« "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Мүдделі мемлекеттік органдар жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
N 719 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспар
Денсаулық сақтау ісіндегі ахуалды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық»серпілістің тиімді жолдарының бірі Астана қаласында медициналық кластер құру болып табылады. Медициналық қызметтердің қазіргі заманғы кластерінің міндеттері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне медицина ғылымының жетістіктерін, ауруханалық менеджменттің халықаралық қағидаттары трансфертін, алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар мен стандарттарды енгізу болып табылады.
Астана қаласындағы медициналық кластердің негізі пайдалануға берілетін алты денсаулық сақтау объектісі болуы тиіс: 500 төсектік Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, 300 төсектік Республикалық балаларды оңалту орталығы, ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностика орталығы, жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік Медициналық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты, 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, 180 төсектік Кардиохирургия ғылыми орталығы (бұдан әрі - орталықтар).
Медициналық қызметтер кластерін құру республиканың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ететін Қазақстанға халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жаңа деңгейге көтеруге, медицина ғылымы мен білім беруді халықаралық кеңістікке ықпалдастыруға, жаңа тұрпаттағы медицина кадрларын даярлауға мүмкіндік береді.
Р/с N № |
Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орында-луына жауапты- лар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржы-ландыру көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Жалпы жүйелік іс-шаралар | ||||||
1. |
Мынадай орталықтардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді және құрылысын аяқтауды, жұмыс істейтін инженерлік коммуникация жүйесі (жылумен, энергиямен, сумен жабдықтау) бар объектілерді пайдалануға мемлекеттік қабылдауды, жол салуды, аумақты көгалдандыру мен абаттандыруды қамтамасыз ету: |
Үкіметке ақпарат |
ДСМ (жинақтау), Астана қаласының әкімі, Қаржымині |
2007 жылғы |
17832,0; 6530,7; 6940,3; 7243,7; 6154,2; 6,4* |
Республикалық бюджет |
2. |
Астана қаласы орталықтарының базасында медициналық қызметтер кластерін бірыңғай басқару моделін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу |
Үкіметке ұсыныстар |
ДСМ (жинақтау), БҒМ, Қаржымині, Астана қаласының әкімі |
2007 жылғы 25 шілде |
Болжанбайды |
- |
3. |
Орталықтардағы жұмысқа тарту үшін республиканың, оның ішінде шетелдік клиникаларда дайындықтан өткен жоғары білікті мамандарының деректер банкін құру |
ДСМ-нің бұйрығы |
ДСМ |
2006 жылғы IV тоқсан |
Болжанбайды |
- |
4. |
Денсаулық сақтау жүйесіне медициналық ғылымның жетістіктерін, ауруханалық менеджменттің алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын, медициналық технологиялар мен стандарттарды енгізудің шетелдік тәжірибесіне талдау жүргізу |
Үкіметке есеп |
ДСМ |
2007 жылғы 25 қаңтар |
Болжанбайды |
- |
2. Медициналық қызметтер кластерін құру мен дамыту жөніндегі іс-шаралар | ||||||
5. |
Орталықтардың базасында медицина кадрларын даярлау мен қайта даярлау жөнінде ұсыныстар енгізу |
Үкіметке ұсыныстар |
ДСМ (жинақтау), БҒМ |
Жыл сайын, 25 қаңтар |
Болжанбайды |
- |
6. |
Республиканың денсаулық сақтау жүйесіне орталықтарда пайдаланылатын ауруханалық менеджменттің халықаралық қағидаттарының, алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар мен стандарттардың трансферті жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Үкіметке ұсыныстар |
ДСМ |
Жыл сайын, 25 қаңтар |
Болжанбайды |
- |
7. |
Республиканың медициналық білім беру ұйымдарына орталықтарда пайдаланылатын дипломға дейінгі және кейінгі жаңа технологияларды енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу |
Үкіметке ұсыныстар |
ДСМ |
Жыл сайын, 25 қаңтар |
Болжанбайды |
- |
8. |
Республиканың денсаулық сақтау жүйесіне орталықтарда пайдаланылатын ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарлы әдістемелерін енгізу жөніндегі ұсыныстарды енгізу |
Үкіметке ұсыныстар |
ДСМ (жинақтау), БҒМ |
Жыл сайын, 25 қаңтар |
Болжанбайды |
- |
9. |
Халықаралық мамандарды қатыстыра отырып, медициналық кластерді құру және дамыту тәжірибесімен алмасу жөніндегі конференциялар өткізу |
ДСМ-нің бұйрығы |
ДСМ |
Жыл сайын IV тоқсан |
Болжанбайды |
- |
10. |
Медициналық кластер қызметінің негізгі бағыттары бойынша мынадай тақырыптық блоктарды қамти отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайтында ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету: |
Үкіметке ақпарат |
ДСМ |
2007 жылғы 25 шілде |
Болжанбайды |
- |
*техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге
Ескертпе:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.