Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 414 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде:

      3-тармақтың бiрiншi абзацы "10-3 (құпия)" деген сөздерден кейiн ", 10-4" деген сандармен толықтырылсын;

      22-тармақтың бiрiншi абзацы "10-3 (құпия)" деген сөздерден кейiн ", 10-4" деген сандармен толықтырылсын;

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 17 мамырдағы
N 414 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
10-4-қосымша

"Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ қызметкерлерін
қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының
түрлері, үлгілері, модельдері және саны

р/с

N

Лауазымдар-

дың атауы

Қызметтік қару (күзет қызметін жүзеге

асырған кездегі)

Ойықты

Тегіс

ұңғылы

қысқа

ұңғылы

қару

(тапанша,

револь-

вер)

Тегіс

ұңғылы

ұзын

ұңғылы

қару

(мылтық,

карабин)

Тапанша,

револьвер

Винтовка,

карабин

1

2

3

4

5

6

1

Атқыштар командасының бастығы

1




2

Атқыштар командасы бастығының орынбасары

1




3

Атқыштар командасының старшинасы

1




4

Атқыштар тобының бастығы

1




5

Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету жөніндегі күзетші

постқа 1


немесе 1

немесе 1

6

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4

қыркүйектегі N 901 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы-

ның мемлекеттік күзетуге жататын объектілері тізбесінің 2-бөлімінің 2-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, темір жол көпірлері мен тоннелдерін күзету жөніндегі күзетші


1



7

Осы қосымшаның реттік нөмірі 5 және 6- жолдарында көрсетілген объектілерден басқа, темір жол көлігі объектілерін күзету жөніндегі күзетші

постқа 1


немесе 1

немесе 1

      Қаруға патрондардың нормалары

Р/с

N


Қарудың түрі

Қарауылға

жарақталған

әскериленді-

рілген темір

жол күзетінің

жеке құрамы

қамтамасыз

етіледі

Патрондардың саны, дана

Қару бірлі-

гіне патрон-

дардың азай-

тылмайтын

қоры

Патрондардың жылдық

шығыны

1

күзетшіге

оқу мақ-

сатында

бір бірлік

қаруға

келетін

атысты

тексеруге

1

Тапаншаға

16 патрон

(2 оқжатарда)

32

12

8

2

Револьверге

14 патрон

(қораптарда)

28

12

8

3

Винтовкаға,

карабинге

15 патрон

(оқтізерде)

30

10

8

4

Тегіс

ұңғылы қару

5 патрон

5

5

-


      Ескерту:

      1. Қарудың атысын тексеру үшін көзделген патрондарды басқа мақсаттарда жұмсауға тыйым салынады.

      2. Күзеттiң барлық түрлерiнiң қару резервi - қарулануда бар әрбiр 10 бiрлiкке 1 қару бiрлiгi.

      3. Тегiс ұңғылы қаруға арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес жарақат салатын патрондар пайдаланылуы мүмкін.

      4. "Әскерилендiрiлген темiр жол күзетi" АҚ қызметкерлерiн темiр жол көлiгi объектiлерiнен тыс қаруландыру Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 4-қосымшаның 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады