"Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 шілдедегі N 658 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы

      Осы Заң адамның өмiрiн, денсаулығын, тұтынушылардың мүдделерiн қорғауға және Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғауға кепiлдiк беру үшiн машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) бас тарту - нәтижесiнде адамның өмiрiне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттiң мүлкiне және қоршаған ортаға зиян келтiру қауiп-қатерi туындайтын машиналар мен жабдықтар жай-күйiнiң жұмыс қабiлетiн бұзудан көрiнетiн оқиға;
      2) дайындалған күн - машиналар мен жабдықтарды өндiру процесi аяқталған күнi;
      3) жабдық - машинаға орнатылатын және машинаның негiзгi және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшiн қажеттi, сондай-ақ оларды бiрыңғай кешенге бiрiктiруге арналған техникалық құрылғы;
      4) жүйенiң жобалаушысы - жүйелерге (технологиялық желiлер, өндiрiс, қондырғылар) пайдалану жөнiндегi жобалық құжаттаманы және нұсқаулықты әзiрлейтiн заңды немесе жеке тұлға;
      5) қауiптi аймақ - адамның жарақат алу немесе өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру қауiп-қатерiне ұшырайтын машинаның iшiндегi немесе оның айналасындағы аймақ;
      6) қауiптi машиналар мен жабдық - адамның өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiптi өндiрістің және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласында қабылданған осы Заңда және техникалық регламенттерде белгiленген, қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылған машиналар немесе жабдықтар;
      7) машиналардың және жабдықтардың сәйкестiк туралы декларация - өндiрушi айналымға шығарылатын машиналар мен жабдықтардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      8) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi - адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрумен байланысты рұқсат етiлмейтiн қауiп-қатердiң жоқтығы;
      9) машиналар мен жабдықтардың өмiрлiк кезеңi - жобалау, өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау, пайдалану (оның iшiнде жөндеу, техникалық және сервистiк қызмет көрсету), кәдеге жарату және жою процестерi;
      10) машина - энергияны, материалдарды және ақпаратты түрлендiруге арналған, кешендi бipeуi қозғалатын өзара байланысты компоненттерден тұратын техникалық құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы;
      11) машиналардың және (немесе) жабдықтардың жобалаушысы - машиналар және (немесе) жабдықтарға пайдалану жөнiндегi жобалық құжаттаманы және нұсқаулықты әзiрлейтiн заңды немесе жеке тұлға;
      12) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiне жауапты субъектiлер - машиналар және (немесе) жабдықтарды жобалаушы, өндiрушi, уәкiлеттi өкiл, импорттаушы персонал (операторлар); 
      13) өндiрушi - машиналарды және (немесе) жабдықты өндiретiн, машиналар қалпына келтiретiн (жөндейтiн) немесе елеулi түрде өзгертетiн (жаңғыртатын) және тарататын заңды немесе жеке тұлға;
      14) пайдаланушы - машиналарды және (немесе) жабдықтарды пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      15) персонал (операторлар) - машиналар мен жабдықтарды iске қосумен, реттеумен, ағымдық қызмет көрсетумен, тазартумен, жөндеумен, сақтаумен немесе тасымалдаумен айналысатын тұлға;
      16) сәйкестiк белгiсi - машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен машиналардың және (немесе) жабдықтардың өткенi туралы сатып алушыға хабарлау қызметiн атқаратын белгi;
      17) машиналардың және жабдықтардың сәйкестiгiн растау - машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттарда немесе шарттардың жағдайларында белгiленген талаптарға машиналардың және (немесе) жабдықтардың сәйкестiгiн құжаттық куәландыру болып табылатын (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiндегi) рәсiм;
      18) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлдiктер шегiнде салалық бағыттылыққа сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiне басшылық етудi және үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      19) уәкiлеттi өкiл - оның атынан сауданы жүргiзуге (жүзеге асыруға) рұқсат ететiн, өндiрушiден алған жазбаша өкiлеттiгi бар заңды немесе жеке тұлға;
      20) шектi жай-күй - олардың одан әрi пайдаланылуын не олардың жұмыс қабiлетi жай-күйiн қалпына келтiру мүмкiн емес немесе орынды емес машиналар мен жабдықтардың жай-күйi;
      21) жол берiлмейтiн қауiп-қатер - адамның денсаулығы мен өмiрi, қоршаған ортаны қорғау үшiн машиналар мен жабдықтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қауiпсiздiк деңгейiнен асатын қауiп-қатер.

       2-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

      1. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, техникалық регламенттерден және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

      1. Осы Заң адамның өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, тұтынушылардың мүдделерiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн машиналар мен жабдықтарға, олардың өмiрлiк кезеңi процестерiне қажеттi ең төменгi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау жөнiндегi қатынастарды реттейдi.
      2. Осы Заңның техникалық реттеу объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ оларды жобалау, өндiру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, өткiзу, кәдеге жарату және жою процестерi жатады.
      3. Осы Заңның күшi оларға Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерiнде арнайы талаптар машиналар мен жабдықтарға қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерiмен реттелмеген бөлiгiндегi мұндай машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi осы Заңның нормаларымен реттеледi.
      4. Осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау, пайдалану (оның iшiнде, жөндеу, техникалық және сервистiк қызмет көрсету) процестерiне рұқсат етiлмейдi.
      5. Осы Заңның, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн, көрмелер мен таныстыруларда көрсетуге арналмаған машиналар мен жабдықтарды сатуға рұқсат етiлмейдi.
      Мұндай таныстырулар мен көрмелер барысында адамдардың денсаулығы мен өмiрiн және қоршаған ортаны қорғауға арналған қажеттi шаралар қабылдануы тиiс. 

       4-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдардың мемлекеттiк жүйесi

      1. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдардың мемлекеттiк жүйесi мыналарды құрайды:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi орган;
      3) төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган;
      4) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган;
      5) энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкiлеттi орган;
      6) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган.
      Осы баптың бiрiншi бабында көрсетiлген уәкiлеттi органдар салалық бағытқа сәйкес машиналар мен жабдықтар қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудi iске асырады.

       5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы құзiретiне:
      1) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
      2) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
      3) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiн салааралық үйлестiру.

       6-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн уәкiлеттi органдардың құзiретi

      1. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар құзiретiне мыналар:
      1) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      2) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттердi келiсу және әзiрлеу;
      3) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және сәйкестiгiн растау бойынша Қазақстан Республикасын өңiрлiк және халықаралық ұйымдарға таныстыру;
      4) өз құзiретi шегiнде осы Заңмен және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды iске асыру;
      5) машиналар мен жабдықтар қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту немесе келiсу;
      6) машиналар мен жабдықтар қауiпсiздiгi саласындағы және олардың iске асырылуына жол бермеу бойынша шараларды дайындау, техникалық регламенттердi және осы заңның талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды айқындау мақсатында мониторингтiк тұтыну нарығын iске асыру;
      7) осы заңда және техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды өткiзуге және (немесе) өндiруге, нарықтан алып қоюға тиым салу туралы ңұсқама қабылдау.

       7-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiне жауапты субъектiлердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiне жауапты субъектiлер:
      1) машиналар мен жабдықтардың осы Заңның және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес еместiгi туралы шынайы ақпаратты уақтылы алуға;
      2) уәкiлеттi органдарға машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес еместiгi туралы өтiнiшпен жүгiнуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, техникалық регламенттердi әзiрлеуге қатысуға;
      4) Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының мiндеттi талаптарына сәйкес келетін ұйымдардың стандарттарын әзiрлеуге және бекiтуге; 
      5) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiне өндiрiстiк бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;
      6) машиналар мен жабдықтардың сапасы мен қауiпсiздiгi менеджментiнiң жүйесiн енгiзуге құқылы.
      2. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiне жауапты субъектiлер:
      1) Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) машиналар мен жабдықтарды тұтынушы мүмкiн болатын қатерлердi бағалауы және олардың тиiстi қауiпсiздiк шараларын қабылдауы үшiн қажеттi мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықпен және басқа да қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге;
      3) тұтынушыларға, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн уәкiлеттi органдарда олардың талаптары бойынша машиналар мен жабдықтардың куәландырылған құжаттарын беруге;
      4) оларды өндiру, өткiзу, пайдалану, тасымалдау және кәдеге жарату процесiнде машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн бақылауды қамтамасыз етуге;
      5) машиналар мен жабдықтарды өткiзудiң, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық сатыларында машиналар мен жабдықтарды сәйкестендiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге; 
      6) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптарына сәйкес еместiгi туралы тұтынушылардың шағымдарына тексерудi жүзеге асыруға;
      7) уәкiлеттi органдарға пайдалану, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою процестерiнде олардың қауiптi сипаттарға ие болуына алып келген таратылған машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарының бұзылғаны туралы және олар қабылдаған шаралар туралы дереу хабарлауға;
      8) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн уәкiлеттi органдармен олар шығарған немесе өткiзген машиналармен және жабдықтармен байланысты қауiп-қатерлердiң алдын алу немесе азайту мәселелерi бойынша ынтымақтасуға;
      9) пайдаланушыға (қолданушыға) уақтылы және тиiмдi ескертудi, сондай-ақ олардың осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi және адамдардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiп төндiрген жағдайда машиналар мен жабдықтарды керi қайтарып алуға дейiн қажеттi iс-шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге;
      10) егер, олардың қауiптi сипаттарға ие болуына алып келген тәртiп бұзуларға жол берiлсе, машиналар мен жабдықтарды өндiру, өткiзу және кәдеге жарату процестерiн дереу тоқтатуға, оларды сатып алушылардан (тұтынушылардан) керi қайтарып алуды қамтамасыз етуге және сараптама жүргiзуге, одан кейiн оларды жою жөнiнде шаралар қабылдауға немесе қажет болған кезде оларды кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастыруға мiндеттi. 

       8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау

      1. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және өз құзiретi шегiнде уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
      2. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жоспар және жоспардан тыс түрiнде тексерiледi.
      3. Жоспарлы тексеру жылына бiр реттен жиi өткiзiлмейдi.
      4. Жоспардан тыс тексеру:
      1) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес еместiгi туралы;
      2) адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiру фактiлерi туралы ақпаратты машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органның алуы жағдайында жүргiзiледi.
      5. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы тексеру екi кезеңде жүргiзiледi:
      1) құжаттық тексеру;
      2) қауiп-қатерлердi бағалауды тексеру.
      5. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы құжаттық тексеру мына:
      1) тұтынушы үшiн пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтағы ақпараттың шынайылығын және осы Заңның, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
      2) қауiпсiздiк паспортында және сәйкестiктi растау саласындағы құжатта бар ақпараттың орамадағы ақпаратпен сәйкестiгiн тексеру жолымен жүзеге асырылады.
      Машиналар мен жабдықтардың жекелеген түрлерi үшiн қауiпсiздiк паспорттарының мазмұны машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленедi.
      7. Қауiп-қатерлердi бағалауды тексеру кезiнде уәкiлеттi орган сынақтар (зерттеулер) жүргiзу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган аккредиттеген сынақ зертханасына (орталығына) машиналар мен жабдықтарды немесе олардың жекелеген бөлшектерiн жiбередi. 
      8. Қауiп-қатерлердi бағалау бағдарламасын машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган әзiрлейдi. 
      9. Уәкiлеттi органдардың лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi іс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
      Уәкiлеттi органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

2-тарау. Машиналар мен жабдықтар қауiпсiздiгiнiң талаптары

       9-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жалпы талаптар 

      1. Осы Заңның iс-әрекетi қолданылатын машиналар мен жабдықтар осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген азаматтардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi қажеттi талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      2. Машиналар мен жабдықтар бiрнеше техникалық регламенттерге тәуелдi болған жағдайларда, мұндай машиналар мен жабдықтар үшiн олар тәуелдi болатын барлық техникалық регламенттердiң талаптары орындалуы қажет.
      3. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi:
      1) Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау;
      2) машиналар мен жабдықтардың Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн растау;
      3) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
      4. Машиналар мен жабдықтардың өмiрлiк кезеңiнiң барлық сатыларында осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiктiң барлық талаптарынан орындалуын бақылау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
      5. Егер машиналар мен жабдықтардың өмiрлiк кезеңiнiң әрбiр сатысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн кешендi сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргiзiлуi тиiс.
      6. Машиналар мен жабдықтардың өмiрлiк кезеңiнiң барлық сатыларында жобалау құжаттамасында көзделген машиналар мен жабдықтарды қауiпсiз пайдаланудың шарттарынан ауытқулар жобалаушымен немесе машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлуi тиiс.

       10-бап. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезiнде жобалаушы машиналардың немесе жабдықтардың жобаларын осы Заңның және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi қажет.
      2. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезiнде жобалаушы өмiрлiк кезеңнiң барлық сатыларында, оның iшiнде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайларда (жұмыс iстемеу және сыртқы әсерлер), персоналдың болжалатын қателерi мен жол берiлмейтiн пайдалану кезiнде барлық мүмкiн болатын қауiптердi сәйкестендiруi тиiс.
      3. Барлық сәйкестендiрiлген қауiптер үшiн қауiп-қатерлер есеп айырысу, эксперименталдық, сараптамалық жолымен бағалануы тиiс.
      4. Жобалау кезiнде машиналар мен жабдықтардың әрбiр түрлерi үшiн қатерлерге жүргiзiлген бағалауды ескере отырып, жоюға немесе машиналар мен жабдықтардың өмiрлiк кезеңiнiң барлық кезеңдерiнде рұқсат етiлетiн (оңтайлы) деңгейге дейiн азайтуға (төмендетуге) арналған шаралардың барлық кешенi айқындалуы тиiс.
      5. Қауiп-қатерлердi конструкцияны өзгерту жолымен рұқсат етiлетiн деңгейден төмен азайту мүмкiн болмаған кезде пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта жобалаушы машиналар немесе жабдықтар, қосымша қорғау шаралары енетiн жобаны қабылдау қажеттiгi туралы тиiстi ақпарат берiлуi тиiс.
      6. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезiнде жобалау құжаттамасы әзiрленуi тиiс.
      Жобалау құжаттамасы жобаның техникалық сипаттамасын, машиналардың, жабдықтар мен басқару тетiктерiнiң егжей-тегжейлi чертежiн, машиналар мен жабдықтардың пайдалану сипаттамаларын, пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты және басқа да қажеттi құжаттарды қамтиды.

       11-бап. Машиналар мен жабдықтарды шығару кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 

      1. Өндiру кезiнде машиналар мен жабдықтарды дайындау процесiнiң жобалау құжаттамасының, осы Заңның және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету қажет.
      2. Машиналар мен жабдықтарды өндiру кезiнде өндiрушi жобалау құжаттамасында айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық шаралар кешенiн орындауға мiндеттi.
      3. Өндiрушi кәсiпорында технологиялық процестердiң, бақылау жүйесiнiң, кәсiпорында қолданылатын сапа менеджментi жүйесiнiң қабылданған барлық кешенiн ескере отырып, жобалау құжаттамасында көзделген машиналар мен жабдықтардың талаптарын қамтамасыз етуге талдау жүргiзуi тиiс.
      4. Өндiру кезiнде қауiпсiздiк байланысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс. 
      5. Машиналар мен жабдықтар шығару кезiнде пайдалану жөнiндегi нұсқаулық әзiрленуi тиiс.
      Пайдалану жөнiндегi нұсқаулық мыналарды:
      1) монтаждау және жинау, iске қосу немесе реттеу жөнiндегi нұсқауларды;
      2) машиналарды немесе жабдықтарды штаттық пайдалану және пайдалану (пайдалануға берудi, тiкелей мақсаты бойынша пайдалануды, техникалық қызмет көрсету, жөндеудiң барлық түрлерiн, зиянды өндiрiстiк факторлардың қарқынын азайтуға және жоюға бағытталған қорғану құралдарын, тасымалдауды және сақтауды қоса алғанда) кезiнде сақталынуы қажет қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар жөнiндегi нұсқауларды;
      3) қызмет мерзiмiнiң тағайындалған көрсеткiштерiн және (немесе) тағайындалған ресурсын; 
      4) сындарлы жұмыс iстемеудiң, персоналдың тосын оқиғаға (апатқа) және көрсетiлген қателердiң болдырмайтын iс-қимылдарға алып келетiн мүмкiн болатын қателерiнiң тiзбесiн;
      5) шектi жай-күйлердiң өлшемдерiн; 
      6) пайдалану, кәдеге жарату және жоюдан шығару жөнiндегi нұсқауларды; 
      7) персоналға талапты қамтуы тиiс.
      6. Барлық машиналар мен жабдықтарда мына ақпаратты қамтитын нақты және өшiрiлмейтiн таңбасы болуы тиiс:
      1) дайындаушының атауы және (немесе) оның тауарлық белгiсi;
      2) машиналар және (немесе) жабдықтардың сериясы немесе типi, нөмiрi белгiленген атауы;
      3) тағайындаудың негiзгi көрсеткiштерi мен қолдану шарттары;
      4) дайындалған күнi.
      Таңбалаудың барлық белгiлерi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта түсiндiрiлуi тиiс.
      7. Машиналар мен жабдықтардың қажеттi ескерту жазбалары немесе қауiптер туралы белгiлерi болуы тиiс.
      8. Машиналар мен жабдықтарды орау және консервациялау үшiн қолданылатын материалдар мен заттар машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      9. Машиналар мен жабдықтардың жекелеген түрлерi үшiн техникалық құжаттаманың мазмұнын машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер белгiлейдi.

       12-бап. Машиналар мен жабдықтарды тасымалдау және сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Машиналар мен жабдықтарды тасымалдау және сақтау Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы заңнама талаптарына сәйкес олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс.
      2. Машиналар мен жабдықтарды, олардың тораптары мен бөлшектерiн тасымалдауды, сақтауды жүзеге асыратын адамдар жобалаушы көздеген, технологиялық процестердiң қабылданған қауiпсiздiк жөнiндегi барлық талаптары және тасымалдау мен сақтау кезiндегi шарттарды ескере отырып, қауiп-қатерге бағалау жүргiзуi тиiс. 
      3. Оларды тасымалдау және сақтау процесiнде машиналар мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, олардың қауiпсiздiгiмен шарттасатын техникалық сипаттамаларын сақтау, оның iшiнде орауға, тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар, тағайындалған сақтау мерзiмдерi, жай-күйдi қайта куәландыру мерзiмi бойынша мерзiмдер жөнiндегi нұсқаулар, сақтау мерзiмi өткен жекелеген элементтердi, бөлiктердi, тораптарды ауыстыру машина мен жабдыққа арналған техникалық құжаттамада көзделуi тиiс.
      4. Машиналар мен жабдықтарды тиеудi, түсiрудi, тасымалдауды және қоймалауды оқытылған персонал қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып, жүргiзуi тиiс. 

       13-бап. Машиналар мен жабдықтарды нарықта   орналастыру және ондағы айналымы кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн машиналар мен жабдықтар егер олар адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн болса нарықта сатылмауы тиiс.
      Машиналар мен жабдықтар туралы жарнамалық өнiмдер және өзге ақпараттар олардың қауiпсiздiгi мен функционалды мақсатына қатысты, олардың тиiстi орнату, қызмет көрсету, пайдалану, сақтау, кәдеге жарату, жою кезiнде тұтынушыларды адастыруға алып келмеуi тиiс.
      2. Өндiрушi (уәкiлеттi өкiл), ал олар жоқ болған жағдайда сәйкестiктi растауға жататын машиналар мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының нарығында орналастыратын адам олардың осы Заңның және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.
      3. Олардың осы Заң талаптарына және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерге сәйкестiгiн куәландыратын құжаттары жоқ машиналар мен жабдық нарықта орналастырылуға және айналымға жатпайды.
      4. Егер, сәйкестiк белгiсiмен таңбаланған машиналар мен жабдықтар немесе сәйкестiктi растау саласындағы құжатпен жiберiлетiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн компоненттер адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауiпсiздiк төндiрсе машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган нарықтан алуды, нарыққа орналастыруға және пайдалануға беруге тыйым салуды қоса алғанда, қауiп-қатердi басқару жөнiндегi шараларды қабылдайды.
      5. Мұндай шектеулердi енгiзу туралы шешiмдi қабылдаған мемлекеттiк орган мұндай шешiмдердi қабылдаудың негiздемесiн, сондай-ақ оған шағымданудың тәсiлдерi мен мерзiмдерiн мүдделi тараптарға дереу хабарлауы тиiс.
      6. Басқа машинаға орнатуға арналған және жеке жұмыс iстей алмайтын жабдықтар машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы техникалық регламентте белгiленген нысан бойынша өндiрушiнiң декларациясымен қамтамасыз етiлуi тиiс.

       14-бап. Машиналар мен жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптар

      1. Машиналар мен жабдықтарды монтаждауды, пайдалануды және жөндеудi жүзеге асыру кезiнде машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң, жүйеге арналған жобалау құжаттамасының және машиналар мен жабдықтарға арналған пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтардың талаптарының орындалуы қамтамасыз етiлуi тиiс.
      2. Машиналардың немесе жабдықтардың конструкциясына өзгерiстердi енгiзу кезiнде олардың техникалық құжаттамасында белгiленген қауiпсiздiк жөнiндегi талаптар төмендетiлмеуi тиiс.
      3. Машиналарға немесе жабдықтарға жөндеудi жүзеге асыратын тұлға өндiрушi техникалық құжаттамада белгiлеген машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жобада айқындалған барлық шаралар кешенiн орындауға мiндеттi.
      4. Машиналарға немесе жабдықтарға монтаждау немесе жөндеу жүргiзiлгеннен кейiн оператор (персонал) машиналар мен жабдықтардың қауiп-қатерiне бағалауды жүргiзуi тиiс.
      Жобалау құжаттамасында көзделген қауiпсiздiк талаптарына жауап бермейтiн жөнделген машиналар мен жабдықтар үшiн технологиялық процестер мен бақылау жүйесiн ескерiле отырып, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде қабылданған қауiп-қатерлердiң мәнiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар әзiрленуi тиiс.

       15-бап. Машиналар мен жабдықтарды нарықтан алып қоюға, оларды кәдеге жаратуға немесе жоюға қойылатын талаптар

      1. Адамдардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiп төндiретiн немесе осы Заңмен белгiленген қауiпсiздiк және машиналар мен жабдықтар қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн қауiптi машиналар немесе жабдық өндiрiс процесiнен және айналымнан алып қоюға жатады.
      Қауiптi машиналардың және (немесе) жабдықтардың иесi машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы осы Заңмен және техникалық регламенттермен белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкессiздiгiн тапқан сәттен бастап немесе машиналар мен жабдықтар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың нұсқамасы негiзiнде оны өндiрiс процесiнен және (немесе) айналымнан дереу алуға мiндеттi.
      2. Егер, қауiптi машиналар мен жабдықтардың иесi оларды өндiрiс процестерiнен және (немесе) айналымнан алу жөнiнде шаралар қабылдамаса, мұндай машиналар мен жабдықтар осы Заңның 6-бабы 7-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте алып қоюға жатады.
      3. Өндiрiс процесiнен, айналымнан алынған машиналар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiпте жүргiзiлетiн тиiстi сараптамадан өтуге жатады. Сәйкессiздiк расталған кезде сараптама нәтижелерi бойынша машиналар мен жабдықтарды кәдеге жарату немесе жою туралы шешiм қабылданады.
      4. Шығу тегi белгiсiз және адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндіретiн машиналар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сараптама жүргiзбей-ақ алып қоюға және жоюға жатады.
      5. Машиналар мен жабдықтарды олардың жаңа атауымен мақсаты бойынша пайдалану тек мемлекеттiк органдардың тиiстi қорытындысын ала отырып, машиналар мен жабдықтардың Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн растайтын сараптаманың нәтижелерi бойынша мүмкiн болады.
      6. Қауiптi машиналар мен жабдықтарға сараптама жасауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға арналған шығыстарды олардың иелерi төлейдi. 
      7. Кәдеге жаратуға, жоюға жауапты тұлғалар машиналар мен жабдықтарды осы Заңның және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес пайдаланудан шығаруды қамтамасыз етуi тиiс.
      8. Машиналар мен жабдықтарды пайдалануды тоқтатқаннан кейiн оларды пайдаланудан шығару, кәдеге жарату және жою кезiнде:
      1) оларды рұқсатсыз пайдалануды болдырмау үшiн шаралар қабылдануы тиiс;
      2) пайдалану кезiнде уытты заттармен, радиоактивтi аэрозолдармен ластанған машиналар мен жабдықтар қолданатын зиянды заттардың уытты, физикалық-химиялық қасиеттерiне қарай арнайы қоспалармен (тәсiлдермен) зарарсыздандыру бойынша мiндеттi өңдеуден өтуi тиiс;
      3) машиналар мен жабдықты кәдеге жаратудың, жоюдың барлық кезеңдерiн өткiзетiн персоналдың тиiстi бiлiктiлiгi болуы, тиiстi оқытудан өтуi және еңбек қауiпсiздiгiнiң барлық талаптарын сақтауы тиiс.

3-тарау. Сәйкестiктi растау рәсiмдерi

       16-бап. Сәйкестiктi растау

      1. Машиналар мен жабдықтардың сәйкестiгiн растау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Шетел мемлекетi берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат егер, халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн оның тануы шартымен Қазақстан Республикасында жарамды деп саналады.

       17-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер

      Машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттер машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгiнiң ең аз қажеттi талаптарын, сәйкестiктi бағалау рәсiмiн, сәйкестiк пен техникалық құжаттар туралы өндiрушi декларациясының нысандары мен мазмұнын, олар үшiн сертификация талап етiлетiн машиналардың қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн, сәйкестiк белгiсiн таңбалауға талаптарды, машиналар мен жабдықтар туралы Ереженi және осы Заңмен және техникалық регламентпен белгiленген талаптарға сәйкестiк презумпциясы үшiн негiздеме болып табылатын нормативтiк-құқықтық құжаттама және үйлестiрiлген стандарттардың тiзбесiн белгiлейдi.
      Өндiрушi (уәкiлеттi өкiл) машиналар мен жабдықтар өндiрiлген сәттен немесе жаппай өндiрiлген жағдайда машиналар мен жабдықтардың соңғы данасы өндiрiлген сәттен бастап 10 жыл бойы нормативтiк-техникалық құжаттаманы сақтауға мiндеттi.

4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

       18-бап. Машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 

      Машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкте болады.

       19-бап. Өтпелi ережелер

      1. Машиналар мен жабдықтарға және адамның өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн олардың өмiрлiк кезеңiне қауiпсiздiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi техникалық регламенттер мен олармен үйлестiрiлген стандарттардың күшiне енуiне дейiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiктегi өзге де нормативтiк актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Техникалық регламенттер мен олармен үйлестiрiлген стандарттарды қолданысқа енгiзгенге дейiнгi шара бойынша қайталайтын немесе оларға сәйкес келмейтiн қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер мен өзге де нормативтiк актiлер жоюға жатады.
      2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн шығарылған және пайдалануға енгiзiлген машиналар мен жабдық үшiн олардың сәйкестiгiн растайтын құжаттар оларда көрсетiлген қолданылу мерзiмiнiң iшiнде күшiн сақтайды.
      3. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн пайдалануға берiлген және сәйкестiктiң мiндеттi растауына жататын машиналар мен жабдықтар үшiн осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында олардың еркiн айналымға қайта түсуi кезiнде техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай сәйкестiктi мiндеттi растау жүргiзiлуi тиiс.

       20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң ол ресми жарияланған күнiнен бастап алты айдан кейiн қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады