"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 679 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына eнгiзілсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                                             Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Yкiметi
арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмдi
ратификациялау туралы

      2005 жылғы 3 қазанда Тбилиси қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметi
арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы
Келiсiм

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметi,
      екi мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрi дамыту мақсатында,
      екi мемлекет азаматтарының өзара сапарлары режимiн тәртiпке келтiру ниетiн басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары, оның iшiнде үшiншi мемлекетте тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген азаматтарды, шетелге жол жүру үшiн жарамды құжаттар негiзiнде баратын мемлекеттiң мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күннен бастап тоқсан күнге дейiнгi мерзiмде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген болу мерзiмi әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкiн.

2-бап

      1. Осы Келiсiм ұғымында шетелге жол жүру үшiн мынадай құжаттар жарамды болып табылады:
      а) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн:
      -  Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
      -  дипломаттық паспорт;
      -  қызметтiк паспорт;
      -  теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);
      -  Қазақстан Республикасына қайта оралуына арналған куәлік (Қазақстан Республикасына қайта оралу үшiн ғана).

      б) Грузия азаматтары үшiн:
      -  Грузия азаматының паспорты;
      -  дипломаттық паспорт;
      -  қызметтiк паспорт;
      -  теңiзшiнiң кiтапшасы (кеме журналында жазба немесе одан
         көшiрме болған жағдайда);
      -  Грyзияға қайта оралуына арналған куәлiк (Грузияға қайта оралу үшiн ғана).
      2. Тараптар шетелге жол жүру үшiн жарамды жаңа құжаттардың енгiзiлуi туралы, сондай-ақ бұрыннан бар құжаттарға өзгерiстер енгiзу туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша кем дегенде отыз күн бұрын хабарлайтын болады және олардың үлгiлерiмен алмасады.

3-бап

      1. Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар және дипломатиялық миссияның немесе олардың өкiлдiктерiнiң мәртебесi бар және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкерлерi, консулдық мекеменiң қызметкерлерi немесе халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн орындаудың бүкiл мерзiмi iшiнде осы мемлекеттiң аумағына визасыз келе алады, кете алады және онда бола алады.
      2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi аталған адамдармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де, олар пайдаланып жүрген паспорттардың нысанына қарамастан, қолданылады.

4-бап

      1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына тоқсан күннен артық мерзiмге алуға мiндеттi. 
      2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары олардың осы мемлекетте тұрақты тұратынын алады және қайтып орала алады.
      3. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетінің азаматтары тұрып жатқан елінің заңнамасына сәйкес тұрақты тұру үшiн шетелге шыға алады.

5-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары халықаралық қатынастар үшiн ашық, шекаралық өткiзу пункттерi арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады.

6-бап

      Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелерiне нұқсан келтiрместен бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, екiншi Тарап мемлекетінің шекарасын кесіп өткен кезде және оның аумағында болған уақытында осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.

7-бап

      Осы Келiсiм басқа Тарап мемлекетi азаматтарының өз аумағында болуы қажетсiз деп есептелетiн адамдардың келуiнен бас тарту немесе олардың болу мерзiмiн қысқарту сияқты Тараптар мемлекеттерiнiң құқықтарын шектемейдi.

8-бап

      1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құжаттарды жоғалтқан бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары бұл туралы өзi болатын мемлекеттiң құзыреттi органдарына кiдiрiссiз хабарлауға тиiс, олар құжаттардың жоғалғаны туралы өтiнiштi растайтын анықтама бередi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғаларға, олар азаматтығын алған мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелері шетелге жол жүру үшін жарамды жаңа құжат береді.

9-бап

      Тараптар кем дегенде отыз күн бұрын азаматтардың келуi, болуы және кетуi шарттарының өзгерiстерi туралы дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiн құлақтандыратын болады.

10-бап

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi.

11-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және орындауға қатысты даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер арқылы реттеледi.

12-бап

      1. Тараптардың әрқайсысының, егер мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi немесе өз мемлекетi халқының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге қажет болса, осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерiнiң қолданысын толық немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау туралы және олардың күшiн жою туралы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша 72 сағат iшiнде хабарлайтын болады.
      3. Осы Келiсiмнiң толық немесе iшiнара тоқтатылуы осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында жүрген Тараптар мемлекеттерi азаматтардың онда болу тәртiбiне қолданылмайды.

13-бап

      1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар бойынша алынған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарлап, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осындай хабарлама алынған күннен бастап тоқсан күн өтiсiмен Келiсiм өзiнiң күшiн жояды.

14-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерi бiр Тарап мемлекетiнiң осы Келiсiм күшiне ену күні екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған, аталған кезең ішінде шығып кеткен азаматтарынан басқа, азаматтарына бiр жыл бойы қолданылмайды.
      2. Қажет болған жағдайда, Тараптар осы Келiсiмде көрсетiлген ережелердi iске асыру үшiн осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамаға қол қояды.

       Тбилиси қаласында 2005 жылғы 3 қазанда әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде пiкiр  алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының               Грузия
           Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады