Банктiк заңнаманы Базель қағидаттарына сәйкес үйлестiру туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы N 598 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Банктiк заңнаманы Базель қағидаттарына сәйкес үйлестiру туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Банктiк заңнаманы Базель қағидаттарына сәйкес үйлестiру туралы келiсiмге қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі

Банктiк заңнаманы Базель қағидаттарына сәйкес
үйлестiру туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Украинаның үкiметтерi, 
      2003 жылғы 19 қыркүйекте Ялта қаласында қол қойылған       Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып, 
      Бiртұтас экономикалық кеңiстiк (бұдан әрi - БЭК) құру жөнiндегi үйлестiрiлген iс-шараларды жүзеге асыру қажеттiгiн және осы мақсатта оған қатысушы мемлекеттердiң банктiк заңнамасын үйлестiрудi растай отырып, 
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң банктiк заңнамасын үйлестiру мақсаты БЭК-ке қатысушы мемлекеттердiң халықаралық стандарттарға және халықаралық банктiк практикаға барынша жақындатылған банктiк реттеу мен қадағалаудың ұлттық жүйелерiн құруы болып табылады.

2-бап

      Осы Келiсiмнiң 1-бабында көзделген мақсатты iске асыру үшiн БЭК-ке қатысушы мемлекеттер нормативтiк құқықтық базаны және банктiк реттеу мен қадағалау практикасын құру кезiнде банктiк реттеу мен қадағалаудың ұлттық жүйелерiнiң ағымдағы жай-күйiн ескере отырып, тиiмдi банктiк қадағалаудың Базель қағидаттарын, Базель банктiк қадағалау комитетiнiң өзге де ұсынымдарын басшылыққа алады.

3-бап

      Тараптар (не олар уәкiлеттiк берген органдар) нормативтiк құқықтық базаны және банктiк реттеу мен қадағалау практикасын құру жөнiндегi iс шараларды үйлестiру мақсатында осы саланы реттеу туралы ұлттық заңнамаларда жоспарланып отырған және жүзеге асырылатын өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.

4-бап

      Тараптар банктiк реттеу мен қадағалау саласында Тараптар пайдаланатын негiзгi тәсiлдер жөнiнде, оның iшiнде БЭК-тi құруға кедергi келтiретiн нормативтiк құқықтық базада және банктiк реттеу мен қадағалау практикасында болуы мүмкiн елеулi айырмашылықтар мәселелерi жөнiнде өзара консультациялар өткiзедi.

5-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
      Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Тараптардың кез келгенi дауды Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiндегi Дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге бере алады.

6-бап

      Осы Келiсiм бойынша ескертпелер жасауға жол берiлмейдi.

7-бап

      Кез келген мемлекет осы Келiсiмнiң қатысушысы бола алады.
      Осы Келiсiмге қосылудың шарттары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын халықаралық шартта белгiленедi.

8-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап

      Осы Келiсiмнiң күшiне ену және одан шығу тәртiбi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық шарттардың күшiне ену және олардан шығу тәртiбi туралы хаттамада белгiленедi.

      200_ жылғы "___" ________ ____________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Депозитарийде сақталады. Депозитарийдiң функциялары Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясына берiлгенге дейiн осы Келiсiмнiң Депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
      Депозитарий осы Келiсiмге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

Беларусь Республикасының            Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшін                        Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының                Украинаның 
Yкiметi үшін                        Министрлер Кабинеті үшін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады