"Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 404 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

 

                                                                 Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

      2004 жылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің тауарларының, сондай-ақ оған байланысты жекелеген қызмет түрлерінің импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС
 
ШЕШIМ

      2004 жылғы 25 қазан       N 198                  Мәскеу қаласы

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттама туралы

      Еуразия экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесi (үкiмет басшыларының деңгейiнде) шештi:
      1. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттама қабылдансын (қоса берiлген).
      2. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердiң үкiметтерi өз мемлекеттерiнiң заңнамасын осы Шешiмнiң 1-тармағында көрсетiлген Хаттамаға сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.

       ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң мүшелерi:

Беларусь        Қазақстан     Қырғыз          Ресей   Республикасы    Республикасы  Республикасы    Федерациясы
үшiн            үшiн          үшін            үшiн 

Тәжiкстан
Республикасы
үшiн

 Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң Үкiметi, Баларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден Одағы туралы 1995 жылғы 6 қаңтардағы келiсiмде, Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмде, Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартта және Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартта көзделген ықпалдасу процестерiн одан әрi дамыту мақсатында,
      Кеден одағын қалыптастыру кезiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы 1997 жылғы 22 қазандағы келiсiмнiң ережелерiн iске асыра отырып,
      үшiншi елдерге қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірыңғай сауда режимiн белгiлеу жөнiнде Тараптардың ниеттерін назарға ала отырып, 
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Негiзгi ұғымдар

      Осы Хаттаманың мақсаты үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      сыртқы сауда қызметi - тауарлармен, қызметтермен, ақпаратпен және зияткерлік меншiкпен сыртқы сауда саласындағы мәмiлелердi жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
      бас лицензия - Тараптардың шешiмдерi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыларға берiлген және лицензияда айқындалған санда лицензияланатын жекелеген тауарлар түрiнiң экспортына немесе импортына құқық беретiн лицензия;
      тауар импорты - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағына қайта әкету туралы мiндеттемесiз тауарларды әкелу;
      ерекше лицензия - жекелеген тауарлар түрiнiң экспорты немесе импортына ерекше құқық беретiн лицензия;
      лицензия және (немесе) рұқсат - тауарлардың не осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын жүзеге асыру құқығына арналған арнайы құжат;
      лицензиялау - тауарлардың не осыған, байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды (рұқсаттарды) ұсынудың тәртiбiн белгiлейтiн әкiмшiлiк шаралардың кешенi;
      қадағалау - жекелеген тауарлар түрлерiнiң импорты және (немесе) экспорты серпiнiнiң мониторингi мақсатында белгiленген уақытша шара;
      бiр жолғы лицензия - мәнi лицензияланатын тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмiлесi негiзiнде сыртқы сауда қызметке қатысушыға берiлетiн және белгiлi бiр сандағы осы тауардың экспортына немесе импортына құқық беретiн лицензия;
      рұқсат беру тәртiбi - лицензиялауды немесе сыртқы сауда қызметiн реттеудiң әкiмшiлiк шараларының өзге нысандарын көздейтiн жекелеген тауарлар түрлерiмен сыртқы сауда операцияларын, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумағынан тысқары тасымалданатын осындай тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырудың тәртiбi;
      тауар - сыртқы сауда қызметiнiң мәнi болып табылатын жылжымалы мүлiк, жылжымайтын мүлiкке жатқызылған әуе, теңiз кемелерi, iшкi жүзу және аралас (өзен - теңiз) жүзу кемелерi мен ғарыш объектiлерi, сондай-ақ электр энергиясы және энергияның басқа да түрлерi. Халықаралық тасымалдар туралы шарт бойынша пайдаланылатын көлiк құралдары тауар ретiнде қарастырылмайды;
      ЕурАзЭҚ-тың сыртқы сауда қызметiне қатысушылар (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметiне қатысушылар) - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң азаматтары болып табылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында тұрақты немесе басымдықты тұрғылықты орны бар немесе ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетте тұрақты тұруға құқығы бар не ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлер ретiнде тiркелген жеке тұлғалар;
      тауар экспорты - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің кедендiк аумағынан керi қайтару туралы мiндеттемесiз тауарды әкету.

2-бап
Қолданылу саласы

      Осы Хаттама Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер үшiншi елдермен саудада әкелуге және/немесе әкетуге тыйым салу немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бiрыңғай тiзбесiне (бұдан әрi - Тауарлардың бiрыңғай тiзбесi) енгiзiлген тауарлардың, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын қадағалау мен лицензиялаудың ережесiн анықтайды.
      ЕурАзЭҚ-тың бiрыңғай кедендiк аумағын құру туралы халықаралық шарт күшiне енгенге дейiн ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң бiрiнiң аумағынан ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң екiншiсiнiң аумағына жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына және (немесе) экспортына байланысты сыртқы сауда операциялары ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң заңнамасында және олардың арасындағы еркiн сауда туралы екi жақты шарттарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағы оның ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Осы Хаттаманың әрекеті экспорттық бақылауға жататын тауарлардың импортына және экспортына, сондай-ақ әскери мақсатты өзге өнімдерге қатысты қолданылмайды.

3-бап
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау

      1. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.
      2. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау мынадай принциптерді сақтау кезiнде жүзеге асырылады:
      а) тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар алу рәсiмi тауарлардың импортын және экспортын шектемеу үшiн барынша оңайландырылуы тиiс;
      б) рұқсат атқарушы билiктiң уәкiлеттi мемлекеттiк органына (бұдан әрi- уәкiлеттi мемлекеттiк орган) ұсынылған өтiнiштердiң негiзiнде сыртқы сауда қызметiнiң кез келген қатысушыларына шектеусiз берiледi;
      в) рұқсат беру туралы өтiнiштi тауарларды кедендiк ресiмдегенге дейін кез келген жұмыс күнi беруге болады.
      3. Рұқсат оған қатысты қадағалау енгiзiлген жекелеген тауарлар түрiне тауардың саны мен құны, сондай-ақ егер импортқа рұқсат берiлетiн болса, сыртқы сауда мәмiлесiнiң тараптары және тауардың шыққан елi көрсетiле отырып, жасанды қағаздан қорғалған арнайы дайындалған бланкiлерде ресімделеді.
      4. Рұқсат алу үшін сыртқы сауда қызметінің қатысушысы уәкiлеттi мемлекеттік органға рұқсаттың жобасын осы Хаттамамен бекiтiлген нысан бойынша (1-қосымша) қағаздағы және электронды түрде бiр данада ұсынады.
      Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және/немесе импортына рұқсат алу үшін тиісті түрде ресімделген рұқсаттың жобасынан басқа, өзге құжаттарды ұсынуға талап етуге жол берілмейді. Тауарлардың импортына және(немесе) экспортына рұқсаттың жобасын толтыру және ресiмдеу ережесі осы Ереженің ажырамас бөлiгi болып табылатын 4-қосымшада берiлген.
      5. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы ұсынған рұқсаттың жобасы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.
      6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
      7. Рұқсат өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiлуi тиiс.
      8. Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысына рұқсаттың түпнұсқасы берiледi.
      9. Берiлген рұқсат басқа тұлғаларға табыстауға жатпайды және ол рұқсат иесiнде сақталады.

4-бап
Тауарлардың импортын және экспортын лицензиялау

       1. Тауарлардың импортын және экспортын лицензиялау (бұдан әрi - лицензиялау) мына:
      а) жекелеген тауар түрлерiнiң экспортына немесе импортына уақытша сандық шектеулер енгiзiлген;
      б) мемлекеттiң қауiпсiздiгiне, азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкiне, мемлекеттiк немесе муниципалдық мүлiкке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсiмдiктердiң тiршiлiгiне немесе денсаулығына қолайсыз әсер етуi мүмкiн жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртiбiн белгiленген;
      в) жекелеген тауар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлген;
      г) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң халықаралық мiндеттемелердi орындалған жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Оларға қатысты лицензиялау енгiзетiн жекелеген тауарлар түрлерi Тауарлардың бiрыңғай тiзбесiне енгiзiлген. 
      Тиiстi лицензия алу үшiн сыртқы сауда қызметiне қатысушыларға қойылатын талаптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      3. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импорты және (немесе) экспорты 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына және (немесе) экспортына бiр жолғы,  бас және ерекше лицензиялар ресiмделуi мүмкiн.
      Бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi лицензия берiлген күннен бастап бiр жылдан аспайды, оларға қатысты сандық шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн егер Тараптардың шешiмiмен өзгеше ескерiлмесе ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
      Жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импортына ерекше құқық берiлетiн сыртқы сауда қызметiне қатысушылар, сондай-ақ осы тауарлар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады.
      4. Лицензия алу үшiн сыртқы сауда қызметiне қатысушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      а) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаздағы және электронды түрде бiр данада лицензия беруге арналған өтiнiш.
      Лицензия беруге арналған өтiнiштi ресiмдеу ережесiмен лицензия 5-қосымшада берiлген;
      б) сыртқы сауда мәмілесін ресімдейтін шарттың көшiрмесi (бiр жолғы лицензияны ресімдеген жағдайда ғана);
      в) салық органында есепке қою туралы куәліктің көшiрмесi;
      г) егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
      д) егер олардың негiзiнде осы тауарды лицензиялау енгiзiлген нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленсе, басқа да құжаттар.
      Құжаттардың көшiрмесi ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiгiлуi, сыртқы сауда қызметiне қатысушының қолымен және мөрiмен расталуы тиiс.
      5. Сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған құжаттар тiркелуге жатады.
      6. Лицензияны беру туралы немесе лицензия беруден бас тарту туралы шешiмдi құжаттар берiлген күннен бастап 20 жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған құжаттарды зерделеудiң негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдайды.
      7. Заңды тұлға ретiнде тiркелген сыртқы сауда қызметiне қатысушының құрылтайшы құжаттарына өзгерiстер енгізілген (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, атауы не оның орналасқан орны өзгерсе) немесе жеке тұлға болып табылатын сыртқы сауда қызметіне қатысушы паспортының деректерi өзгерген жағдайда, лицензия иесi берілген лицензияны жою және өтiнiш пен көрсетiлген өзгерiстердi растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңасын ресiмдеу туралы өтiнiш бiлдiруге мiндеттi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу туралы шешiм сыртқы сауда қызметiне қатысушының құжаттарын тiркеген күннен бастап 5 жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде қабылданады.
      8. Берiлген лицензияға өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
      9. Сыртқы сауда қызметiне қатысушыға лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:
      ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес ақпараттың болуы;
      квотаның (квоталанатын тауарларға лицензия ресiмдеген жағдайда) таусылуы.
      Лицензия беруден бас тарту туралы шешiмде дәлелдi негiз болуы және сыртқы сауда қызметiне мүдделi қатысушыға жазбаша нысанда ұсынылуы тиiс.
      10. Лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлетті мемлекеттiк орган мынадай:
      а) лицензия иесi тиiстi өтiнiш ұсынған;
      б) лицензия алу үшiн дұрыс емес мәлiметтер мен деректер ұсынған;
      в) лицензия жоғалған;
      г) егер қызметтiң мұндай түрi тауардың импортына және (немесе) экспортына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензия қайтарылған;
      д) лицензия иесi осы баптың 14-тармағы орындалмаған жағдайларда қабылдайды.
      11. Лицензияның қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнi iшiнде осындай шешiмге әкеп соқтырған себептердi көрсете отырып, лицензия иесiне және кеден органдарына жiбередi.
      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылғаннан кейiн лицензия жаңартылады. Лицензияның қолданылуы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн жаңартылды деп саналады, ол үш жұмыс күнi iшiнде лицензия иесiне және кеден органдарына жiберiледi.
      12. Лицензия заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайды қоса алғанда, басқа тұлғаларға берiлмейдi және лицензия иесiнде сақталады.
      13. Лицензия лицензияланатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың бiрi болып табылады.
      Лицензияның түпнұсқасын және иегер растаған лицензияның көшiрмесiн тауарды кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кезде лицензияның иесi кеден органына ұсынады және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы лицензияланатын тауарға рұқсатнама үшiн негiздеме болып табылады.
      14. Бас және айрықша лицензиялардың иелерi тоқсан сайын, есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның орындалу барысы туралы есептi ұсынуға мiндеттi. Бiр жолғы лицензиялардың иелерi бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн он күн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның орындалуы туралы кеден органдарының белгiсi бар лицензияның көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.

5-бап
Жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау

       Егер қызметтiң осындай түрi оған қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің аумағында лицензиялау енгiзiлген тауардың импортына және (немесе) экспортына байланысты болса, жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-бап
Дауларды шешу және өзгерiстер енгiзу

      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және/немесе iске асыруға байланысты даулар консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi.
      Осы хаттамаға Тараптардың жалпы келiсiмiмен осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар түрiнде ресiмделетiн және 7-бапта көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

7-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Хаттама ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi болып табылатын депозитарий Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлік рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      ________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiберетiн ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетiнде сақталады.

       Беларусь Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Yкiметi үшiн

      Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн

                                          Еуразия экономикалық
                                          қоғамдастығына мүше
                                       мемлекеттердiң тауарларының,
                                       сондай-ақ осыған байланысты
                                       жекелеген қызмет түрлерiнiң
                                         импортын және экспортын
                                         лицензиялаудың бiрыңғай
                                        ережелерi туралы хаттамаға
                                                N 1-қосымша  

ЕУРАЗЭҚ-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АТҚАРУШЫ БИЛІГІНІҢ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНЫ

1.Өтініш беруші (атауы, толық мекен-жайы), ССН коды

2.

      ИМПОРТҚА/ЭКСПОРТҚА
          РҰҚСАТ БЕРУ
              N  

3. Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)  

4. Рұқсат қолданысының мерзімі          31/12 ж. дейін  

5. Шығарушының елі 

7.

 N 
келісім-шарт 

  

6. Баратын ел 

8. СЭҚ ТН коды

9. Өлшем
  бірлігі 

10. Саны

11. Статистикалық
құны 

12. Тауар атауы

 

13. Өтініш беруші
 
   Т.А.Ә.А
   Лауазымы
   Телефон
   Қолы мен мөрі           Күні
 

14. Атқарушы биліктің уәкілетті   
    мемлекеттік органы
    Т.А.Ә.А.
    Лауазымы
    Телефон
    Қолы мен мөрі           Күні
 

                                          Еуразия экономикалық
                                          қоғамдастығына мүше
                                       мемлекеттердiң тауарларының,
                                       сондай-ақ осыған байланысты
                                       жекелеген қызмет түрлерiнiң
                                         импортын және экспортын
                                         лицензиялаудың бiрыңғай
                                        ережелерi туралы хаттамаға
                                                N 2 қосымша      

     ЕУРАЗ-ҚА ҚАТЫСУШЫ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ УӘКІЛЕТТІ   
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН

1. ЛИЦЕНЗИЯ N 

2. Қолданылу мерзімі       дейін

3. Лицензия түрі
       Бас/Бір жолғы/Ерекше
        Экспорт/Импорт

4.   келісім-шарт
     N

5. Өтініш беруші (атауы, толық мекен-жайы), ССН коды

6. Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)

7. Баратын/шығатын елі

8. Сатып алушы/сатушының елі 

9. Тауар атауы

10. СЭҚ ТН коды

11. Өлшем
бір-
лігі

12. Саны

13. Төлем валютасы

14. Фактуралық
      құны

15. Қосымша ақпарат

16. Лицензия беру үшін негіздеме

17.  "Келісілді"

Т.А.Ә.А.

Лауазымы

Қолы мен мөрі          Күні

18. Атқарушы органның уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә.А.

Лауазымы

Қолы мен мөрі          Күні

                                          Еуразия экономикалық
                                          қоғамдастығына мүше
                                       мемлекеттердiң тауарларының,
                                       сондай-ақ осыған байланысты
                                       жекелеген қызмет түрлерiнiң
                                         импортын және экспортын
                                         лицензиялаудың бiрыңғай
                                        ережелерi туралы хаттамаға
                                                N 3-қосымша  

ЕУРАЗ-ҚА ҚАТЫСУШЫ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ УӘКІЛЕТТІ   
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН

1. Өтініш N

2. Қолданылу мерзімі          дейін

3. Лицензияның түрі
Бас/Бір жолғы/ерекше
Экспорт/Импорт   

4. Келісім-шарттың        N

5. Өтініш беруші (атауы, толық мекен-жайы), ССН коды

6. Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)

7. Баратын/шығатын елі

8. Сатып алушы-сатушының елі

9. Тауар атауы

10. СЭҚ ТН коды

11. Өлшем бір-
лігі

12. Саны

13. Төлем  
   валютасы

14. Фактуралық құн

15. Қосымша ақпарат

16. Лицензия беру үшін негіздеме

17.  "Келісілді"

Т.А.Ә.А.

Лауазымы

Қолы мен мөрі          Күні

18. Өтініш беруші

Т.А.Ә.А.

Лауазымы

Қолы мен мөрі          Күні

                           Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше
                            мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ
                             осыған байланысты жекелеген қызмет
                             түрлерiнiң импортын және экспортын
                              лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi
                              туралы хаттамаға 
                             4-қосымша 

ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЭКСПОРТЫНА РҰҚСАТ БЕРУДI РЕСIМДЕУДIҢ ЕРЕЖЕСI

      1. Рұқсатты ресiмдеудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) сыртқы сауда қызметiнiң қатысушылары мен уәкiлеттi мемлекеттік органдарға арналған.
      2. Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысы ұсынатын рұқсат белгiленген нысанға қатаң сәйкес ЭЕМ басу құралында және мiндеттi түрде барлық қажеттi реквизиттер толтырыла отырып, жазылады.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, жасанды қағаздардан арнайы қорғайтын бiр iздiлендiру нысаны бойынша рұқсатты ресiмдейдi. Бұл ретте рұқсаттың реквизиттерi мынадай түрде толтырылады.
      Рұқсаттың реквизиттерi мынадай түрде толтырылады:
       1-реквизит. "Өтiнiш берушi (атауы, толық мекен-жайы, ССН коды)"
      Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысы туралы мәлiметтер көрсетiледi
      - заңды тұлға үшiн - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi;
      - жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат деректерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм берген), салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi.

       2-реквизит. "N"
      Сұратынатын Рұқсаттың түрiнiң қажеттiсiнiң астын сызу керек (мысалы,  ИМПОРТ ).
       Рұқсаттың нөмiрi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегi бес таңбалы тiркеу нөмiрiн беру жолымен (мысалы: 00001) рұқсат жобасын арнайы журналда тiркегеннен кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган толтырады.
      Рұқсаттың нөмiрi  15 белгiден  тұрады және мынадай түрде қалыптасады:
       Р-әрпi.
       2-ден 4-ке дейiнгi сан  - рұқсат берген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетiнiң (Беларусь Республикасы - 112; Қазақстан Республикасы - 398; Қырғызстан Республикасы - 417; Ресей Федерациясы - 643;  Тәжiкстан Республикасы - 762) коды.
       5-тен және 6-ы  - сандары - экспортқа (импортқа) қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар санатының коды;
       7-саны  жылдың соңғы саны;
       8-ден 10-ға дейiнгi сан  - рұқсаттың расталатын мөрдiң үш таңбалы нөмiрi;
       11-ден 15-ке дейiнгi сан  - күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы өтiнiшiнiң тiркеу журналында тiркелген нөмiрi.
      Рұқсатты рәсiмдеу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат түрiн (мысалы -  ИМПОРТҚА  арналған) көрсетедi.
       3-реквизит. "Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)"
      Келiсiмде көрсетiлген келiсiм тiлiн сақтай отырып, оның атауы мен мекен-жайына сәйкес сатып алынатын тауар (экспорты кезiнде) немесе сатылатын тауар (импорты кезiнде) шетел серiктестiгi фирмасының атауы және толық мекен-жайы көрсетiледi.
       4-реквизит. "Рұқсатты қолданудың мерзiмi"
      Өтiнiш берушi сұрайтын рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталатын күнi көрсетiледi. Бұл ретте күнi мынадай түрде көрсетiледi:
       ККААЖЖ
      КК -күні
       АА -айы;
       ЖЖ  - жылы.
      Символдар бiр бiрiнен нүктемен бөлiнедi (мысалы, 01.01.04).
       5. "Шығаратын ел" және 6-реквизиттер "Баратын ел"
      Тауарлардың баратын елдерi мен шығарушы елдерiнiң атаулары көрсетiледi.
       7-реквизит. "Келiсiм-шарт"
      Келiсiм-шарттың нөмiрi және оған қол қойылған күнi көрсетiледi.
      Күнi осы бөлiмнiң 4-реквизитiнiң талабына сәйкес көрсетiледi.
       8-реквизит. "СЭҚ ТН коды"
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН) тауардың он таңбалы коды көрсетiледi.
       9-реквизит. "Өлшем бiрлiгi"
      ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН сәйкес тауардың өлшем бiрлiгiнiң
қысқартылған атауы (негiзгi немесе қосымша) көрсетiледi.
       10-реквизит. "Саны"
      9-реквизитте көзделген өлшем бiрлiгiнде (таразы бiрлiгi үшiн - нетто салмағы) тауардың саны көрсетiледi.
       11-реквизит "Статистикалық құны"
      Тауардың статистикалық құны АҚШ долларымен көрсетiледi.
      Егер статистикалық құнының бөлшек бiрлiгi болса, онда ол дөңгелектену ережесi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгелектенедi.
       12-реквизит. "Тауардың атауы"
      ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН қатаң сәйкестiк тауардың толық атауы және қажет кезiнде бiр мағыналы сыныптамалары үшiн қажет болатын оның барынша егжей-тегжейлi сипаттауына түсiнiктемелер көрсетiледi.
       13-реквизит. "Өтiнiш берушi"
      1-реквизитте көрсетiлген оның Т.А.Ә.А., лауазымы, байланыс телефоны мен өтiнiштi ресiмдеген күнi көрсетiле отырып, мөрмен куәландыратын өтiнiш берушiнiң қолы қойылады.
       14-реквизит. "Атқарушы органның уәкiлеттi мемлекеттiк органы"
       Оның Т.А.Ә.А., лауазымы және қол қойылған күнi көрсетiле отырып, мөрмен расталған рұқсат берген тұлғаның қолы қойылады.

                          Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше
                          мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ
                        осыған байланысты жекелеген қызмет
                         түрлерiнiң импортын және экспортын
                          лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi
                    туралы хаттама 5-қосымша

ЛИЦЕНЗИЯ АЛУҒА ӨТIНIШТЕРДI ЖӘНЕ ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА (НЕМЕСЕ) ЭКСПОРТЫНА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯНЫ РЕСIМДЕУДIҢ ЕРЕЖЕСI

       1. Өтiнiштер мен лицензияны ресiмдеудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) сыртқы сауда қызметiнiң қатысушылары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына арналған.
      2. Лицензия беруге арналған өтiнiш белгiленген нысанға қатаң сәйкес ЭЕМ-ның басу құралында және мiндеттi түрде барлық қажеттi реквизиттердi толтырыла жасалынады.
      Рұқсаттың реквизиттерi мынадай түрде толтырылады:
       1-реквизит. "Өтiнiштiң N"
      Рұқсаттың нөмiрi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбiнде бес таңбалы тiркеу нөмiрiн беру арқылы рұқсаттың жобасын арнайы журналда тiркегеннен кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган толтырады (мысалы, 00001).
       2-реквизит. "Қолданылу мерзiмi"
      Өтiнiш берушi сұратқан лицензияның қолдану мерзiмiнiң аяқталу күнi көрсетiледi. Бұл ретте күнi мынадай түрде көрсетiледi:
       КК.АА.ЖЖ
      мұндағы
       КК  -күні;
       АА  - айы;
       ЖЖ  - жылы.
      Символдар бiр бiрiнен нүктемен бөлiнедi (мысалы, 01.01.04)
       3-реквизит. "Келiсiм-шарт"
      Сұрау салынған лицензия түрiнiң астын сызу керек (мысалы, бас/ бiр реттiк/ айрықша  экспорт / импорт).
       4-реквизит. "Келiсiм-шарт"
      Келiсiм-шарттың нөмiрi және оған қол қойылған күнi көрсетiледi. Күнi осы бөлiмнiң 2-реквизитiнiң талабына сәйкес көрсетiледi.
      Егер бас және ерекше лицензияларға арналған өтiнiш ресiмделген жағдайда 4-реквизит толтырылмайды.
       5-реквизит. "Өтiнiш берушi (атауы, толық мекен-жайы, ССН коды)"
      өтiнiш берушi туралы шын мәлiметтер көрсетiледi:
      - заңды тұлға үшiн - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi;
      - жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат мәлiметтерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бердi), салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi.
       6-реквизит. "Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)"
      Келiсiм-шартта көрсетiлген келiсiмнiң тiлiн сақтай отырып, оның атауы мен мекен-жайына сәйкес сатып алынатын тауар (экспорты кезiнде) немесе сатылатын тауар (импорты кезiнде) шетел серiктестiгi фирмасының атауы және толық мекен-жайы көрсетiледi.
      Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда  "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес"  деп жазылады.
       7. "Баратын/шығаратын ел"
      Шетел серiктестiктерiнiң елдерi (экспорт кезiнде) немесе шығару елдерiнiң атауы көрсетiледi.
      Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес" деп жазылады.
       8-реквизит. "Сатып алушы/сатушының елi"
      Шетел серiктестiктерiнiң (экспорт кезiнде) немесе сатушылардың (импорт кезiнде) елдерi көрсетiледi.
      Бас және айрықша лицензияны ресiмдеген жағдайда  "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес"  деп жазылады.
       9-реквизит. "Тауардың атауы"
      Еуразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттiң сыртқы сауда экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасына (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН) қатаң сәйкес тауардың толық атауы және қажет кезiнде бiр белгiлiк сыныптамалары үшiн қажет болатын оны егжей-тегжейлi барынша сипаттау қажет кезiнде түсiнiктемелер көрсетiледi. Егер 9-реквизитте барлық ақпараттар сыймаса, осы ақпараттың бөлiгi "қосымша ақпараттар" деген 15-реквизитке ауыстырылуы мүмкiн.
       10-реквизит. "СЭҚ ТН коды"
       ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН сәйкес тауардың он таңбалы коды көрсетiледi.
       11 реквизит "Өлшем бiрлiгi"
      ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН сәйкес тауардың өлшем бiрлiгiнiң қысқартылған атауы (негiзгi немесе қосымша) көрсетiледi. СЭҚ ТН-нан айырмашылығы бар өлшем бiрлiгi пайдаланылған жағдайда 15-реквизитте тауардың саны мен өлшем бiрлiгi туралы қосымша мәлiметтер көрсетiледi.
       12-реквизит. "Саны"
      11-реквизитте көзделген өлшем бiрлiгiндегi (таразы бiрлiгi үшiн - нетто салмағы) тауардың саны көрсетiледi.
       13-реквизит "Төлем валютасы"
      Тауардың келiсiм-шарт құны айқындалатын валютаның қысқа атауы көрсетiледi.
      Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда  "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес"  деп жазылады.
       14-реквизит. "Фактуралық құны"
      Тауардың фактуралық құны келiсiм-шарт валютасымен көрсетiледi.
      Егер фактуралық құнының бөлшек бiрлiгi болса, онда ол дөңгелектеу ережесi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгелектенедi.
      Бас және ерекше лицензия ресiмделген жағдайда тауардың болжамды құны көрсетiледi.
       15-реквизит. "Қосымша ақпарат"
      Қажеттiлiк шамасына қарай пайдаланылады. Осы реквизит аясында лицензияға арналған өтiнiштiң 7, 9, 11, 12 реквизиттерiн нақтылау және ашып жазу қажеттiлiгiне байланысты мәлiметтер енгiзiледi, сондай-ақ өтiнiш ресiмдеген сәтте қол қойылған келiсiм-шартқа барлық толықтырулар мен өзгерiстердiң нөмiрi және күнi енгiзiледi.
       16-реквизит. "Лицензия беру үшiн негiздеме"
      Мыналар:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң нөмiрлерi және күндерi, атқарушы билiктiң мемлекеттiк органдары мен лицензияны сұрату үшiн негiз болып табылатын уәкiлеттi халықаралық органдары құжаттарының нөмiрлерi мен күндерi;
      егер делдал өтiнiш берушi ретiнде көрiнетiн болса комиссия шарттарының нөмірі мен күні;
      - аукцион жеңiмпаздары сертификатының нөмiрi мен күнi немесе әрбiр Тараптың ведомствоаралық комиссиясы Хаттамасының көшiрмесi (квоталанатын тауарларға аукцион немесе конкурс өткiзiлген және лицензия рәсiмделген жағдайда) көрсетiледi.
       17-реквизит. "Қосымша ақпарат"
      Мыналар:
      - лицензия беруге келiскен атқарушы мемлекеттiк билiк органының атауы (қажеттi жағдайда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген келiсу); 
      - келiсiмнiң нөмiрi;
      - Т.А.Ә.А., лауазымы, жауапты тұлғаның қолы мен күнi. Мөрмен куәландырған қолы көрсетiледi.
       18-реквизит. "Өтiнiш берушi"
      1-реквизитте көрсетiлген өтiнiш берушiнiң, оның Т.А.Ә.А., лауазымы, байланыс телефоны және өтiнiштi ресiмделген күнi көрсетiле отырып, мөрмен куәландырылған қолы қойылады.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, жасанды қағаздан арнайы қорғағышы бар бiрiздендiрiлген нысан бойынша лицензия ресiмделедi.
       1-реквизит. "Лицензия N"
      Лицензия нөмiрi көрсетiледi.
      Лицензия нөмiрi 16 белгiден тұрады және мынадай түрде құрылады:
       1 - Л әрпi.
       2-ден 4-ке дейiн  - рұқсат берген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетiнiң коды (Беларусь Республикасы - 112; Қазақстан Республикасы - 398; Қырғызстан Республикасы - 417; Ресей Федерациясы - 643; Тәжiкстан Республикасы - 762).
       - квоталар коды (квоталанбайтын тауарлар үшiн - 0);
       6   және 7  - лицензияланатын тауар санатының коды;
       - жылдың соңғы саны;
       9-дан 11-ге дейiн  - мөрмен куәландыратын лицензияның үш таңбалы нөмiр;
       12-ден 16-ға дейiн  - күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы өтiнiшiнiң тiркеу журналындағы тiркелген нөмiрi.
       2-реквизит. "Әрекет ету мерзiмi"
      Лицензия әрекеті мерзiмiнiң аяқталған күнi (осы Ереженiң 2-тармағында жазылған өтiнiштiң 2-реквизитiн толтырылған сияқты толтырылады) көрсетiледi.
       3-реквизит. "Лицензия түрi"
      Лицензия ресiмдейтiн түрi көрсетiледi. Мысалы,
       БIР ЖОЛЫ ЭКСПОРТ
       4-15-реквизиттер  осы Ереженiң 2-тармағында жазылған өтiнiштiң 4-15-реквизиттердi сияқты толтырылады.
       16-реквизит. "Лицензия алу үшiн негiздеме"
      Мыналар:
      - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң нөмiрлерi және күндерi, атқарушы билiктiң мемлекеттік органдары мен лицензияны сұрату үшiн негiз болып табылатын уәкiлеттi халықаралық органдары құжаттарының нөмiрлерi мен күндерi;
      - егер делдал өтiнiш берушi ретiнде көрiнетiн болса комиссия шарттарының нөмiрi мен күнi;
      - аукцион жеңiмпаздары сертификатының нөмiрi мен күнi немесе әрбiр Тараптың ведомствоаралық комиссиясы Хаттамасының көшiрмесi (квоталанатын тауарларға аукцион немесе конкурс өткiзiлген және лицензия рәсiмделген жағдайда);
      - лицензия берудi негiздейтiн басқа да қажеттi ақпарат көрсетiледi.
       17-реквизит. "Келiсiлдi"
      Қосымша келiсу қажеттiгi жағдайында толтырылады.
      Лицензияны беруге келiскен тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы және қол қойылған күнi көрсетiледi. Бұл ретте реквизитте "қолы мен мөрi бар" деген белгi қойылады.
       18-реквизит. "Атқарушы билiктiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы"
      Оның Т.А.Ә.А., лауазымы және қойылған күнi көрсетiле отырып, мөрмен куәландырылған рұқсат берген тұлғаның қолы қойылады.   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады