қалады.
___________қаласында 200____жылғы "__"_______ әрқайсысы қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндерiнiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн