Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы
N 1388 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 26, 329-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында:
"Тұрғын үй құрылысының қазiргi заманғы жай-күйiн талдау" деген 3-бөлiмде:
"Ипотекалық кредит беру" деген 3.6-кiшi бөлiмде:
тоғызыншы және оныншы абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3.6-1-кiшi бөлiммен толықтырылсын:
"3.6-1. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесi.
Ипотекалық кредит берудi серпiндi дамытуда ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйелерi айтарлықтай рөл атқарады. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйелерi екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық кредиттерге кепiлдiк берудi және сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы кредит бойынша кредиттiк тәуекелдердi бөлу жолымен ипотекалық кредиттерге қолжетiмдiлiктi арттыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Осыған байланысты 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры (бұдан әрi - ҚИКБҚ) құрылды. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және оларды сақтандыру жүйесiн құру Қазақстанға ипотекалық кредиттер нарығын оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi бүкiл кредиттiң мерзiмi iшiнде кредиттiк тәуекелдердiң 100 %-ға дейiн ҚИКБҚ-ның жабылуын болжайды.";
"Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiктерi" деген 5-бөлiмде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру жүйесiн дамыту";
"Тұрғын үй салу ұсыныстарын ынталандыру" деген 5.1-кiшi бөлiмде:
"Тұрғын үйдiң бiр шаршы метрi құрылысының құнын төмендету" деген 5.1.1-тарауда:
үшiншi абзацтағы "қалалық энергия көздерiн дамытуға үлестiк қатысумен байланысты тұрғын үй салушылардың шығындарын (қосылатын қуат үшiн ақы төлеу)" деген сөздер "қосымша қуаттарды қосуға ақы төлеудi, сондай-ақ энергия беретiн ұйымдардың энергияны тасымалдау желiлерiн дамытуға және қайта жаңғыртуға байланысты, меншiк нысанына қарамастан тұрғын үйдi салушылардың шығындарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген 5.1.2-тарау:
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"азаматтардың жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерiн алуға берген өтiнiштерiнiң санын ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдарға жеке тұрғын үй құрылысының аудандарында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен орналастыруға мақсатты трансферттер бөлу";
мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерi инженерлiк-коммуникациялық желiлер жүргiзiле отырып берiледi, бұл өз тұрғын үйiн салған кезде азаматтардың шығыстарын айтарлықтай қысқартады. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алуын бiрыңғай рәсiмiн әзiрлеу жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
Төрешiлдiк әуре-сарсаңды болдырмау үшiн жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеу және беру рәсiмдерiн жүзеге асыру азаматтардың өтiнiштерiн қараудың нақты мерзiмiн белгiлей отырып, "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жүргiзiледi.
"Мемлекеттiк қаражат есебiнен қолжетiмдi тұрғын үй салу" деген 5.1.6-тарауда:
бiрiншi абзацта:
"бiр шаршы метр үшiн 350 АҚШ долларынан аспайтын" деген сөздер алынып тасталсын;
төртiншi абзацта:
"- республика бойынша орта есеппен 350 АҚШ долларынан аспайды" деген сөздер "- пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi үшiн 56515 теңгеден аспайды. Бұл ретте өңiрлер бойынша пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi құрылысының құны жобалардың мемлекеттiк сараптамасын жүргiзген кезде реттелетiн болады." деген сөздермен толықтырылсын;
он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту";
мынандай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Тұрғын үй салуға арналған кредиттiк қаражат халық тарапынан қолжетiмдi тұрғын үйге арналған төлемге қабiлеттi сұранысын ескере отырып, облыстардың арасында қайта бөлiнедi.";
мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Халықты қолайлы тұрғын үймен қамтамасыз етудiң баламалы тәсiлдерiнiң бiрi жалға берiлетiн үйлердi ұйымдастыру және тұрғын үйдi жалға беру секторын дамыту болып табылады және заңнамалық базаны әзiрлеудi, осы мiндеттi iске асыру үшiн қосымша шаралар қабылдауды талап етедi. Мұндай тұрғын үйдi дамыту үшiн жағдай жасау құрылыс салушыларға да, жалға берiлетiн үйлердiң меншiк иелерiне де, сондай-ақ жалға алушыларға да белгiлi бiр жеңiлдiктердi белгiлеу түрiнде мемлекеттiк қаражатты тартуды талап етедi.
Халықтың тұрғын үй проблемаларын толық қамту және жеделдетiп шешу үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй секторын одан әрi дамытудың тетiктерiн қарау қажет.";
жиырма екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте қолжетiмдi тұрғын үйдiң алыпсатарлығын болдырмау мақсатында мәжбүрлеме соттан тыс тәртiппен немесе соттың шешiмi бойынша заңнамада көзделген тәртiппен кепiлдiкке алынған тұрғын үйдi сату жағдайларын қоспағанда, тұрғын үйдi сатып алу-сату шарттарында тұрғын үйдi сатып алған күннен бастап үш жыл iшiнде оны сатуға шектеу көзделетiн болады. ";
"Төлемге қабiлеттi сұранысты ынталандыру" деген 5.2-кiшi бөлiмде:
"Ипотекалық кредит беру жүйесiн жетiлдiру" деген 5.2.1-тарауда:
2-тармақтың соңғы сөйлемi алынып тасталсын;
"Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде:
алтыншы абзацта:
"84,0" деген цифрлар "64,0" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"тұрғын үйлер салған кезде инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту мен жайластыруға 2006 жылы - 20,0 млрд. теңге.";
"Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже" деген 7-бөлiмде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үйлердi iске қосу 2005 жылы - 5,04 млн. шаршы метрдi құрады (43,6 мың пәтер), 2006 жылы тұрғын үйлердiң жалпы алаңы - 5,11 млн. шаршы метр (44,1 мың пәтер), 2007 жылы - 5,68 млн. шаршы метр (50,4 мың пәтер) құрайды.";
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"үш жылдың iшiнде алаңы 15,8 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 138,1 мың пәтер салынатын болады;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi