Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 696 қаулысы

      "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңы 11-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

       1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2006 жылғы 21 шілдедегі
N 696 қаулысымен 
бекітілген 

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Заңның 11-бабында белгiленген мүлiктi жария етудi жүргiзудiң тәртiбiн регламенттейдi.

      2. Осы Ереже Заңның 3-бабында көрсетiлген мүлiкке қолданылмайды.

      3. Жылжымайтын мүлiктi жария ету, соның iшiнде жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсыну мерзiмi 2006 жылғы 3 шiлдеден басталады және 2007 жылғы 1 тамызда аяқталады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.04.16. N 302 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

2. Жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу тәртiбi

      4. Жылжымайтын мүлiктi жария ету Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссияға (бұдан әрi -  комиссия) өтiнiш жасауы арқылы жүргiзiледi.

      5. Жылжымайтын мүлiктi жария ету үшiн жария ету субъектiсi комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) Заңға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данадағы өтiнiштi;
      2) жеке басын куәландыратын, ал заңды тұлға өкiлдерi - сондай-ақ жарғының (ереженiң), заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
      3) алынып тасталды
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

       5-1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) төлеу туралы шешiмдi жария ету субъектiсi дербес қабылдауы тиiс.
      Жария ету субъектiлерi алымды жылжымайтын мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап және жария етiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенге дейiн кез келген уақытта төлейдi.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      6. Өтiнiш берiлген күнi комиссия:
      1) жария етуге түскен өтiнiштердi тiркеу журналына өтiнiштi енгiзедi және нөмiр бередi;
      2) өтiнiш иесiне өтiнiштiң күнi мен нөмiрiн көрсете отырып, өтiнiштi және ұсынылған құжаттарды алғанын растайтын қолхат бередi.

      7. Жария ету мерзiмi iшiнде берiлген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш комиссияға өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

      8. Он бес жұмыс күнi iшiнде комиссия:
      1) Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша құжаттарды қайтару;
      2) жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту;
      3) жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм қабылдайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      9. Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай жағдайларда себебi көрсетiле отырып қайтарылуға тиiс:
      1) құжаттардың толық пакетiн ұсынбау;
      2) ұсынылған құжаттарда тазартулар мен түзетулердiң болуы;
      3) мүлiктi жария еткенi үшiн алым сомасын дұрыс есептемеу;
      4) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi.
      Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшiн негiз болған себептер жойылған жағдайда, жария ету субъектiсi мүлiктi жария етудiң белгiленген мерзiмi iшiнде қайтадан мүлiктi жария етуге өтiнiш беруге құқылы.

      10. Жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту Заңның 2 және 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде жүзеге асырылады.
      Жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту туралы шешiм қолданыстағы заңнама нормаларына жасалған сiлтемемен дәлелденуге тиiс.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      11. Жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарылғаннан кейiн Комиссия мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мынадай құжаттарды ресiмдеуi жөнiнде шаралар қабылдайды:
      1) жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорт;
      2) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi;
      3) жер учаскесiне жеке меншiк құқығына акт.
      Осы құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi ұйымдастыру мәселелерi комиссияға жүктеледi.
      Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiсiне арналған техникалық паспортты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары - республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың филиалдары ресімдейді.
      Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн ресiмдеу "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi ресiмдеу "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.04.16. N 302 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      12. Мүлiктi жария ету субъектiсi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн тұрғын үй объектiлерi бойынша Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды беру өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.

      13. Пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге және өзге тұрғын үй-жайларға, ғимарат құрамаларына (кейiнгi объектiлер) құқықтарды тiркеу жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмнiң және жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорттың негiзiнде жүзеге асырылады.

      14. Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу процесi аяқталғаннан кейiн комиссия жария ету субъектiсiне Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлiметтердi жария етiлген мүлiк тiзiлiмiне бiр мезгiлде енгiзе отырып, жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi ресiмделген құжаттармен бiрге бередi.

      15. Жария ету субъектiсiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi беру Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген ресiмделген құжаттармен бiрге комиссияға өтінiш жасалған күннен бастап екi айдан кешiктiрмейтiн мерзiмде жүргiзiлуге тиiс.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      16. Жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектiсiнiң алым төлегенi және алым төлеушiлер болып табылмайтын адамдар туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Қорытынды ережелер

      17. Мүлiктi жария ету субъектiлерi жария етiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2007 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде ресiмдеуге мiндеттi.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1132 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.04.16. N 302 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      18. Жылжымайтын мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi аталған мүлiкке мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап иелiк етуге құқылы.

      19. Жария етiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил проведения легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2006 года N 696

      В соответствии с пунктом 6 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2006 года "Об амнистии в связи с легализацией имущества" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 21 июля 2006 года N 696

Правила
проведения легализации недвижимого имущества,
находящегося на территории Республики Казахстан,
права на которое не оформлены в соответствии с
законодательством Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 5 июля 2006 года "Об амнистии в связи с легализацией имущества" (далее - Закон) и регламентируют порядок проведения легализации имущества, определенного в статье 11 Закона.
      2. Действие настоящих Правил не распространяется на имущество, указанное в статье 3 Закона.
      3. Срок легализации недвижимого имущества, в том числе предъявления недвижимого имущества к легализации, начинается с 3 июля 2006 года и заканчивается 1 августа 2007 года.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 16 апреля 2007 года N 302 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

2. Порядок проведения легализации недвижимого имущества

      4. Легализация недвижимого имущества проводится посредством обращения граждан и юридических лиц Республики Казахстан (далее - субъекты легализации) в комиссию по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан (далее - комиссия), создаваемую при местных исполнительных органах районов (городов областного значения, районов в городах), по местонахождению недвижимого имущества.
      5. Для легализации недвижимого имущества субъект легализации представляет в комиссию следующие документы:
      1) заявление в двух экземплярах по форме согласно приложению 1 или 2 к Закону;
      2) удостоверяющие личность, а представители юридического лица - также нотариально засвидетельствованные копии устава (положения),  свидетельства о государственной регистрации юридического лица, свидетельства налогоплательщика и документы, подтверждающие их полномочия;
      3) (исключен - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      5-1. Решение об уплате сбора за легализацию имущества (далее - сбор) должно приниматься самостоятельно субъектом легализации.
      Субъекты легализации уплачивают сбор в любое время с момента подачи документов на легализацию недвижимого имущества и до государственной регистрации прав на легализованное недвижимое имущество.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 5-1 - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      6. В день подачи заявления комиссия:
      1) вносит заявление в журнал регистрации заявлений, поступающих на легализацию, и присваивает номер;
      2) выдает заявителю расписку, подтверждающую получение заявления и представленных документов, с указанием даты и номера заявления. 
      7. Заявление о легализации недвижимого имущества, поданное в течение срока легализации, должно быть рассмотрено в течение пятнадцати рабочих дней со дня подачи заявления в комиссию.
      8. В течение пятнадцати рабочих дней комиссия выносит решение о: 
      1) возврате документов по основаниям, указанным в пункте 9 Правил;
      2) отказе в легализации недвижимого имущества;
      3) легализации недвижимого имущества.
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      9. Документы, представленные на легализацию недвижимого имущества, подлежат возврату с указанием причин в следующих случаях:
      1) представления неполного пакета документов;
      2) наличия в представленных документах подчисток и исправлений;
      3) неправильного исчисления суммы сбора за легализацию имущества;
      4) несоответствия представленных документов требованиям законодательства Республики Казахстан к таким документам. При устранении причин, послуживших основанием для возврата документов, представленных на легализацию недвижимого имущества, субъект легализации вправе повторно подать заявление на легализацию имущества в течение установленного срока легализации имущества.
      10. Отказ в легализации недвижимого имущества осуществляется при несоблюдении требований, предусмотренных статьями 2 и 3 Закона.
      Решение об отказе в легализации недвижимого имущества должно быть мотивированным со ссылкой на нормы действующего законодательства.
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      11. После вынесения решения о легализации недвижимого имущества комиссия принимает меры по оформлению государственными органами и организациями следующих документов: 
      1) технический паспорт на объект недвижимости;
      2) акт приемки объекта в эксплуатацию;
      3) акт на право частной собственности на земельный участок.
      Организационные вопросы по оформлению данных документов возлагаются на комиссию.
      Технический паспорт на легализованный объект недвижимости оформляется республиканскими государственными предприятиями - центрами по недвижимости Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан областей, городов Астаны и Алматы и их филиалами.
      Оформление акта приемки объекта в эксплуатацию осуществляется в порядке, установленном Правилами организации и проведения приемки в эксплуатацию объектов недвижимого имущества, легализованных в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об амнистии в связи с легализацией имущества".
      Оформление акта на право частной собственности на земельный участок осуществляется в порядке, установленном Правилами оформления прав на земельные участки , легализованные в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об амнистии в связи с легализацией имущества".
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 16 апреля 2007 года N 302 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      12. Выдача документов, указанных в пункте 11 Правил по жилым объектам для граждан Республики Казахстан, являющихся субъектами легализации имущества, осуществляется на безвозмездной основе.
      13. Регистрация прав на квартиры, комнаты в общежитиях и иные жилые помещения, составляющие здания (вторичные объекты) осуществляется на основании решения о легализации недвижимого имущества и технического паспорта на объект недвижимости.
      14. По окончании процесса оформления документов, указанных в пункте 11 Правил, комиссия выдает субъекту легализации решение о легализации недвижимого имущества вместе с оформленными документами, с одновременным включением сведений в реестр легализованного имущества по форме согласно приложению 3 к Закону.
      15. Выдача субъекту легализации решения о легализации недвижимого имущества вместе с оформленными документами, указанными в пункте 11 Правил должна быть произведена в срок не позднее двух месяцев со дня обращения в комиссию.
      Сноска. Пункт 15 в редакции - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      16. Информация о легализованном недвижимом имуществе, уплате сбора субъектом легализации и лицах, не являющихся плательщиками сбора представляется в органы, осуществляющие государственную регистрацию прав на недвижимое имущество.
      Сноска. В пункт 16 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

3. Заключительные положения

      17. Субъекты легализации имущества обязаны оформить права на легализованное недвижимое имущество в срок до 1 ноября 2007 года в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 17 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29 ноября 2006 года N 1132 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 16 апреля 2007 года N 302 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      18. Субъекты легализации, легализовавшие недвижимое имущество, вправе распоряжаться указанным имуществом с момента государственной регистрации.
      19. Государственная регистрация прав на легализованное недвижимое имущество осуществляется в порядке, установленном законодательством о государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним.