"Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымының Еуразия экономикалық қоғамдастығына кiрiгуi туралы хаттаманың жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 574 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымының Еуразия экономикалық қоғамдастығына кiрiгуi туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

"Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымының Еуразия
экономикалық қоғамдастығына кiрiгуi туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
      "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесiнiң 2005 жылғы 6 қазандағы "Еуразиялық кеңiстiкте кiрiгу процестерiн одан әрi дамыту туралы" шешiмiне сәйкес,
      ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң (мемлекеттер басшылары деңгейiнде) 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 267 "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымының Еуразия экономикалық қоғамдастығына кiрiгуiн құқықтық ресiмдеу туралы" шешiмiн ескере отырып,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған хаттаманы назарға ала отырып,
      "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымы (ОАЫҰ) мен Еуразия экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерi сәйкес келетiнiн ескере отырып,
      ОАЫҰ алдында тұрған кiрiктiрiлген нарықты, су-энергетикалық, көлiк, азық-түлiк және басқа да салалардағы бағдарламаларды жасау жөнiңдегi iс жүзiндегi мiндеттер қазiргi уақытта ЕурАзЭҚ шеңберiнде табысты шешiлiп жатқанын назарға ала отырып,
      "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымына мүше мемлекеттер ретiнде әрекет ете отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Хаттамаға 1-қосымшада көрсетiлген ОАЫҰ шеңберiнде жасалған халықаралық шарттар қолданысын жалғастыра бередi және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның шарттық-құқықтық базасына бейiмделуi мүмкiн.

2-бап

      Осы Хаттамаға 2-қосымшада көрсетілген ОАЫҰ шеңберiнде жасалған халықаралық шарттар осы Хаттама енген күнінен бастап өз қолданысын тоқтатады.

3-бап

      Осы Хаттамаға 3-қосымшада көрсетiлген OАЫҰ шеңберiнде жасалған халықаралық шарттар олардың тараптары арасындағы қатынастарда қолданысын жалғастыра бередi.

4-бап

      Осы Хаттамаға 1, 2 және 3-қосымшалар оның ажырамас бөлiктерi болып табылады.

5-бап

      2002 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымын құру туралы шарттың қолданысы осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап тоқтатылады.

6-бап

      Осы Хаттама Тәжiкстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын депозитарий Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады, ол әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
      2006 жылғы "__" _________ __________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.

       Қазақстан Республикасы үшiн

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Ресей Федерациясы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

      Өзбекстан Республикасы үшiн

                                         2006 жылғы "__" ________
                                       "Орталық Азия ынтымақтастығы"
                                       ұйымының Еуразия экономикалық
                                       қоғамдастығына кірігуі туралы
                                             хаттамаға 1-қосымша

      Еуразия экономикалық қоғамдастығының шарт-құқықтық
     базасына бейімдеу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі

Р/с N

Құжаттың атауы және оның қабылданған орны 

Қол қойылған күні

 1

                      2

       3

1.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түркіменстан арасындағы Мемлекетаралық көздердің су ресурстарын пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Алматы.

1992 жылғы 18 ақпан

2.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Фармацевтика өнеркәсібі мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Бішкек.

1994 жылғы 5 тамыз

3.

Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасындағы Жер сілкіністерін зерттеу мен сейсмикалық қауіптілікті болжау саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісім. Бішкек.

1995 жылғы 24 ақпан

4.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық әсер ететін қалдық қоймалары алаңдары мен тау жынысы үйінділерін қалпына келтіру жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы келісім. Ташкент. 

1996 жылғы 5 сәуір

5.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Көлік және коммуникация саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісім. 

1996 жылғы 5 сәуір

6.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия өңірінің отын-энергетикалық және су ресурстарын пайдалану, газ құбырларын салу, пайдалану туралы келісім. Ташкент. 

1996 жылғы 5 сәуір

7.

Жұмыс күшін еркін ауыстыру үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жасау жөніндегі келісім. Бішкек. 

1997 жылғы 14 наурыз

8.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі саласындағы тарифтік саясатты реттеу туралы келісім. 

1997 жылғы 7 тамыз

9.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықтың көші-қоны процестерін реттеу туралы келісім. Алматы. 

1997 жылғы 7 тамыз

10.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Ташкент. 

1997 жылғы 8 желтоқсан 

11.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 17 наурыз

12.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Тянь-Шаньнің биологиялық әртүрлілігін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 17 наурыз

13.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1998 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамасының су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп және кешенді пайдалану туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 17 наурыз

14.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 17 наурыз

15.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1998 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамасының су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп және кешенді пайдалану туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 17 наурыз

16.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттер халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 26 маусым

17.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 26 маусым

18.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1999 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамасының су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп және кешенді пайдалану туралы келісім. 

1999 жылғы 14 сәуір - 6 мамыр

19.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Бішкек. 

1999 жылғы 17 маусым

20.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия мемлекеттері энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуі туралы келісім. Бішкек 

1999 жылғы 17 маусым

21.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы 1998 жылғы 17 наурыздағы келісім. Бішкек. 

1999 жылғы 17 маусым

22.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы    Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана. 

2000 жылғы 8 маусым

23.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана. 

2000 жылғы 8 маусым

24.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы      Санаторлық-курорттық, сауықтыру және  туристік  мекемелер  мен ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана.  

2000 жылғы 8 маусым

25.

"Орталық Азия ынтымақтастығы"   ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Теледидар   мен     радио бағдарламаларын өзара тарату туралы келісім. Астана. 

2004 жылғы 28 мамыр

26.

Халықаралық Даму Қауымдастығы мен ОАЫҰ ұйымы арасындағы Даму мақсаттарына (Орталық   Азиядағы ЖҚТБ-ға қарсы күрес жөніндегі   жоба) арналған   грант туралы келісім. 

2005 жылғы 12 мамыр

*Анықтама:  ЕурАзЭҚ Мемлекеттік кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2006 жылғы 19 мамырдағы шешімімен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі (мемлекет басшылары деңгейінде) шешімінің жобасы мақұлданды, оның 1-қосымшасына Халықаралық Даму Қауымдастығы мен ОАЫ ұйымы арасындағы Даму мақсаттарына (Орталық Азиядағы ЖҚТБ-ға қарсы күрес жөніндегі жоба) грант туралы келісімді енгізу ұсынылады.

                                          2006 жылғы "__" ________
                                       "Орталық Азия ынтымақтастығы"
                                       ұйымының Еуразия экономикалық
                                       қоғамдастығына кірігуі туралы
                                             хаттамаға 2-қосымша

       Өзінің қолданысын тоқтататын құжаттардың тізбесі        

Р/с N

Құжаттың атауы және ол қабылданған орын

Қол қойылған күні

 1

                   2

      3

1.

Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесі мен оның институттары туралы келісім. Алматы .

1995 жылғы 10 ақпан

2.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитеті арасындағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесі Атқарушы комитетінің Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келісім. Алматы. 

1995 жылғы 1 маусым

3.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының арасындағы БҰҰӨаясында ұжымдық бітімгершілік батальонын ұйымдастыру және құру туралы келісім. Жамбыл. 

1995 жылғы 15 желтоқсан

4.

Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының БҰҰ аясында бітімгершілік операцияларын пайдалануға арналған бітімгершілік батальонын материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы келісім. Ташкент. 

1996 жылғы 5 сәуір

5.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім. Чолпон ата. 

1998 жылғы 17 шілде 

6.

Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы 1995 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесі мен оның институттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы келісім. Бішкек. 

1999 жылғы 24 маусым

7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қырғыз Республикасы Үкіметінің және Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамаларының су-энергетика ресурстарын 2001 жылы пайдалану туралы хаттама. Бішкек. 

2001 жылғы 20 мамыр

8.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамаларының су-энергетика ресурстарын 2002 жылы және 2003 жылдың I тоқсанында пайдалану туралы келісім. Бішкек. 

Күні көрсетілмеген

9.

2002 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы»"Орталық Азия ынтымақтастығы"»ұйымын құру туралы шартқа Ресей Федерациясының қосылуы туралы хаттама. Душанбе. 

2004 жылғы 18 қазан

                                          2006 жылғы "__" ________
                                       "Орталық Азия ынтымақтастығы"
                                       ұйымының Еуразия экономикалық
                                       қоғамдастығына кірігуі туралы
                                             хаттамаға 3-қосымша

       Олардың Тараптары арасындағы қатынастарда қолданылуын
                  жалғастыратын құжаттардың тізбесі

Р/с N

Құжаттың атауы

Қол қойылған күні

 1

                    2

      3

1.

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шарттың ережелерін іске асыру туралы N 1 хаттама. Ташкент. 

1994 жылғы 2 ақпан

2.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шарт. Чолпон Ата. 

1994 жылғы 30 сәуір

3.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім. Алматы. 

1994 жылғы 8 шілде

4.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісім. Алматы. 

1994 жылғы 8 шілде 

5.

Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы мемлекетаралық шарттар мен келісімдерді ақпараттық қамтамасыз ету туралы келісім. Алматы 

1994 жылғы 8 шілде

6.

Есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. Ташкент. 

1996 жылғы 5 сәуір

7.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1996 - 2000 жылдарға арналған Жерді республикааралық жалға алу туралы келісім. Ташкент. 

1996 жылғы 5 сәуір

8.

"Орталықазэлектрон" трансұлттық өнеркәсіп тобын құру туралы хаттама. Ташкент. 

1996 жылғы 5 сәуір 

9.

"Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы"»Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 8 шілдедегі Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы    арасындағы келісім. Алматы. 

1996 жылғы 23 тамыз

10.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы 
және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт. Бішкек. 

1997 жылғы 10 қаңтар

11.

Монополияға қарсы саясат саласындағы интеграцияны тереңдету туралы келісім. Бішкек. 

1997 жылғы 14 наурыз 

12.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Шаруашылық қызметін реттейтін ұлттық
заңнамалардың негізгі бағыттарын жақындастыру қағидаттары туралы келісім. Бішкек. 

1997 жылғы 14 наурыз 

13.

Қазақстан Республикасының Үкіметі,Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен кәсіпорындарды, өндірістік бірлестіктерді құру туралы келісім. Бішкек. 

1997 жылғы 14 наурыз

14.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ортақ ғылыми технологиялық кеңістік құру туралы келісім. 

1997 жылғы 14 наурыз

15.

Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Чолпон ата. 

1998 жылғы 17 шілде

16.

"Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы"»Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 8 шілдедегі Келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттама. Бішкек. 

1999 жылғы 24 маусым

17.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Қырғыз Республикасының аумағындағы бандалық құралымдарды жою жөніндегі операцияларды бірлесіп өткізу туралы хаттама. Ош. 

1999 жылғы 28 тамыз

18.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың орындалу барысы туралы хаттама. Астана. 

1999 жылғы 19 ақпан

19.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы терроризмге, саяси және діни экстремизмге, ұлтаралық  ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне өзге де   қауіп-қатер төндіруге қарсы күрес   жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарт. Ташкент. 

2000 жылғы 21 сәуір

20.

Халықаралық Даму Қауымдастығы мен ОАҚ ұйымы арасындағы Даму мақсатына (Орталық Азиядағы ЖҚТБ-ке қарсы күрес жөніндегі жоба) арналған грант туралы келісім 

2005 жылғы 12 мамыр (анықтамалық: құжат 1-қосымшаға ауыстырылады, мәселе 2006 жылғы маусымда МАК-та шешіледі.)

21.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өндірістік кооперация туралы келісім. Бішкек. 

1997 жылғы 14 наурыз

22.

1994 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және   Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа Тәжікстан Республикасының қосылуы туралы хаттама. Ташкент. 

1998 жылғы 26 наурыз

23.

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Құнды қағаздар рыногын қалыптастырудың ортақ қағидаттары туралы келісім. Ташкент. 

1998 жылғы 26 наурыз

24.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы
Мемлекетаралық ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру және олардың мәртебесі туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 26 маусым

25.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
қатысушы мемлекеттердің, ғылыми ұйымдарын, ғалымдары мен мамандарын ұлттық ғылыми-технологиялық бағдарламаларды орындау-
ға тартудың тәртібі мен шарттары туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 26 маусым

26.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы
Мемлекетаралық ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру және олардың мәртебесі туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 26 маусым

27.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
қатысушы мемлекеттердің ғылыми ұйымдарын,
ғалымдары мен мамандарын Ұлттық ғылыми-технологиялық бағдарламаларды     орындауға тартудың тәртібі мен шарттары туралы келісім. Бішкек. 

1998 жылғы 26 маусым

28.

1994 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республика-
сы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан
Республикасы және Тәжікстан Республикасы
арасындағы Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама. Алматы. 

2001 жылғы 5 қаңтар

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады