Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украинаның Министрлер Кабинетi арасындағы Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 751 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2006 жылғы 30 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украинаның Министрлер Кабинетi арасындағы Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
       2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украинаның
Министрлер Кабинетi арасындағы Жастар саясаты
саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

(2009 жылғы 23 қазанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украинаның Министрлер Кабинетi (бұдан әрi - Тараптар),
      екi мемлекет халықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және дәстүрлi достық байланыстарды дамытуға өзара ықыласты басшылыққа ала отырып,
      өзара тығыз байланыстар жасауға және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Украинаның жас ұрпақ өкiлдерi арасындағы өзара түсiнiстiктi тереңдетуге жәрдемдесетiнiне сенiм бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар атқарушы билiктiң орталық органдарының, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де үкiметтiк емес ұйымдардың (бұдан әрi - ынтымақтасушы ұйымдар) ынтымақтастығы арқылы жастардың байланыстарын нығайтуға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесетiн болады.

  2-бап

      Тараптар мемлекеттерi ынтымақтасушы ұйымдар арасында тiкелей шарттар жасасу негiзiнде жастар саясаты саласындағы байланыстар мен ынтымақтастықты Тараптар:
      ынтымақтасушы ұйымдар арасында бiрлескен жұмыстар, байланыстар мен өзара алмасулар үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      жастар саясаты саласындағы жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;
      Қазақстан Республикасы мен Украинаның аумағында ортақ бағдарламаларды енгiзуге және жастар мен балалар iс-шараларын (съездер, симпозиумдар, конгрестер, конференциялар, семинарлар, тренингтер, фестивальдер, форумдар, брифингтер, көрмелер, конкурстар, кездесулер) өткiзуге жәрдемдесу арқылы көтермелейтiн және қолдайтын болады.

  3-бап

      Тараптар өзара мүдденi бiлдiретiн мәселелер бойынша делегациялар, ақпараттар алмасуды қоса алғанда, барлық деңгейдегi ынтымақтасушы ұйымдармен тiкелей байланыстарды дамытуға жәрдемдесетiн болады. Ынтымақтасушы ұйымдар арасында тiкелей келiсiмдерге қол жеткiзiлген жағдайда бiрлескен бағдарламалар өткiзiлетiн болады. Бағдарламалардан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуы үшiн оларды өткiзетiн ынтымақтасушы ұйымдар жауапты болады.

  4-бап

      Тараптар балалар мен жастардың жазғы демалысын ұйымдастыру каникул кезеңiнде мектеп оқушылары мен студенттер топтарының алмасулары үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.

  5-бап

      Тараптар мамандардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, балалармен және жастармен жұмыс саласындағы басқа да мамандардың ынтымақтастығын көтермелейдi, сондай-ақ олардың тәжiрибе алмасуына жәрдемдеседi.

  6-бап

      Тараптар кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi қызметтер, жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер орталықтары мен олардың кәмелетке толмағандар мен жастарға психологиялық, заңгерлiк және басқа да көмек көрсететiн мамандандырылған құралымдарымен тәжiрибе алмасады.

  7-бап

      Тараптар жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру, сондай-ақ жастардың тұрғын үй проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламалары саласында тәжiрибе алмасуға жәрдемдеседi.
      Тараптар жастардың еңбек және студенттiк құрылыс жасақтарымен алмасуды көтермелейдi.

  8-бап

      Осы Келiсiмдi сәттi iске асыру мақсатында Тараптар өз мемлекеттерiнiң жастар саясатын қалыптастыру мен iске асыруға жауапты атқарушы билiктiң орталық органдарының өкiлдерiнен бiрлескен комиссия құрады.
      Бiрлескен комиссия ынтымақтастық бағдарламасына және келесi мәжiлiске дейiнгi кезеңге алмасуларды келiсу мен тиiстi тiкелей шартқа қол қою мақсатында Қазақстан Республикасы мен Украинада кезектесiп, әдетте жылына кем дегенде бiр рет мәжiлiс өткiзедi.

  9-бап

      Осы Келiсiммен қамтылған барлық қызмет түрлерi Тараптар мемлекеттерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сай жүзеге асырылуы және сәйкес келуi және Тараптар мемлекеттерiнiң бюджеттерiнде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ мемлекеттердiң заңнамасымен тиым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы тиiс.

  10-бап

      Жастар алмасулары туралы тiкелей шарттар жасасу шеңберiндегi ынтымақтастық өзара қағидаттарда жүзеге асырылады, атап айтқанда:
      жiберушi тарап ез делегациясының iс-шаралар өткiзiлетiн орынға және керi қайту - тасымалдау жөнiндегi шығыстарын, сондай-ақ өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес шетелге шығу кезiнде көзделген сақтандырудың барлық түрлерiне байланысты шығыстарды өзiне алады;
      қабылдаушы тарап өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес, келуi жөнiндегi, орналасуын, тамақтануын, iшкi көлiктiк тасымалдарын қоса алғандағы шығыстарды, сондай-ақ басқа да қажеттi көмектi өздерiне алады.

  11-бап

      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

  12-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн және осы келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.

  13-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен қайшылықтар туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.

  14-бап

      Осы Келiсiм, оның күшiне енуi үшiн Тараптар қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi оның қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi туралы, тиiстi кезеңнiң бiтуiне дейiн алты ай бұрын басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жiбергенге дейiн әркез келесi бес жыл мерзiмге автоматты түрде ұзартылып отырады. Осы Келiсiм әрекетiнiң тоқтатылуы Тараптардың осы Келiсiмнiң ережелерi негiзiнде келiсiлген және оның әрекетi тоқтатылған сәтке аяқталмаған жобалар мен бағдарламаларды орындауға, сондай-ақ осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында жасалған шарттар мен келiсiмдердiң қолданылуына әсер етпейдi.

      2005 жылғы 30 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, сондай-ақ барлық мәтiн бiр-бiрiмен дәлме-дәл.
      Осы Келiсiмдi түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

     Қазақстан Республикасының            Украинаның
         Yкiметi үшiн              Министрлер Кабинетi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады