Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы N 495 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнде:

      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы" деген сөздер "Әдiлет министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Аттестация екi кезеңнен тұрады:
      1) заңнаманы бiлуiне компьютерлiк тест тапсыру;
      2) үмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.";
      4-тармақта:
      5) тармақша алынып тасталсын;
      үшiншi абзацта "1), 5) тармақшаларда көрсетiлген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың ұсынған құжаттары" деген сөздер "1) тармақшада көрсетiлген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамның ұсынған құжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Комиссия аттестациядан өткiзу жөнiндегi көшпелi отырыстар ұйымдастыруға құқылы.";

      14-тармақта "тестiлеудi" деген сөз "аттестацияны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18-тармақта:
      бiрiншi және екiншi абзацтардағы "65" деген сандар "70" деген сандармен ауыстырылсын;
      бiрiншi абзац "және екiншi кезеңге жiберiледi" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "19-1. Yмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексерген кезде өзiнiң мазмұны бойынша әр түрлi билеттер, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн жеке-жеке пайдаланылады.
      Комиссия билеттердi құрастырады және бекiтедi. Yмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық салалары мен пәндерiнiң тақырыбына сәйкес келуге тиiс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиiс. 
      Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн емтихан билеттерi бойынша бiлiмiн тексеру бөлек жүргiзiледi.
      19-2. Аттестациялау билеттерi Әдiлет министрлiгiнiң мөрiмен бекiтiлетiн конверттерге салынады.
      Аттестациялау билеттерi салынған конверттердi Әдiлет аттестациялау комиссиясының төрағасы аттестацияда аттестацияланушылардың және Әдiлет аттестациялау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен ашуға тиiс.
      19-3. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына жауап беру үшiн аттестацияланушының дайындалуына 10 минуттан аспайтын уақыт берiледi.
      Аттестацияланушы ауызша айтқан баяндаған және түсiнiктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелерi бес баллдық жүйе бойынша бағалайды. Комиссияның әрбiр мүшесi аттестацияланушының (басқалардан тәуелсiз) жауаптарын бағалайды.
      Екiншi кезеңнiң қорытындылары бойынша төрағалық етушi Комиссия мүшелерi ұсынған нәтижелердi есептейдi, содан кейiн жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерiнiң санына бөлiнедi.
      Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.
      19-4. Егер жалпы орташа баллы кемiнде төрт баллды құраған үмiткер аттестациядан өттi деп саналады.
      Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған үмiткер аттестациядан өтпедi деп саналады.";

      20-тармақта:
      "Тестiлеу" деген сөзден кейiн "және/немесе емтихан сұрақтарына жауабының" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Комиссия" деген сөзден кейiн "осы Ережеге" деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комиссияның отырысында мiндеттi түрде хаттама жүргiзiледi, онда отырыстың күнi, уақыты мен өткiзiлетiн жерi, аттестацияланушының тегi, аты, әкесiнiң аты, тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерiнiң қойған бағалары және орташа баллдары, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiледi.
      Комиссияның хаттамасына аттестацияға қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.";

      22-тармақта "тестiлеуден өтпеген" деген сөздер "Комиссияда аттестациядан өтпеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 1, 2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                     2006 жылғы 2 маусымдағы
                                         N 495 қаулысына
                                               1-қосымша

                                Адвокаттық не нотариаттық қызметпен
                               айналысу құқығына үмiткер адамдардың
                                   аттестациядан өту ережесiне
                                            1-қосымша

  Әдiлет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық)
  қызметпен айналысу құқығына үмiткердi аттестаттау туралы
                           шешiмi

200 жылғы "____" ________                       __________ қаласы

      Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттау нәтижелерi бойынша әдiлет аттестаттау комиссиясының
құрамында:

      Төраға

      Хатшы

      Мүшелерi

      шешiм шығарды
      ____________________________ аттестатталсын.
                (Т. А. Ә.)

       Комиссия төрағасы

       Комиссия хатшысы

                                   Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                        2006 жылғы 2 маусымдағы
                                            N 495 қаулысына
                                                  2-қосымша

                                 Адвокаттық не нотариаттық қызметпен
                                     айналысу құқығына үмiткер
                                   адамдардың аттестациядан өту
                                              ережесiне
                                              2-қосымша

  Әдiлет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық)
қызметпен айналысу құқығына үмiткердiң аттестациядан өтпегенi
                         туралы шешiмi

200 жылғы "____" ________                          _________ қаласы

      Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттау нәтижелерi бойынша әдiлет аттестаттау комиссиясының
құрамында:

      Төраға

      Хатшы

      Мүшелерi

      шешiм шығарды

      1. ________________ аттестациядан өтпедi деп саналсын.
             (Т. А. Ә.)

      2. _____________________ әдiлет аттестаттау комиссиясына
              (Т. А. Ә.)

      адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттаудан өту үшiн қайта жүгiнуге құқылы.

       Комиссия төрағасы

       Комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады