Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгi мәні денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005 қаулыларымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі