Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi N 890 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 690 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi N 890  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      "Ақтөбе қаласы" деген жолдағы "137" деген сандар "800" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Атырау қаласы" деген жолдағы "123" деген сандар "741" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе: қалалардағы жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегiнде қолданылады.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады