Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 470 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi бойынша:

      1) көрсетiлген қаулыға  201-қосымшада :
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "шеңберiнде үш орталық құруы" деген сөздер "жарғылық капиталын ұлғайтуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жүйесi құрылатын" деген сөздер "мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттер қызметшiлер" деген сөздердiң алдынан "тұрақты негiзде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) көрсетiлген қаулыға 206-қосымшада:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: экономиканың әр түрлi секторларында кадрлар даярлау саласындағы отандық және шетелдiк тәжiрибенi зерттеу; жас басшы қызметкерлердiң жаңа буынын және елдiң нарықтық экономикасының елеулi негiзiн құруға қабiлеттi қызметкерлердi тарту; басқарудың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу есебiнен елдiң экономика саласындағы ұйымдарының құрылымын жетiлдiру; кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және Қазақстан мен Германияның тиiстi фирмаларының өзара iс-әрекетi бөлiгiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау; Германия Федеративтiк Республикасының кәсiпорындарына тағылымдамаға жiберу.";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "I. Шетелдiк оқытушыларды тарта отырып, экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру. Оқу мерзiмi алты айдан аспайды.
      II. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасының Бiрлескен өтiнiшiнiң шарттарына сәйкес Германия Федеративтiк Республикасының кәсiпорындарына үздiк басшы қызметкерлер мен менеджерлердi тағылымдамаға жiберу. 2005 жылдан бастап саны ең көбi - 100 адам.
      III. Германия Федеративтiк Республикасындағы үздiк басшы қызметкерлер мен менеджерлердiң тағылымдамасы жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру.";

      7-тармақта:
      екiншi абзацтағы "600 басшы қызметкердiң" деген сөздер "басшы қызметкерлер мен менеджерлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "басшы қызметкерлер" деген сөздерден кейiн "мен менеджерлер" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацтағы "басшы қызметкерлердiң" деген сөздер "басшы қызметкерлер мен менеджерлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      сегiзiншi абзацтағы "жоғары басқарушы лауазымдарда" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады