"Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 мамырдағы N 443 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                                                 Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Жер кодексiне 
толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап.  2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының   Жер кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат, 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22 құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен анықталатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;";
      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесiн бекiту;".
       2-бап.  Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады