"Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 746 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.11.2016 № 696 қаулысымен.

      Ұлттық спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесiн дамыту
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн:
      Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесi саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзiмдi, салааралық
бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының деректерiн
спутниктiк беру желiсiн құру және пайдалану;
      Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде деректердi беру қызметтерiн ұсыну;
      әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге және ақпаратты қорғаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпараттық технологияларды құру;
      деректердi беру саласында ғылымды қажетсiнетiн технологияларды құру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      Қоғамның жарғылық капиталын республикалық бюджет есебiнен
1425000000 (бiр миллиард төрт жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағында көзделген мәселелердi реттеуге бағытталған қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      Қоғамның Жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында оның
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану
құқықтарын Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
агенттiгiне берсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi
21-78-жолмен толықтырылсын:
      "21-78. "Kazsatnet" ҰК" АҚ";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк
пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-1-жолмен толықтырылсын:
      "278-1. "Kazsatnet" ҰК" АҚ";

      3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 377 Қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады