Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы N 383 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Мемлекеттiк геологиялық зерделеу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Арал өңiрiндегi (Арал маңы учаскесi) көмiрсутегi шикiзатын iздестiру-бағалау жұмыстарын берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) жұмыстарды сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы үшiн бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады