Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Халықаралық теңiз ұйымының Ассамблеясы өзiнiң он бiрiншi сессиясында 1979 жылғы 15 қарашадағы А.414(ХI) қарарымен қабылдаған Жүзетiн бұрғылау қондырғыларының конструкциясы мен жабдығы жөнiндегi код Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Халықаралық теңiз ұйымының Бас хатшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында Жүзетiн бұрғылау қондырғыларының конструкциясы мен жабдығы жөнiндегi кодты қолданысқа енгiзгенi туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі