"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарына белгілi мәдениет қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, ақындардың, дәрiгерлердiң, педагогтардың есiмдерi берiлсiн.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 9 тамыздағы
N 753 қаулысына
1-қосымша
Белгiлi мәдениет қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, ақындардың,
дәрiгерлердiң, педагогтардың есiмдерi берiлген бiлiм беру,
мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының
тiзбесi Алматы облысы бойынша
Алакөл ауданы Екпiндi орта мектебiне - профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi Мәлгеждар Әубәкiровтiң есiмi;
Қапшағай қаласы Шеңгелдi ауылының N 6 орта мектебiне - тарихшы-ғалым Қадырғали Жалайыридың есiмi;
Алакөл ауданы Yшарал қаласының аудандық Мәдениет үйiне - халық әртiсi Зейнеп Қойшыбаеваның есiмi;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Аягөз ауданының N 1 Баршатас орта мектебiне - Оспанқұл Меңаяқұлының есiмi;
Алматы қаласы бойынша
қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына - ҚазКСР-iнiң еңбек сiңiрген дәрiгерi Изатима Жекенованың есiмi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 9 тамыздағы
N 753 қаулысына
2-қосымша
Қайта аталған бiлiм беру ұйымдарының тiзбесi Алматы облысы бойынша
Ескелдi ауданы Матай Байысов ауылының Дзержинский атындағы орта мектебi - халық ақыны Темiрғали Рүстембеков атындағы орта мектеп;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының Октябрь атындағы орта мектебi - Тарбағатай орта мектебi.