Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 19 шiлдедегi N 689 және 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 696 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1132 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 19 шiлдедегi N 689  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 27, 283-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ережеде:

      13-тармақтағы "мүлiк" деген сөзден кейiн ", жария ету субъектiсiнiң мүлiктi жария еткенi үшiн алым төлегенi және мүлiктi жария еткенi үшiн алым төлеушiлер болып табылмайтын адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 696  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 27, 287-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiнде:

      3-тармақтағы "2006 жылғы 30 желтоқсанда" деген сөздер "2007 жылғы 1 сәуiрде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) төлеу туралы шешiмдi жария ету субъектiсi дербес қабылдауы тиiс.
      Жария ету субъектiлерi алымды жылжымайтын мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап және жария етiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенге дейiн кез келген уақытта төлейдi.";

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм қабылдайды";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту туралы шешiм қолданыстағы заңнама нормаларына жасалған сiлтемемен дәлелденуге тиiс.";

      11-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Құжаттарды одан әрi қарау" деген сөздер "Жылжымайтын мүлiктi жария ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiсiне арналған техникалық паспортты жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдар ресiмдейдi.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Жария ету субъектiсiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi беру Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген ресiмделген құжаттармен бiрге комиссияға өтінiш жасалған күннен бастап екi айдан кешiктiрмейтiн мерзiмде жүргiзiлуге тиiс.";

      16-тармақтағы "мүлiк" деген сөзден кейiн ", жария ету субъектiсiнiң алым төлегенi және алым төлеушiлер болып табылмайтын адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      17-тармақтағы "1 сәуiрге" деген сөздер "1 шiлдеге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады