"Қазақстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Yш мемлекеттiң мемлекеттiк шекаралары түйiсу нүктесiнiң ауданы туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 522 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекаралары түйiсу нүктесiнiң ауданы туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан
Республикасы арасындағы Yш мемлекеттiң мемлекеттiк шекаралары
түйiсу нүктесiнiң ауданы туралы шартқа қол қою туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекаралары түйiсу нүктесiнiң ауданы туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Түркiменстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Мұрат Марданұлы Атановқа Қазақстан Республикасының атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекаралары түйiсу нүктесiнiң ауданы туралы шартқа 1 және 2-қосымшаларымен бiрге (2-қосымша - құпия) қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ТYРIКМЕНСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ YШ МЕМЛЕКЕТТІҢ
МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАЛАРЫ ТYЙIСУ
НYКТЕСІНІҢ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ШАРТ

      Бұдан әрi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасы,
      өзара құрмет тұту, егемендi теңдік және аумақтық тұтастық принциптерiн басшылыққа ала отырып,
      үш мемлекеттiң Мемлекеттiк шекаралары түйiсу нүктесiнiң орналасқан жерiн белгiлеу және түйiсу нүктесiнiң ауданындағы Мемлекеттiк шекараларды делимитациялау мақсатында,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-БАП

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бұдан әрi түйiсу нүктесi деп аталатын Қазақстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекаралары түйiсу нүктесiнiң орналасқан жерiн айқындады.
      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығының өту сипаттамасында (2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы қазақстан-өзбек Мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа N 1 қосымша) аталған N 125 шекаралық нүктеге дейiнгі қазақстан-өзбек Мемлекеттiк шекарасының өту сызығын айқындады.
      Түрiкменстан мен Өзбекстан Республикасы түйiсу нүктесiнен Түрiкменстан мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығының өту сипаттамасында (2000 жылғы 21 қыркүйектегі Түрiкменстан мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мемлекеттiк шекараны делимитациялау туралы шартқа N 1 қосымша) аталған N 206 шекаралық нүктеге дейiнгi түрiкмен-өзбек Мемлекеттiк шекарасының өту сызығын айқындады.
      Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы Мемлекеттік шекара сызығының өту сипаттамасында (2001 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстанның арасындағы Мемлекеттiк шекараны делимитациялау және демаркациялау процесс туралы шартқа N 1 қосымша) аталған N 1 шекаралық нүктеге дейiнгi қазақстан-түрiкмен Мемлекеттiк шекарасының өту сызығын айқындады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шартқа қоса берiлiп отырған және оның ажырамас бөлiгі болып табылатын Қазақстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесiнiң орналасқан жерiнiң және түйiсу нүктесi ауданында Мемлекеттік шекаралар сызықтары өтуiнiң сипаттамасын жасады (1-қосымша).

2-БАП

      Түйiсу нүктесiнiң орналасқан жерi мен түйiсу нүктесiне жанасып жатқан Мемлекеттiк шекаралар сызықтары әрбiр Мәртебелi Уағдаласушы Тарап үшiн орыс тiлiнде әзiрленген, осы Шартқа қоса ұсынылып отырған және оның ажырамас бөлiгі болып табылатын, бiрлесiп жасалған 1:100 000 масштабтағы топографиялық картаға түсiрiлген.

3-БАП

      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Шарт мерзiмсiз болып табылады және күшін жоюға жатпайды.

      _____________қаласында____________жылғы " "_________әрқайсысы қазақ, түрiкмен, өзбек және орыс тiлдерiнде үш данада жасалды.

      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру кезiнде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар орыс тiліндегі мәтiнге жүгінедi.

Қазақстан Республикасы     Түрiкменстан      Өзбекстан Республикасы
        үшін                  үшін                    үшін

Қазақстан Республикасы, Түрiкменстан
және Өзбекстан Республикасының  
арасындағы үш мемлекеттiң    
Мемлекеттiк шекаралары түйiсу  
нүктесiнiң ауданы туралы шартқа 
N 1 қосымша          

Қазақстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан
Республикасының Мемлекеттiк шекаралары түйiсу нүктесiнiң
орналасқан жерiнiң және түйiсу нүктесi ауданында
Мемлекеттiк шекаралардың өту сызығының
сипаттамасы

      Бұдан әрi түйiсу нүктесi деп аталатын Қазақстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi Қапланқыр шыңынан оңға қарай Шорқазақлы сортаңының солтүстiк бөлiгiне орналасқан.
      Осы түйiсу нүктесi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 174.4 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 12 319 м-де, Өзбекстан Республикасы аумағында орналасқан 170.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 7 806 м-де және Түрiкменстан аумағында орналасқан 13.2 белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 10 498 м-де орналасқан.
      Түйiсу нүктесiне қатысты дирекциондық бұрыш 174.4 белгiсi бар геодезиялық пункттен 152 0 01' 6-ға тең, 170.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен 187 0 07'.9-ға тең және 13.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен 43 0 05'.8-ге тең.
      Түйiсу нүктесiнiң мынадай координаттары бар:

      геодезиялық:      солтүстiк ендiктің В = 41 0 19'11''
                        шығыс бойлықтың L = 56 0 00' 00''
      тiк бұрышты:      Х = 4 576 644 м
                        Y = 10 416 271 м.

      Түйiсу нүктесiнен қазақстан-өзбек Мемлекеттік шекарасы шығыс бойлықтың 56 0 00' 00'' меридианы бойынша 1.50 км ұзақтықта Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығының өту сипаттамасында (2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы қазақстан-өзбек Мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа N 1 қосымша) аталған N 125 шекаралық нүктеге дейiн солтүстiк бағытта тiке сызықпен өтедi.
      Түйiсу нүктесiнен түрiкмен-өзбек Мемлекеттiк шекарасы 1.75 км ұзақтықта Түрiкменстан мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығының өту сипаттамасында (2000 жылғы 21 қыркүйектегі Түрiкменстан мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мемлекеттiк шекараны делимитациялау туралы шартқа N 1 қосымша) аталған N 206 шекаралық нүктеге дейiн шығыс бағытта тiке сызықпен өтеді.
      Түйiсу нүктесiнен қазақстан-түрiкмен Мемлекеттiк шекарасы 0.28 км ұзақтықта Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстанның арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығының өту сипаттамасында (2001 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстанның арасындағы қазақстан-түрiкмен Мемлекеттiк шекарасын делимитациялау мен демаркациялау процесi туралы шартқа N 1 қосымша) аталған N 1 шекаралық нүктеге дейiн батыс бағытта тiке сызықпен өтедi.
      Бұдан әрi Мемлекеттік шекаралар сызықтары тиiстi екi жақты шарттарда қалай айқындалған болса, солай өтедi.
      Түйiсу нүктесiнiң орналасқан жерi бiрлесiп жасалған 1:100 000 масштабтағы топографиялық картада қызыл түстi шеңбермен көрсетiлген.
      Бiрлесiп жасалған топографиялық картаға түйiсу нүктесiне жанасып жатқан Мемлекеттiк шекаралар сызығы да қызыл түспен түсiрiлген.
      Осы Сипаттамада көрсетiлген арақашықтықтар, дирекциондық бұрыштар, биiктiктер белгілерi, сондай-ақ түйiсу нүктесiнiң геодезиялық және тiк бұрышты координаттары бiрлесіп жасалған топографиялық карта бойынша белгiленген. Координаттар 1942 жылғы Координаттар жүйесiне, ал белгiлер Балтық биiктiктерi жүйесiне келтiрiлген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады