Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Статистика әдiснамасын бiрiздендiру және мемлекеттiк статистика органдарын үйлестiру жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылау тетiгi туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 520 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Статистика әдiснамасын бiрiздендiру және мемлекеттiк статистика органдарын үйлестiру жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылау тетiгi туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке Келiсiмнiң жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Статистика әдiснамасын бiрiздендiру және мемлекеттiк статистика органдарын үйлестiру жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылау тетiгi туралы келiсiм

       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк (бұдан әрi - БЭК) құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Yкiметтерi,
      статистика әдiснамасын бiрiздендiру және мемлекеттiк статистика органдарының қызметiн үйлестiру жөнiнде келiсiлген шаралар қабылдаудың қажеттiгiн мойындай отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Статистика комиссиясы 1994 жылы мақұлдаған ресми статистиканың негiз қалаушы қағидаттарын қолдана отырып,
      мына төмендегi туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiм статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, олардың орындалуын бақылауға және мемлекеттiк статистика органдарының қызметiн үйлестiруге қатысты жалпы мәселелердi реттейдi.
      Статистика әдiснамасын бiрiздендiру және Тараптардың мемлекеттiк статистика органдарының қызметiн үйлестiру:
      Тараптардың басқару органдарын экономикалық саясатты үйлестiру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау үшiн салыстырмалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      БЭК комиссияларын БЭК-тiң жұмыс iстеу мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау үшiн негiз ретiнде салыстырмалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      Тараптар арасында сауда мен инвестицияларды дамыту және БЭК комиссияларының құзыретiне кiретiн басқа да мәселелердi шешу үшiн қажет.

2-бап

      Статистика әдiснамасын бiрiздендiру статистика саласындағы халықаралық ұйымдар әзiрлеген және халықаралық статистикалық стандарттар ретiнде ұсынылған құжаттардағы тұжырымдамалар, анықтамалар мен сыныптамалар негiзiнде жүзеге асырылуға тиiс.

3-бап

      БЭК құру туралы Тараптардың статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi шараларының орындалуын бақылау үкiметаралық деңгейде жүзеге асырылады. Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Статистика әдiснамасын бiрiздендiру және мемлекеттiк статистика органдарын үйлестiру жөнiндегi ұлтаралық жұмыс тобы (бұдан әрi - жұмыс тобы) құрылады.

4-бап

      Жұмыс тобының қызметi статистикалық деректердiң салыстырылымдылығын және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге, статистикалық ақпарат алмасуды және оны таратуды ұйымдастыруға, Тараптардың статистикалық деректерiнiң бiртұтас базасын құруға және жүргiзуге бағытталған әрi осы Келiсiмнiң ережелерiне, жұмыс тобының регламентiне сәйкес, сондай-ақ Статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылады.
      Жұмыс тобы Тараптардың мемлекеттiк статистика органдарының және басқа да мүдделi органдарының өкiлдерiнен, сондай-ақ келiсiм бойынша Тәуелсiз мемлекеттер достастығының Мемлекетаралық статистика комитетiнiң (бұдан әрi - ТМД Статкомитетi) өкiлдерiнен құрылады.

5-бап

      Жұмыс тобы есептеу әдiснамасы бiрiздендiрiлуге тиiс статистикалық көрсеткiштердiң тiзбесiн бекiтедi. Тiзбеде Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң тiзбесi туралы келiсiмге енгiзiлген көрсеткiштер қамтылуға тиiс.
      Статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi жұмысты жүзеге асыру мақсатында жұмыс тобы:
      жұмыс тобының регламентiн;
      Тараптардың статистика және басқа мүдделi органдарынан жинауға жататын тиiстi көрсеткiштердiң негiз қалаушы анықтамалары мен сыныптамаларының бiрiздендiрiлген сипаттамасын қамтитын құжаттарды бекiтедi.
      Жұмыс тобы бекiтiлген Статистикалық көрсеткiштер тiзбесiн ескере отырып, Статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын түзетедi.
      Жұмыс тобы Статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

6-бап

      Жұмыс тобы қызметiнiң шеңберiнде статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi ТМД Статкомитетi жүзеге асырады. Осы мақсаттар үшiн ТМД Статкомитетi:
      жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастырады;
      есептеу әдiснамасы бiрiздендiрiлуге тиiс статистикалық көрсеткiштердiң тiзбесiн әзiрлейдi және жұмыс тобының бекiтуiне ұсынады;
      Тараптардың статистика және басқа мүдделi органдарынан жинауға жататын тиiстi көрсеткiштердiң негiз қалаушы анықтамалары мен сыныптамаларының бiрiздендiрiлген сипаттамасын қамтитын құжаттардың жобасын қалыптастырады және жұмыс тобының қарауына ұсынады;
      Статистика әдiснамасын бiрiздендiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес Тараптардың статистикалық көрсеткiштерiнiң бiрiздендiрiлген әдiснама ережелерiне сәйкестiгiнiң мониторингiн жүзеге асырады, оның нәтижелерi туралы жұмыс тобына, Тараптардың мемлекеттiк статистика органдарының және басқа да мүдделi органдарының басшыларына тұрақты түрде ақпарат бередi;
      Тараптардың басқару органдарына, БЭК комиссиялары мен Тараптардың басқа да мүдделi органдарына ұсынылатын статистикалық ақпараттың келiсiлуiн қамтамасыз етедi;
      жұмыс тобы бекiткен тәртiпке және мерзiмдерге сәйкес статистикалық ақпаратты жинауды, қорытуды және Тараптардың басқару органдарына, БЭК комиссиялары мен Тараптардың басқа да мүдделi органдарына табыс етудi жүзеге асырады;
      Тараптардың бiртұтас статистикалық дерекқорын жасайды және жүргiзедi.

7-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың мемлекеттерi қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

8-бап

      Тараптар арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
      Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда кез келген Тарап дауды БЭК шеңберiндегi дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге бере алады.

9-бап

      Осы келiсiмге ескертпе жасауға жол берiлмейдi.

10-бап

      Кез келген мемлекет осы Келiсiмге қатысушы бола алады.
      Осы Келiсiмге қосылу шарттары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын халықаралық шартта айқындалады.

11-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

12-бап

      Осы Келiсiмнiң күшiне енуiнiң және одан шығудың тәртiбi Бiртұтас экономикалық кеңістік құру жөнiндегі халықаралық шарттардың күшіне енуiнiң және одан шығудың тәртiбi туралы хаттамада айқындалады.
      200__  жылғы "____" _________ ___________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Депозитарийде сақталады. Депозитарий функциясын БЭК комиссиясына бергенге дейiн Қазақстан Республикасы осы Келiсiмнiң Депозитарийi болып табылады. Депозитарий осы Келiсiмге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

       Беларусь Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Yкiметi үшiн

      Украинаның Министрлер
      Кабинетi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады