"Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 мамырдағы N 461 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының
медальдары туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық  заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарындағы қызметтiң беделiн көтеру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының мынадай медальдары тағайындалсын:
      1) "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн";
      2) "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi";
      3) I, II, III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн".
      2. Қоса берiп отырған:
      1) осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарының сипаттамалары;
      2) осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарымен наградтау ережелерi;
      3) осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдарына куәлiктердiң сипаттамалары мен үлгiлерi бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары мен оларға куәлiктердi дайындау жөнiндегi шығыстар заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі
Қағаз мәтініне қараңыз "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері" медалі
Қағаз мәтініне қараңыз І дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Қағаз мәтініне қараңыз ІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Қағаз мәтініне қараңыз ІІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Қағаз мәтініне қараңыз

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы ___________
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген     

"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда
үздiк шыққаны үшiн" медалiнiң сипаттамасы

      "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында - жел бағыты мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгiсi (қызғылт сары түстес шеңбер iшiндегi көгілдір үшбұрыш) бейнеленген жер шарының стильдi бейнесi, жер шары контурының төменгi жағында қалықтаған бүркiт. Жер шарының реңi көгiлдiр эмальмен боялған. Қалықтаған бүркiтке, жер шарының меридиандары мен ернеуiне алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның ортасында енi 3 мм екi қызғылт сары жолақ, олардың ортасында енi 2 мм көгiлдiр жолақ, қызғылт сары жолақтардың жиектерiнде енi 3 мм ақ жолақтар орналасқан. Лентаның жиектерiнде енi 8 мм көгiлдiр жолақтар бар. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы ___________
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген     

"Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының
ардагерi" медалiнiң сипаттамасы

      "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалi жезден жасалады және сары түстес екi қырлы сәулелерi бар сегiз бұрышты дөңес жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ортасында - "ҚАЗАҚСТАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРI" деген жазуы бар қызыл түстес сақинамен көмкерiлген жел бағыты мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгiсi (қызғылт сары түстес шеңбер iшiндегi көгiлдiр үшбұрыш) бейнеленген жер шарының стильдi бейнесi, жер шары пiшiнiнiң төменгi жағында қалықтаған бүркiт. Жер шары мен қалықтаған бүркiттiң реңi көгiлдiр эмальмен боялған. Әрiптерге, қалықтаған бүркiт контурына, жер шарының меридиандары мен ернеуiне алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" деген жазу орналасқан. Төменгi жағында - "25 жыл" деген жазу.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес.
      Жұлдыздың қарама қарсы ұштары арасындағы медальдiң мөлшерi - 38 мм.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның ортасында енi 17 мм көгiлдiр жолақ, лентаның оң жиегiнде енi 1 мм үш қара жолақпен кезектескен енi 1 мм төрт қызғылт сары жолақ орналасады. Лентаның сол жиегiнде арасында енi 2 мм көгiлдiр жолағы бар енi 3 мм және 1 мм екi қызғылт сары жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы ___________
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген     

I, ІІ, III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы
мiнсiз қызметi үшiн" медалiнiң сипаттамасы

      І дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы - қалықтаған бүркiттiң айқасқан өрт сөндiру балталары бар өрт сөндiрушi каскасын қанаттарымен ораған бейнесi орналасқан. Эмблемаға алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу орналасқан. Төменгi жағында "20 жыл" деген жазу.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектеледi.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында енi 6 мм ақ жолағы бар енi 5 мм екi қызғылт сары жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      II дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы - қалықтаған бүркiттiң өрт сөндiру балталары бар өрт сөндiрушi каскасын қанаттарымен ораған бейнесi орналасқан. Эмблемаға алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "15 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектеледi.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ортаңғысы 2 мм үш қызғылт сары жолақтармен кезектескен енi 3 мм екi ақ жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы - қалықтаған бүркiттiң өрт сөндiру балталары бар өрт сөндiрушi каскасын қанаттарымен ораған бейнесi орналасқан. Эмблемаға күмiс жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "10 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектеледi.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ал ортанғыларының енi 1 мм төрт қызғылт сары жолақпен кезектескен енi 2 мм үш ақ жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдардың эскиздерi қоса берiлiп отыр.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы ___________
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген     

"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк
шыққаны үшiн" медалiмен наградтау
ережесi

      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалiмен халықты авариялардан, апаттардан, өрттен және дүлей зiлзалалардан қорғау жөнiндегi өз борышын үлгiлi орындаған төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларға белсене қатысқан және осы жағдайда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен басқа да адамдар наградталады.
      3. Медальмен наградтау туралы қолдаухаттар беру және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi белгiлейдi.
      4. Медаль тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi, төтенше жағдайлар органдары бөлiмшелерiнiң бастықтары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалi кеуденiң сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағына мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.

     Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы ___________
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген     

"Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар
органдарының ардагерi" медалiмен наградтау
ережесi

      1. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалi Қазақтан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалiмен әскери қызметте тұрғандарды қоспағанда, күнтiзбелiк есептеу бойынша 25 және одан да көп жалпы еңбек сiңiрген жылдары бар төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерi де наградталады.
      3. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалiмен наградтау туралы қолдаухаттар беру және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi белгiлейдi.
      4. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi, төтенше жағдайлар жөнiндегi жергiлiктi органдардың басшылары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалi кеуденiң сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағына мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы ___________
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген     

"Өртке қарсы қызмет органдарындағы
мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау
ережесi

      1. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi Қазақтан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үш дәрежеден тұрады:
      I дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 20 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
      II дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 15 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
      III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 10 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау yшiн.
      I дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жоғарғы дәрежелi болып табылады.
      3. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау төменгi дәрежеден жоғарыға қарай дәйектiлiкпен жүргiзiледi. Алдыңғы дәрежедегi медальдi алмағандарды одан жоғарырақ дәрежелi медальмен наградтауға жол берiлмейдi.
      4. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң 10 және одан да көп жыл жалпы еңбек сiңiрген жылдары бар, қызметi бойынша оң мiнездеме алған және өзiнiң қызметтiк борышын үлгiлi орындаған өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi наградталады.
      5. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау туралы қолдаухаттар беру және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi белгiлейдi.
      6. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi, өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерiнiң бастықтары жүргiзедi.
      7. Әрбiр наградталған адамға медаль тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      8. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi дәрежелердiң жоғарылау тәртiбiмен кеуденiң сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағына мемлекеттiк наградалар нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы ___________
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының
медальдарына қоса берiлетiн куәлiктердiң сипаттамасы мен
үлгiлерi

      Куәлiктер "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн", "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медальдары үшiн төрт парақты және "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үшiн сегiз парақты мөлшерi 8 х 11 см кiтапша болып табылады. Куәлiктердiң тысы көгiлдiр түстi бумвинилдi негiздегi қатырма қағаздан жасалған. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы мен жазулар қысып түсiру арқылы алтын түспен жасалған.
      Куәлiктердiң эскиздерi қоса берiлiп отыр.

Қағаз мәтініне қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады