"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы 2-бабының 4-тармағына сәйкес, "Павлодар химия зауыты" акционерлiк қоғамын банкрот деп тануға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Павлодар химия зауыты" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) конкурстық массасын сатудың мыналарды:
1) конкурстық массаны бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
2) лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшiлiк шығыстардың әрi бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың талаптары сомасынан төмен емес етiп белгiлеудi;
3) шаруашылық қызметтiң үздiксiздiгiн сақтай отырып, банкроттық рәсiмiн өткiзудi;
4) Павлодар облысының әкiмдiгiмен келiсiлген бар өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру және бейбiт мақсаттағы химия өндiрiстерiн дамыту жөнiндегi өндiрiстiк бағдарламаның болуын көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
2. Қоғамның конкурстық массасын сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi
лицензиялардың, оның iшiнде жарылу, өрт қаупi бар өндiрiстердi пайдалануға Бас лицензиясының болуы;
2) N 2 алаңының корпустарын жою бойынша мiндеттемелер қабылдауы;
3) қатты өнеркәсiптiк қалдықтарды көму полигонын, өнеркәсiптiк ағындарды булағыш - Былқылдақ жинақтаушы су қоймасын одан әрi пайдалануды қамтамасыз ету;
4) кәбiлдiк және аяқ киiм пластикатын өндiру цехын консервациялау мен оның сақталуы туралы мiндеттемелер қабылдау;
5) мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзу жөнiнде мiндеттемелер қабылдау;
6) Қоғамның жұмыс орындарын сақтау жөнiнде мiндеттемелер қабылдау.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.06. N 169 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі