Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Алматы облысының әкiмiне Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектiк көп бейiндi аурухана құрылысының жобасын аяқтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 86463000 (сексен алты миллион төрт жүз алпыс үш мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі