Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 923 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 9 маусымдағы N 534 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 923  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 443-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату  ережесiнде :
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде салынған тұрғын үйдi сату кезiнде әлеуметтік сала мемлекеттiк кәсiпорындарының қызметкерлерiне мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi жатқызылады:
      косметологиялықты қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
      осы қызмет түрлерiн жүргiзу құқығына арналған тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру саласында қызметтер көрсету;
      ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық iс-шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда), тарихи және мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;
      кiтапханалық қызмет көрсету.
      Әлеуметтiк сала мемлекеттiк кәсiпорындарының қызметкерлерiне сондай-ақ мынадай шарттарға сәйкес келетiн мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi жатады:
      мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайды;
      мүгедектерге еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекақы төлеу жөнiндегi жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайыз) құрайды.
      Жоғарыда көрсетiлген шарттарды растау үшiн әлеуметтiк сала мемлекеттiк кәсiпорындарының қызметкерлерi уәкiлеттi органға мүгедектердiң саны және (немесе) мүгедектерге еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстардың еңбекақы төлеу жөнiндегi жалпы шығыстардағы мөлшерi туралы тиiстi анықтаманы ұсынады.
      Жоғарыда көрсетiлген ережелер акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату жөнiндегi қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен кiрiстер алатын мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты қолданылмайды.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте тұрғын үйдi сатып алу-сату шартында Қазақстан Республикасының азаматында үш жылдың iшiнде тұрғын үйдi сатуға құқығының жоқ екендiгi туралы ереже қамтылуға тиiс.";

      8-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады