Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 405 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 16 мамырдағы
N 405 қаулысымен  
бекiтiлген  

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 92-жолдың 3-бағанындағы "ЖҮАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрлерi 123-27 және 123-29-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 123-33-жолдың 3-бағанындағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 123-102, 123-103 және 123-104-жолдармен толықтырылсын:
      "123-102. "Көркемсурет көрмелерi және аукциондар дирекциясы"
ЖШС
      123-103. "Мәдени саясат және өнертану институты" ЖШС
      123-104. "Көшпелiлердiң мәдени мұрасы проблемалары жөнiндегi қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.";
      "Қарағанды облысы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 214-2-жолдың 3-бағанындағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген бөлiмде:
      тақырыбындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 224-6-жолдың 3-бағанындағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 224-7-жолдың 3-бағанындағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 224-19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "224-19 "Қазақстан телекоммуникациясы" АҚ";
      реттiк нөмiрi 224-25-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген бөлiмнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
      224-26 "Қазақ әуендерi" АҚ
      224-27 "Көркемсурет көрмелерi және аукциондар дирекциясы" ЖШС
      224-28 "Көшпелілердiң мәдени мұрасы проблемалары жөнiндегi қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС
      224-29 "Мәдени саясат және өнертану институты" ЖШС".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Тiл комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 53-құжат):
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Тiл комитетi туралы ережеде:
      тақырыбындағы және мәтiндегi ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң құрылымында:
      тақырыбындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      тақырыбындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады