"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 653 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Pеспубликасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi
әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) бүкiл мәтiн бойынша:
      "iшкi әскерлерi", "iшкi әскерлер", "iшкi әскерлерiнiң", "iшкi әскерлердiң", "iшкi әскерлерге", "iшкi әскерлердi", "iшкi әскерлерiнде", "iшкi әскерлердегi", "iшкi әскерлерден" деген сөздер "Iшкi әскерлерi", "Iшкi әскерлер", "Iшкi әскерлерiнiң", "Iшкi әскерлердiң", "Iшкi әскерлерге", "Iшкi әскерлердi", "Iшкi әскерлерiнде", "Iшкi әскерлердегi", "Iшкi әскерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "прапоршиктерге", "прапорщиктерiн", "прапорщиктердi", "прапорщиктердiң", "прапорщиктер" деген сөздер алып тасталсын;
      "әскери-оқу орындарында" деген сөздер "әскери оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң төртiншi абзацындағы "елдi мекендерде" деген сөздер алып тасталсын;
      3) 8-баптың екiншi абзацындағы ", Әскери қызметтi өтеу туралы ереженi" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 9-баптың үшiншi абзацы "офицерлер" деген сөзден кейiн "мен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлердi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 10-бапта:
      алтыншы абзацта:
      "белгiлейдi" деген сөз алып тасталсын;
      "бекiтедi" деген сөз "айқындайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа босату туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы мен Үкiметi қаулысының негiзiнде Iшкi әскерлер қатарына мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi шақыруды және босатуды ұйымдастыруға Iшкi әскерлердiң қатысуын қамтамасыз етедi;";
      6) 10-1-бапта:
      төртiншi абзац "әзiрлейдi" деген сөзден кейiн "және бекiтедi" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацтағы "және құрамалардың, әскери бөлiмдерiнiң штаттарын бекiтедi" деген сөздер алып тасталсын;
      сегiзiншi абзацта:
      "қабылдайды" деген сөз "қабылдауды қамтамасыз етедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне Қолбасшының орынбасарларын, құрамалар командирлерi мен әскери оқу орнының бастығын тағайындау туралы ұсыныстар енгiзедi.";
      7) 13-бапта:
      үшiншi абзацтағы "түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және" деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерi мен оперативтiк мақсаттағы құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетiнiң нәтижелерi туралы ақпараттарын тыңдайды;";
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген Iшкi әскерлер әскери бөлiмдерiнiң тiршiлiгiне тиiстi жағдайлар туғызады;";
      алтыншы, жетiншi абзацтар алып тасталсын;
      8) 14-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Президентi" деген сөз "Iшкi iстер министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi Қолбасшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтедi";
      9) 15-бапта:
      баптың тақырыбындағы "Iшкi әскерлердiң Бас штабы" деген сөздер "Iшкi әскерлер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiктегi "Iшкi әскерлердiң Бас штабы iшкi әскерлердi әскери басқарудың негiзгi" деген сөздер "Iшкi әскерлер комитетi бейбiт және соғыс уақытында Iшкi әскерлердi әскери басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Қарулы Күштері Бас штабымен" деген сөздер "Қорғаныс министрлiгiнiң Штаб бастықтары комитетiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 16-баптың екiншi бөлiгiндегi "жалпы әскери жарғылардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi жарғыларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 17-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" және "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "жалпы әскерлiк жарғылармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "Ант" деген сөз "ант" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) 18-баптың үшiншi бөлiгiндегi "және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге" деген сөздер алып тасталсын;
      13) 19-баптың екiншi бөлiгi:
      "Iшкi әскерлердiң" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "офицер құрамының" деген сөздерден кейін "және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 21-бапта:
      екiншi абзацтағы "сенiмдi" деген сөз алып тасталсын;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- жаппай тәртiпсiздіктердiң жолын кесуге, оның iшiнде түзеу мекемелерiнде, әскери қарауылдардың күзетiнен қашқан адамдарды iздестiруге қатысу және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынған не ауыр қылмыс жасаған адамдарды iздестiруге iшкi iстер органдарына көмек көрсету;";
      15) 23-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Iшкі әскерлер қаруланатын қару-жарақтың, әскери техниканың және олардың оқ-дәрiлерiнiң, арнайы құралдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.";
      16) 25-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасы "адамды" деген сөзден кейiн "анықтау және" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiк алып тасталсын;
      төртiншi бөлiк алып тасталсын;
      17) 26-бапта:
      тақырыбындағы "ұрыс техникасын" деген сөздер "әскери техниканы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiктегi "ұрыс техникасын" деген сөздер "әскери техниканы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi айқын адамдарға және кәмелетке толмағандарға қатысты, олардың жасы белгiлi немесе анық көрiнiп тұрса, олар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайлардан басқа, атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.";
      бесiншi бөлiк алып тасталсын;
      18) 31-бапта ", мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер және контракт" деген сөздер "және келiсiм-шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 33-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Офицерлерге, келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлiнедi.";
      20) 34-бап алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады