Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртiбi туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 мамырдағы N 374 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртiбi туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi Асқар Ұзақбайұлы Маминге мәтiнiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Келiсiм жасасуға өкілеттік берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртібі туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының темiр жол көлiк желiсiнiң қалыптасқан шекараларын ескере отырып,
      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртiбiн белгiлеу мақсатында,
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Темiр жол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi (бұдан әрi - 1996 жылғы 18 қазандағы Келiсiм) назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

       Осы Келiсiм 1996 жылғы 18 қазандағы Келісiмге 1-қосымшада келтiрiлген Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша жүктердi тасымалдау кезінде туындайтын қатынастарды реттейдi.

2-бап

       Осы Келiсiмдi орындау жөніндегі құзiреттi органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
      Ресей Тарабынан - Ресей Федерациясының Көлік министрлігі.

3-бап

       Осы Келiсiмде қолданылатын терминдер мынаны бiлдiредi:
      1) темiр жолдар:
      Қазақстан Тарабы үшiн (Қазақстан темiр жолдары) - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының барлық темiр жолдары, сондай-ақ 1996 жылғы 18 қазандағы Келiсiмге 1-қосымшаның Б тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi;
      Ресей Тарабы үшiн (Ресей темiр жолдары) - Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының барлық темiр жолдары, сондай-ақ 1996 жылғы 18 қазандағы келiсiмге 1-қосымшаның А тармағында көрсетiлген Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi;
      2) темiр жол станциялары:
      Қазақстан Тарабы үшiн - Қазақстан Республикасының аумағындағы және 1996 жылғы 18 қазандағы Келiсiмге 1-қосымшаның Б тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерiндегi темiр жол станциялары;
      Ресей Тарабы үшiн - Ресей Федерациясының аумағында және 1996 жылғы 18 қазандағы Келiсiмге 1-қосымшаның А тармағында көрсетiлген Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерiнде орналасқан Ресей темiр жол станциялары;
      3) темiр жолдардың түйiсу пункттерi:
      Қазақстан Тарабы үшiн (Қазақстан темiр жолдарының түйiсу пункттерi) - Никельтау, Тобыл, Пресногорьков, Қызыл ту, Локоть, Илецк-1;
      Ресей Тарабы үшiн (Ресей темiр жолдарының түйiсу пункттерi) - Озинки, Ақсарай-II, Құлынды, Золотая Сопка, Петропавл;
      4) жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдау кезiнде қолданылатын тарифтер:
      Қазақстан Тарабы үшiн - халықаралық (экспорттық-импорттық) қатынаста жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер;
      Ресей Тарабы үшiн - халықаралық қатынаста жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер;
      5) жүктердi iшкi қатынаста тасымалдау кезiнде қолданылатын тарифтер:
      Қазақстан Тарабы үшiн - облысаралық қатынастарда жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер;
      Ресей Тарабы үшiн - Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларының арасында жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер;
      6) қосымша алымдар - тарифке кiргiзiлмеген қосымша операциялар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемдер;
      7) тасымал төлемдерi - жүк тасымалы, жолсерiктiң жүрген жолы үшiн төлем, жүктi тасымалдауға қабылдағаннан оны алушыға бергенге дейiнгi кезең iшiнде туындаған қосымша алымдар мен басқа да төлемдер;
      8) төлем - вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төленетiн тарифке кiргiзiлмеген төлем;
      9) ең төменгi тарифтiк белдiк - Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының тарифтiк нұсқауларына сәйкес анықталған тасымалдаудың ең қысқа қашықтығы;
      10) айыппұлдар - жүктердi тасымалдауға байланысты Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген және темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушылардан, жүк жiберушiлерден, жүк алушылардан және басқа жеке және заңды тұлғалардан алынатын айыппұлдар;
      11) iшкi қатынастың тасымал құжаты:
      Қазақстан Тарабы үшiн - облысаралық қатынаста қолданылатын темiр жол көлiктiк жүкқұжаты;
      Ресей Тарабы үшiн - Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларының арасында жүк тасымалдау кезiнде қолданылатын тасымал құжаты;
      12) халықаралық қатынастың тасымал құжаты:
      Қазақстан және Ресей Тараптары үшiн - 1951 жылғы 1 қарашадағы Халықаралық жүк қатынасында қолданылатын, халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмнiң жүкқұжаты.

4-бап

      Қазақстан темiр жолдарында және Ресей темiр жолдарында тасымал төлемдерiн төлеу тиiстi темiр жолдарда қолданылатын тәртіппен жүзеге асырылады.

5-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол учаскелерi бойынша транзитпен жүктердi тасымалдау Ресей Федерациясының заңнамасы негiзiнде жүзеге асырылады және iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша Ресей темiр жолдарында барлық жүрген жолы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, Ресей Федерациясы iшкi қатынасының тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

6-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларына, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол учаскелерi бойынша транзитпен жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасы негiзiнде жүзеге асырылады және iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша Қазақстан темiр жолдарында барлық жүрген жолы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, Қазақстан Республикасы iшкi қатынасының тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

7-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына және керi бағытта жүктердi тасымалдау халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша Ресей темiр жолдарында барлық жүрген жолы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

8-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларына және керi бағытта жүктердi тасымалдау халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша Қазақстан темiр жолдарында барлық жүрген жолы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

9-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларына және керi бағытта Ресей Федерациясының аумағы бойынша транзитсiз өтетiн жүктердi тасымалдау iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша, Ресей темiр жолдарында және Қазақстан темiр жолдарында жалпы тасымалдау қашықтығына пропорционалды тиiстi темiр жол бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

10-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына және керi бағытта Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитсiз өтетiн жүктердi тасымалдау iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша, Ресей темiр жолдарында және Қазақстан темiр жолдарында жалпы тасымалдау қашықтығына пропорционалды тиiстi темiр жол бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

11-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларына және керi бағытта Ресей Федерациясының аумағы бойынша транзитпен өтетiн жүктердi тасымалдау халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi. Бұл ретте Ресей темiр жолдарында және Қазақстан темiр жолдарында тасымал төлемдерiн төлеу iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша тиiстi темiр жол бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн жүзеге асырылады.

12-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына және керi бағытта Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен өтетiн жүктердi тасымалдау халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi. Бұл ретте Қазақстан темiр жолдары бойынша және Ресей темiр жолдары бойынша тасымал төлемдерiн төлеу iшкi қатынаста жүктi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша тиiстi темiр жол бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн жүзеге асырылады.

13-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жолының Озинки, Ақсарай-II, Құлынды, Золотая Сопка түйiсу пункттерiнен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларына және керi бағытта жүктердi тасымалдау халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi. Бұл ретте Қазақстан темiр жолдары бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн Қазақстан темiр жолдарында тасымал төлемдерiн төлеу ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн тасымалдау қашықтығы үшiн белгiленген ставканы алып тастағандағы халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Ресей темiр жолдарындағы тасымал төлемдерi ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн қашықтық үшiн халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша алынады.

14-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жолының Петропавл түйiсу пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларына және керi бағытта жүктердi тасымалдау халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi. Бұл ретте Қазақстан темiр жолдары бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн Қазақстан темiр жолдарында тасымал төлемдерiн төлеу ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн, тасымалдау қашықтығы үшiн белгiленген ставканы алып тастағандағы iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Ресей темiр жолдарындағы тасымал төлемдерi ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн қашықтық үшiн iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша алынады.

15-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жолының Никельтау, Тобыл, Пресногорьков, Қызыл ту түйiсу пункттерiнен Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына және керi бағытта жүктердi тасымалдау халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi. Бұл ретте Ресей темiр жолдары бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн Ресей темiр жолдарында тасымал төлемдерiн төлеу ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн тасымалдау қашықтығы үшiн белгiленген ставканы алып тастағандағы халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан темiр жолдарындағы тасымал төлемдерi ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн қашықтық үшiн халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша алынады.

16-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жолының Локоть, Илецк-1 түйiсу пункттерiнен Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына және керi бағытта жүктердi тасымалдау халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi. Бұл ретте Ресей темiр жолдары бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн Ресей темiр жолдарында тасымал төлемдерiн төлеу ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн тасымалдау қашықтығы үшiн белгiленген ставканы алып тастағандағы iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан темiр жолдарындағы тасымал төлемдерi ең төменгi тарифтiк белдiкке сәйкес келетiн қашықтық үшiн iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша алынады.

17-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына Ресей Федерациясының аумағы бойынша транзитпен жүктердi тасымалдау iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша Ресей темiр жолдарында барлық жүрген жолы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

18-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүктердi тасымалдау iшкi қатынаста жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша Қазақстан темiр жолдарында барлық жүрген жолы үшiн тасымал төлемдерi төлене отырып, халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

19-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларына және керi бағытта жүктердi тасымалдау халықаралық қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi. Бұл ретте Қазақстан темiр жолдары бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн Қазақстан темiр жолдарында тасымал төлемдерiн төлеу халықаралық қатынаста тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясында қолданылатын тарифтер бойынша, ал Ресей темiр жолдары бойынша тасымалдау қашықтығы үшiн Ресей темiр жолдарында - жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

20-бап

      1996 жылғы 18 қазандағы келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген темiр жол учаскелерi шегiнде жүктердi тасымалдау, тиiсiнше Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және аумағында осы учаскелер орналасқан мемлекеттiң iшкi тарифтерi бойынша тасымал төлемдерi төлене отырып, iшкi қатынастағы тасымал құжаттарымен ресiмделедi.

21-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей темiр жол станцияларында Ресей темiр жолдарында қолданылатын қосымша алымдар, төлемдер және айыппұлдар алынады.

22-бап

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан темiр жол станцияларында Қазақстан темiр жолдарында қолданылатын қосымша алымдар, төлемдер және айыппұлдар алынады.

23-бап

      Осы Келiсiмнiң 7 - 20-баптарында аталған Қазақстан және Ресей темiр жол учаскелерi бойынша жүктердi тасымалдау осы Келiсiмнiң және Қазақстан Республикасы және/немесе Ресей Федерациясы қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте үшiншi елдерге/елдерден транзиттік тасымалдарды қоспағанда, Қазақстан және Ресей темiр  бойынша тасымал төлемдерiн төлеу осы Келiсiмде айқындалған  тәртiппен жүзеге асырылады.

24-бап

      Әрбiр Тараптың құзiреттi органдары темiр жол көлiгiмен халықаралық және iшкi қатынастарда жүктердi тасымалдаудың қолданыстағы тарифтер деңгейiнiң, қосымша алымдар ставкаларының, төлемдердiң, сондай-ақ жүктердi тасымалдауға байланысты айыппұлдар мөлшерiнiң өзгеруi туралы уақытында бiр-бiрiне хабарлайды, тасымал төлемдерiн есептеу тәртiбi бойынша түсiнiктемелер жiбередi және жеке шарттың негiзiнде екiншi Тараптың құзiреттi органын тасымал төлемдерiн есептеудiң, қосымша алымдар, төлемдер мен айыппұлдар алудың тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттармен қамтамасыз етедi.

25-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

26-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға байланысты дауларды құзыреттi органдар консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.

27-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi және 1996 жылғы 18 қазандағы келiсiмнiң қолданыста болу мерзiмiне жасалады.
      200__ жылғы _______ _________ қаласында, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.

       Қазақстан Республикасының       Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады